• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 21 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы  Нұралы Әбішов аудандық және қалалық мәслихат  төрағаларымен кездесті

20.05.2025
in Басты ақпарат
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы  Нұралы Әбішов аудандық және қалалық мәслихат      төрағаларымен кездесті

Түркістан облыстық мәслихатында Н.Әбішовтың төрағалығымен аудандық, қалалалық мәслихат төрағаларының қатысуымен келелі жиын өтті.

Оқи отырыңыз...

ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

21.05.2025
Өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті 

Өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті 

20.05.2025

«Жасыл даму» АҚ Қазақстандағы бірегей экологиялық өндірісті қолдайды

20.05.2025

Мәслихат төрағасы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының төрағалығымен өткен «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының кезекті отырысында айтылған өзекті мәселелерге тоқталды.

Еліміздегі бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайту және Ассамблеяның саяси-тарихи рөлі жөнінде кеңінен түсіндірді.

Жиынның мақсаты да елдегі ауызбіршілік пен бірлікті сақтау, депутаттық корпустың қоғамдық келісім мен этномәдени бірлестіктермен бірлесе атқаратын жұмыстарын талқылау және дұрыс үйлестіруді жүзеге асыру туралы болды.

Нұралы Әбішов бұл бағытта мәслихат төрағалары мен депуттарының маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

— Халықтың сенімі мен аманатын арқалау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Оған немқұрайлы қарау депутатқа тән қасиет емес. Сондықтан халық қалаулылары барлық істе белсенді болуы тиіс. Себебі әр депутаттың артында оған сенім білдірген сайлаушылары бар. Бір ел — бір мүдде деген сөз тіркесінің өзі осы мағынаны білдіреді. Елдің бірлігі мен ынтымағын бекемдеу әрбір азаматтың парызы, міндеті деп есептеймін. ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен, ҚР Мемлекеттік Кеңесшісі Ерлан Қаринмен болған кездесулерде қоғамдағы этносаяси ахуал, ішкі тұрақтылық, келісім, ынтымақтастық құндылықтарын арттыру туралы айтылды. Біз де бұл бағытта үлкен жауапкершілікті сезінуіміз керек. Сондықтан осы бағыттарда жұдырықтай жұмылып бірге нәтижелі жұмыс жасауға шақырамын, — деді Нұралы Әлмаханұлы.

Сонымен қатар, жиында елді мекендерге атау беру тәртібі, ескерткіштер қою тәртібі, депутаттардың этикасы туралы да айтылды.  Бұл бойынша облыстық мәдениет басқармасы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Нұргүл Жақсылықова, тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау бөлімінің басшысы Омар Жексенбаев және облыстық мәслихат аппаратының басшысы Мақсат Исаев баяндама жасады.

Сондай-ақ, кездесуде аудан, қалалардағы елді мекендерді сапалы электр энергиямен қамту бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен атқарылатын жұмыстарды үйлестіру, депутаттардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Жергілікті өзін-өзі басқару институтының тиімділігін арттыру» атты семинар туралы, кіші футболдан турнир өткізу туралы мәселелер талқыланды.

Түркістан облыстық мәслихаты

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

21.05.2025
Өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті 

Өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті 

20.05.2025
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы  Нұралы Әбішов аудандық және қалалық мәслихат      төрағаларымен кездесті

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы  Нұралы Әбішов аудандық және қалалық мәслихат  төрағаларымен кездесті

20.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған