• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 14 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТ: АРДАГЕРЛЕРГЕ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МЕДАЛЬДАР МЕН КӨЛІК КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

08.05.2025
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТ: АРДАГЕРЛЕРГЕ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МЕДАЛЬДАР МЕН КӨЛІК КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкентте Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында батырлардың ерлігіне тағзым жасалып, құрмет көрсетілді. Бүгінде қалада тек екі жауынгер — Мосунова және Төлепбергенұлы Мұраталы тұрады.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

14.05.2025
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

14.05.2025

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ардагерлерді атаулы күнмен құттықтап, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медальдарын табыстады, Мемлекет басшысы мен ҚР Қорғаныс министрінің атынан құттықтау хаттарын оқыды. Майдангерлердің құрметіне аулаларда жеке шерулер ұйымдастырылды. Әр ардагерге жаңа көліктердің кілттері табысталды.

Нина Егоровна Мосунова 1924 жылы 9 наурызда Ресей Федерациясының Татарстан өңіріндегі Урустамак ауылында дүниеге келген.1942 жылы өз еркімен әскер қатарына алынып, Қазан қаласында телеграфист мамандығын меңгеріп, кейін Горький қаласында осы салада жұмыс істеген.

1943 жылы майдан шебіне аттанып, Можайск маңындағы шайқасқа пулеметші ретінде қатысқан. 36-шы әскери бөлімнің «Зенит» бригадасында қызмет атқарып, радистер бөлімінің командирі болған. Соғыстан кейін Башкириядағы Октябрьск қаласында кассир болып еңбек еткен.

1948 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Шымкент қаласында кітапханашы болып жұмыс істеген. Ал 1967 жылы «КазЮгвзрывпром» мекемесінде хатшы-машинист қызметін атқарды. Жауынгерлік ерлігі үшін «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

Бүгінде Нина Егоровна — бір баланың анасы, екі немеренің әжесі және бес шөберенің ардақты әжесі.

Қос батырдың бірі Мұраталы Төлепбергенұлы 1925 жылы Жаскешу ауылында дүниеге келген.

Жас сарбаз 1943 жылы небәрі 18 жасында қолына қару алған. Соғыс жолы Брест қамалынан басталып, Варшава, Данск, Виссмарк, Биттенберг және Перлеберг секілді қалаларды азат ету шайқастарымен жалғасады. Жауынгер Жеңісті Германияның Биттенберг қаласында қарсы алады. Елге тек 1950 жылы оралды. Майдан даласындағы естеліктер – оның жадында мәңгі сақталып қалды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

14.05.2025
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

14.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған