• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 7 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«Атамекен» ҰКП төрағасы мен Шымкент әкімі отандық өндірушілерді қолдау жайын талқылады

05.05.2025
in Басты ақпарат
«Атамекен» ҰКП төрағасы мен Шымкент әкімі отандық өндірушілерді қолдау жайын талқылады

«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Райымбек Баталов Шымкент қаласының жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесіп, үшінші мегаполистегі бизнестің дамуы, инвестициялық климат туралы талқылады, жеке секторды дамыту бойынша пікір алмасты. Кездесуде отандық өндірушілерді шикізатпен қамту, жеңілдетілген несие сияқты қаржылай қолдау тақырыптары сөз болды. Тараптар, сонымен қатар, қазақстандық компаниялар арасында оффтейк келісімшарттар түзудің де маңызы зор екеніне тоқталды.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

02.10.2025
Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

01.10.2025
«Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің финалистері анықталды

«Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің финалистері анықталды

01.10.2025

Кездесуде, сонымен бірге, ҚР Жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті Ольга Рыпаковамен бірге велоспорт пен жеңіл атлетиканы дамыту туралы сөз қозғалды. Әлемдік «Gran Fondo» шосселік велосайысын Шымкент қаласында өткізу мүмкіндігі қарастырылды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы, ҚР велоспорт Федерациясының президенті Райымбек Баталов пен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек бұдан кейін Шымкент қаласынан Өзбекстан Республикасына дейінгі велошерудің ресми ашылуына қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Райымбек Баталов келесі жылы бұл марафонды халықаралық дәрежеге жеткізу жоспарланып отырғанын айтты.

«Жыл сайынғы дәстүрлі Шымкент-Ташкент веломарафонына қош келдіңіздер! Іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қалалық велоспорт федерациясына, демеушілерге алғыс айтамыз. Ал жиналған қаржының бір бөлігін балалар үйіне аударамыз. Баршаңызға сәттілік тілеймін!», – деді Райымбек Баталов.

Мемлекет тарапынан спортқа қолдау көрсетіліп жатқанына тоқталған Сәрсен Құранбек Шымкентте велоспортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға баса назар аударылып жатқанын атап өтті.

Осылайша 100-ге жуық велоәуесқой Әл-Фараби алаңынан жолға шықты. Велошабандоздар жалпы ұзындығы 125 шақырымнан астам жолды басып өтіп, Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы Жібек жолы кеден бекетінде мәреге жетеді. Велоәуесқойларды полиция және жедел жәрдем қызметі сүйемелдейді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ

07.10.2025
«ЕСКІ ПЛАСТИНКА» АҒА БУЫННЫҢ ЖАНЫН ЖАДЫРАТТЫ

«ЕСКІ ПЛАСТИНКА» АҒА БУЫННЫҢ ЖАНЫН ЖАДЫРАТТЫ

06.10.2025
ПРЕЗИДЕНТ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕН ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ

ПРЕЗИДЕНТ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕН ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ

06.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған