• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 18 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ОБЛЫС ӘКІМІ ОТЫРАРҒА КЕЛДІ

06.04.2025
in Басты ақпарат
ОБЛЫС ӘКІМІ ОТЫРАРҒА КЕЛДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданының тұрғындарымен кездесті. Көшпелі кездесуге келген тұрғындар бірқатар өзекті мәселені көтерді. Өңір басшысы халықтың қойған сұрақтары мен ұсыныс-пікірлеріне жауап беріп, талап-тілегі мен өтініштерін тыңдады. Ауданды дамыту бағытындағы жұмыстар тұрақты жалғасатынын, бұл істе жергілікті әкімдік пен тұрғындар да белсенділік танытуы керек екенін жеткізді.

Оқи отырыңыз...

Ваучерная система: предприниматели и представители госорганов обсудили вопросы и предложения

14.08.2025
Ваучерлік жүйе: кәсіпкерлер мен жауапты органдар түйткілді мәселелерді талқылады

Ваучерлік жүйе: кәсіпкерлер мен жауапты органдар түйткілді мәселелерді талқылады

14.08.2025
Салық кодексіндегі өзгерістер таныстырылды

Салық кодексіндегі өзгерістер таныстырылды

12.08.2025

– Отырар – өзінің бай тарихымен, көне тартпас құндылықтарымен, даңқты перзенттерімен әлем назарын өзіне аударып, ұлттың рухани алтын қазығына айналған аудан. Ауданда алға қойған жобалар мен жоспарлы жұмыстар нәтижелі түрде жүзеге асып келеді. Бүгін өзекті мәселелерді талқылау үшін арнайы келіп тұрмын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жергілікті әкімдіктерге ел экономикасының әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осы міндеттерді орындау бағытында Отырар ауданында былтыр «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 8 елді мекенде құны 1,4 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба іске асырылды. Нәтижесінде Ақтөбе және М.Шойманов елді мекендерінде 150 орындық мәдениет үйлерінің құрылысы, 6 елді мекенде 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шәуілдір ауылындағы жаңа ықшам ауданы табиғи газға қосылды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Аққұм елді мекенінде дәрігерлік амбулатория және Шытты елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өткен жылы 85 млн.теңгеге 13 жоба қаржыландырылып, биыл 670 млн. теңгеге 132 жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2024 жылы 19 маманға 7 млн. теңгеге бірреттік жәрдемақы, 4 маманға 31,4 млн. теңге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді. «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында Шәуілдір ауылындағы 600 орындық мектеп пайдалануға берілді, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

Биыл аудандағы 8 елді мекеннің 23 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қыркүйек айында ел игілігіне беріледі деп көзделген. Ал 2 елді мекенде ауыз су құрылысы жүргізіліп, биылғы жылы пайдалануға берілмек. Ш.Қалдаяқов ауылындағы жабық спорт кешенінің құрылысы 2025 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі.

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстары мен биылғы жылғы жоспары туралы баяндама жасады.

Облыс әкімінің отырарлық тұрғындармен кездесуі жеке қабылдауға ұласты. Өңір басшысының жеке қабылдауында да тұрғындардың өтініштері тыңдалды. Өтініштер хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА ОБЩЕГОРОДСКАЯ АКЦИЯ «ТАЗА ҚАЛА»

17.08.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

17.08.2025
Кассациялық сот – әділетті Қазақстанның айнасы

Кассациялық сот – әділетті Қазақстанның айнасы

17.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған