• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 18 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ НЫСАНДАРЫНА 20 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

31.03.2025
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ НЫСАНДАРЫНА 20 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру шеңберінде Түркістан облысында «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағытында жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының коммуналдық қызметтер секторының инвестициялық тартымдылығын жақсарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағдарлама — тарифтердің, оның ішінде орташа тарифтердің өсуі есебінен инженерлік инфрақұрылымдардың тозу деңгейін алдағы 6-8 жылда 15%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік бермек. Бұл жөнінде Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Ақтілеу Бекмұратов брифингте мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КҮРІШШІЛЕР ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ШАРУАШЫЛЫҚПЕН ТАНЫСТЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КҮРІШШІЛЕР ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ШАРУАШЫЛЫҚПЕН ТАНЫСТЫ

18.08.2025

Ваучерная система: предприниматели и представители госорганов обсудили вопросы и предложения

14.08.2025
Ваучерлік жүйе: кәсіпкерлер мен жауапты органдар түйткілді мәселелерді талқылады

Ваучерлік жүйе: кәсіпкерлер мен жауапты органдар түйткілді мәселелерді талқылады

14.08.2025

«Ивестициялық бағдарлама арқылы «Кентау Сервис» МКК жабдықтарының тозуы деңгейін 80 пайыздан – 60 пайызға дейін төмендету көзделуде. Бүгінгі таңда нысанды модернизациялау және жаңғыртуға 63 млн 828 мың теңге көлемінде инвестициялық бағдарламасы бекітілген. Осы жылы бекітілген инвестициялық бағдарламаға қосымша магистральдық жылу желілерін, 4 кері сорғы станцияларын қайта құру жұмыстары, сондай-ақ, қазандықтарды қайта құру және 81 шақырым ішкі орам жылу желілерін қайта құруға 10 685 009 тенге көлемінде инвестициялық қолдау бекітілді» — деді спикер.

Сонымен қатар, инвестициялық бағдарлама аясында «Түркістан-Су» МКК жаңа тарифтік саясат шеңберінде желілерді қайта құру және жаңғырту жолымен негізгі құралдардың тозуы 15%-ға төмендетілген. Аталған жұмыстарға жергілікті бюджет есебінен 161 млн 637 мың теңге көлемінде қаржы бекітілген.

Департаментпен биыл «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ға қатысты 2022-2023 жылдар аралығындағы мерзімдерге жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізілген. Тексеріс нәтижесінде газ желісіне қосу үшін негізсіз 164 млн тенге алынғаны анықталып, оны тұтынушыларға қайтару қажеттілігі бойынша нұсқама берілген. Сонымен қатар, өңірде 32 табиғи монополия субъектілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық істер қозғалып, нәтижесінде жалпы 20 382 268 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Оның 17 064 083 теңгесі мемлекеттік бюджетке өндірілген.

Бүгінгі таңда «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі Ұлттық жоба қолға алынған. Себебі, елдегі инфрақұрылым желілерінің тозығы жетіп, жаңартудан өткізуді қажет етіп тұрғаны айқын байқалуда. Ұлттық жоба аясында энергетикалық және коммуналдық активтердің тозу деңгейін республика бойынша орта есеппен 40%-ға дейін азайту көзделіп отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КҮРІШШІЛЕР ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ШАРУАШЫЛЫҚПЕН ТАНЫСТЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КҮРІШШІЛЕР ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ШАРУАШЫЛЫҚПЕН ТАНЫСТЫ

18.08.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА ОБЩЕГОРОДСКАЯ АКЦИЯ «ТАЗА ҚАЛА»

17.08.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

17.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған