• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 10 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКІСТАНДА ТАҒЫ 348 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

21.03.2025
in Басты ақпарат
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКІСТАНДА ТАҒЫ 348 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз мейрамы қарсаңында түркістандықтар қуанышқа кенелді. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 348 отбасына «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінен пәтер кілттерін табыстап, тұрғындардың қуанышын бөлісті. Баспана иелеріне ізгі тілегін жеткізіп, халықты тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасатынын айтты.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

📌– Алдымен баршаңызды келе жатқан Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Ұлыс оң болсын! Бүгін біз ерекше қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Өзіміздің бауырларымыз, тұрғындарымыз қоныс тойын тойлайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тұрғындарды баспанамен қамту жұмысын күшейтуді тапсырды. Өңірде осы бағытта ауқымды жұмыс жүруде. 2024 жылы шаһарда 961 отбасы баспаналы болды. 2018-2024 жылдар аралығында кезекте тұрған 3519 тұрғын баспанамен қамтамасыз етілген. Ипотекалық және жеке үйлер де тапсырылуда. Мұның бәрі мемлекеттік қолдаудың нәтижесі. Таяуда еліміздің рухани астанасы – Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілді. Енді қаламыз, облысымыз бұдан да жоғары қарқында дамиды. Ал бүгін, Наурыз мерекесі қарсаңында тұрғындарға жаңа баспаналар табысталуда. Бұл – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолындағы маңызды қадам. Біз алдағы уақытта да тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырамыз. Қоныс тойларыңыз құтты болсын! – деді Нұралхан Көшеров.

✔️Осы күні Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі тарапынан қала аумағынан сатып алынған 5 қабатты 348 пәтерлі 4 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде, 168 баспана көпбалалы отбасыға, 180 пәтер әлеуметтік әлсіз топ санатына жататын азаматтарға табысталды. Аймақ басшысы тұрғындармен бірге жаңа пәтерлерді аралап көрді. Қоныс тойын тойлаған азаматтар қуаныштарымен бөлісіп, алғыстарын білдірді. Баспана кілттерін табыстау рәсімі алдында қолөнер шеберлері мен суретшілер көрмесі өткізіліп, концерттік бағдарламаға ұласты. Киіз үйлер тігіліп, Наурыз мейрамы да атап өтілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған