• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 15 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«Креативті индустрия экономикамызды өркендетуге тың серпін беретініне сенемін», – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

18.03.2025
in Басты ақпарат
«Креативті индустрия экономикамызды өркендетуге тың серпін беретініне сенемін», – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Креативті индустрияны дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі және бұл сала Мемлекет басшысының ерекше назарында. Экономиканың бұл стратегиялық маңызды секторы 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына енгізілген. Негізгі мақсат – саланы қолдауға арналған заңнамалық және институционалдық шараларға, инфрақұрылымды дамытуға, қазақстандық креативті өнімдердің импортын арттыруға бағытталған.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

14.05.2025
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

14.05.2025

Биыл Мемлекет басшысы «Креативті индустрияларды дамыту туралы» Заңға қол қойды. Бұл құжат креативті саланы дамыту бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдардың құзыретін арттыруды қарастырады. Оның мақсаты – креативті индустрия өкілдерінің дамуына жағдай жасау.

Креативті экономиканы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі арнайы шаралар пакетін әзірледі.

Биыл Үкімет жанынан Креативті индустрияларды дамыту қоры құрылмақ. Қордың негізгі міндеті – дарынды азаматтарды табу және қолдау, жобалар мен инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қазақстандық креативті өнімдер мен қызметтердің экспортын алға жылжыту.

Қор халықаралық нарыққа  шығаруға арналған креативті жобаларды дамыту үшін, түрлі қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын конкурс негізінде әзірлеп, іске асыратын болады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Бюджет кодексіне қол қойды. Кодекс аясында ұлттық лотерея операторы сатқан лотерея билеттерінің 3%-ын креативті индустрияны дамытуға бөлу қарастырылған.

Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігі «Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету және ынталандыру қағидаларын бекіту туралы» нормативтік-құқықтық актінің жобасын әзірледі. Бұл құжат креативті индустрия субъектілеріне қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын қарастырады.

Сонымен қатар «e-Creative» деп аталатын креативті индустрия өкілдерінің бірыңғай реестрі құрылмақ. Бұл онлайн-платформа қажетті мамандарды жылдам табуға, креативті индустрия субъектілерінің артуын қадағалауға, сондай-ақ отандық креативті өнімдер мен қызметтерді дамытуға арналған бизнес-процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, креаторлар үшін нетворкинг және тәжірибе алмасу мақсатында 6 өңірде акселерациялық бағдарлама өткізу жоспарланған.

Креативті индустрияны дамытудың басты бағыттардың бірі – креаторларға арналған инфрақұрылым құру. Президент тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның ірі қалаларында креативті хабтар жүйелі түрде ашылып жатыр. Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Түркістан, Шымкент, Атырау, Қызылорда, Петропавл, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Ақтау және Жезқазған қалаларында 12 хаб жұмыс істеп тұр. 2025 жылы тағы 8 хаб ашу жоспарланған.

Креативті өнімдер мен қызметтер – ерекше, жаңашыл әрі адамның құнды еңбегінің жемісі. Мемлекеттің басты міндеті – зияткерлік меншікті қорғау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы бағытта Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) тығыз әріптестік орнатылды: оқыту семинарлары мен тренингтер өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, ДЗМҰ, ҚР Сыртқы істер министрлігі және Әділет министрлігімен бірлесіп, отандық креативті сала өкілдеріне арналған білім беру платформасын іске қосу жоспарлануда.

Креативті тауарлар мен қызметтерді коммерциялауды қолдау мақсатында оларды Қазақстандағы белгілі бір банкке тиесілі маркетплейсте орналастыру туралы келісім жасалды.

2024 жылы Қазақстандағы креативті индустрия саласы бойынша айтарлықтай жетістіктер болды.  Атап айтсақ, ел Global Innovation Index-2024 халықаралық рейтингінде «Креативті тауарлар мен қызметтер» көрсеткіші бойынша 93-орыннан 65-орынға көтерілді. Бұндай серпінді өзгеріс жүйелі жұмыстар мен мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде жүзеге асты.

Министрліктің алғашқы міндеттерінің бірі – креативті сала өкілдерін көлеңкелі экономикадан шығару болды. Осы мақсатта 40 түрлі креативті қызмет арнайы салық режиміне енгізілді. Бұл бизнес барлық салық түрлерінен (КТС, ЖТС, ҚҚС) босатылып, оған бірыңғай салық төлеуге мүмкіндік берді. Атап айтсақ, жеке кәсіпкерлер (ЖК) 2-4%, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (ЖШС) 8% мөлшерде салық төлейді.

Нәтижесінде, салық жеңілдіктерінің арқасында креативті индустрия саласында жұмыспен қамтылғандар саны мен тіркелген субъектілер саны 15%-ға артты, яғни 6 мыңға көбейді. Бүгінгі таңда бұл салада 45 597 субъект жұмыс істейді, онда 135 мың адам еңбек етеді.

2024 жылы Алматы облысында Energo University негізінде Қазақстандағы алғашқы Креативті индустриялар паркі және Астанада Бибігүл Төлегенова атындағы алғашқы креативті мектеп ашылды.

Зияткерлік және шығармашылық ресурстарды қолдау мен оларды коммерцияландыру ұлттық стратегияның ажырамас бөлігіне айналды. Болашақта креативті индустрия экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күшіне айналуы мүмкін. Бұл сала жаңа жұмыс орындарының ашылуына, инновациялардың дамуына, мәдени әралуандыққа, әлеуметтік инклюзияға және тұрақты дамуға ықпал етеді.

Қазақстандық креаторлардың жетістігі ел имиджіне оң әсерін тигізеді. Бұл  саладағы танымал есімдер мемлекеттің жаһандық деңгейде танылуына ықпал етеді. Мысалы, Димаш Құдайберген, Иманбек Зейкенов (DJ Imanbek), режиссерлер Тимур Бекмамбетов, Айсұлтан Сейітов, Әділхан Ержанов, суретшілер Қанат Нұртазин, Ескендір Өтепбаев, Сәуле Сүлейменова сынды есімдерді атауға болады. Олар – әлемдік деңгейде өз өнерімен танымал болған қазақстандық креативті индустрияның жарқын өкілдері.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

14.05.2025
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

14.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған