• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 2 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Туберкулезді қазір емдеу әдістері жеткілікті

28.02.2025
in Денсаулық
Туберкулезді қазір емдеу әдістері жеткілікті

Туберкулез – бұл ежелден белгілі, өкпе мен лимфа түйіндерінде пайда болатын қабынбалы жұқпалы аурулардың бірі және әлемде кең таралған инфекциялардың қатарына жатады. Туберкулез тек өкпені ғана емес, сонымен қатар адамның барлық органдарын – сүйектерді, бүйректерді, ми мен мидың қабығын, теріні, көзді және басқа да органдарды зақымдай алады. Дегенмен, өкпе туберкулезі жиі кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, жыл сайын 10 миллионнан астам адам туберкулезбен ауырады, ал туберкулезбен ауыратын бір науқас 15-20 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Қазіргі медицинаның жетістіктеріне қарамастан, туберкулезбен тиімді күресудің бір жолы – эпидемияға қарсы шараларды жүзеге асыру. Туберкулез аурушаңдығы өлім-жітім құрылымында жетекші орындардың бірін алады, жыл сайын осы аурудан шамамен 4 миллион адам қайтыс болады. Ауру жұқтырудың негізгі көзі – туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқас, яғни сыртқы ортаға микробактерияларды шығаратын адам. Науқас жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлегенде ауада бактериялар таралып, шаңмен бірге еденге, заттарға түсіп, көптеген жылдар бойы тіршілік ете алатын миллиондаған бактерияларды сыртқы ортаға бөледі.

Оқи отырыңыз...

КӘСІБИ МІНДЕТІНЕ АДАЛ, ҮЛГІЛІ МЕЙІРБИКЕ

КӘСІБИ МІНДЕТІНЕ АДАЛ, ҮЛГІЛІ МЕЙІРБИКЕ

28.06.2025
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – ҚОҒАМ ТАҢДАУЫ

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – ҚОҒАМ ТАҢДАУЫ

27.06.2025
ЖҮРЕКТЕРГЕ ҮМІТ СЫЙЛАҒАН ДӘРІГЕР

ЖҮРЕКТЕРГЕ ҮМІТ СЫЙЛАҒАН ДӘРІГЕР

27.06.2025

Туберкулез тек адамдарға ғана емес, сонымен қатар жануарларға да, мысалы, сиырларға, ешкілерге, бұландарға, бұғыларға және түйелерге де әсер етеді. Ауру малдың сүті немесе еті адам үшін жұқпалы аурудың көзі болуы мүмкін.

Науқас адамның өмір сүретін ортасында санитарлық нормалар мен сақтық шараларын сақтау өте маңызды. Егер өкпе туберкулезімен ауыратын адам барлық гигиеналық ережелерді орындаса, онда ол айналасындағыларға қауіпсіз болып есептеледі. Өкпе туберкулезі тұқым қуаламайды, яғни туберкулезбен ауыратын адамдардың балалары сау болып туылады. Дегенмен, егер барлық сақтық шаралары сақталмаса, бала туберкулезді жұқтыруы мүмкін. Туберкулезбен ауыратын адаммен тығыз және ұзақ уақыт қарым-қатынаста болу (тіпті нәрестелер үшін қысқа уақыттың өзі жеткілікті).

Фтизиатрия саласында жаңа дәрілер үнемі пайда болып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, соңғы уақытта алапес сияқты ауруларды емдейтін дәрілер туберкулезге қарсы тиімділігін көрсетті. Алайда, патогеннің көптеген дәрілердің әсерін жоятын қабілеті бар, сондықтан кейбір антибиотиктерді қолданудан бас тартуға тура келді. Бұл ауру адамзат тарихында ұзақ уақыт бойы бар болса да, жаңа препараттарды синтездеу мен жаңа молекулаларды табу процесі жылдарға созылуы мүмкін.

Мысалы, қазіргі уақытта коллапсотерапия әдісі кеңінен қолданылады, оның ішінде жасанды пневмоперитонеум мен жасанды пневматоракс. Бұл ем түрі өкпе тінінің жатып, жиырылуына мүмкіндік береді, осылайша емделуге қолайлы жағдайлар жасалады. Сонымен қатар, соңғы уақытта клапанды бронхоблокация әдісі жиі қолданысқа енгізілуде, мұнда эндоскопист бронхоскопия кезінде бронхқа клапан орнатады, нәтижесінде қуыс кішірейіп, емдеу процесі жылдамдайды. Дегенмен, барлық науқастарға бірдей ем қолдану мүмкін емес, аурудың сатысы міндетті түрде ескеріледі. Біз өз тарапымыздан ДДҰ ұсынған нұсқаулықтарды негізге ала отырып ем жүргіземіз.

Аурудың алдын алу үшін не істеуге болады?

– Біріншіден, жаңа туған нәрестеге БЦЖ екпесін салдыруды ұмытпау. Қазіргі уақытта көптеген адамдар діни себептермен екпеден бас тартуда. БЦЖ инфекциядан қорғамаса да, аурудың асқынуын болдырмауға көмектеседі.

– Екіншіден, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден бас тарту. Алкоголь туберкулезге шалдығу қаупін 3 есе, ал темекі шегу 2 есе арттырады.

– Үшіншіден, физикалық белсенділік пен гигиена ережелерін сақтау. Егер ұзақ уақыт жөтеліп жүрген адамды байқасаңыз, онымен жақын қарым-қатынасқа түспеуге тырысыңыз.

Дегенмен, жоспарланған нәтижеге жетуге болады деп ойлаймын, тек уақыт қажет. Өйткені қазіргі уақытта емдеу әдістері жеткілікті.

Гүлнар ТИЛЕГЕНОВА,

Түркістан облыстық

фтизиопульмонология орталығы

4- ші терапия бөлім меңгерушісі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МЮНХЕНДЕ  ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР  ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

МЮНХЕНДЕ ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

01.07.2025
ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

01.07.2025
ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

01.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған