2025 жылдың 4 ақпанына қараған түні UMC медициналық командасы елде 100-ші донорлық жүрек трансплантациясын сәтті өткізді. Донор 62 жастағы ер адам, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болды, дәрігерлер оның инсульт салдарынан ми өлімін тіркеді. Медициналық мамандармен және трансплантация үйлестірушісімен сөйлескеннен кейін, ер адамның туыстары ағзалардың донорлығына келісім берді. Осылайша күту тізімінен бірнеше пациенттің өмір сүруіне мүмкіндік берді.
Жүрек реципиенті бұрын LVAD қан айналымын қолдайтын механикалық құрылғы имплантацияланған 54 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ер адам болды. Бұл құрылғы «трансплантацияға көпір» болып табылады және жүрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысы бар пациенттерге ағза трансплантациясын күтуге көмектеседі.
«Құрылғыны имплантациялағаннан кейін пациент қажетті дәрі-дәрмектерді қабылдап, тексеруден өтіп жүрді және 4 жыл бойы жүрек трансплантациясын күту парағында болды. Донорлық ағза мен пациенттің үйлесімділігі максималды сәйкестікті көрсетті. Біз пациентке қоңырау шалып, жүрек трансплантациясын жасау мүмкіндігі туралы жаңалықты хабарладық. Ол қуанып, бір уақытта толқып, операцияға дайындалу үшін дереу клиникаға келді», — деп бөлісті UMC Жүрек Орталығының кардиолог дәрігері, LVAD қызметінің жетекшісі Наиль Хисамутдинов.
Алайда, маңызды оқиға медициналық команда үшін сынақсыз өткен жоқ. Елордаға қайтар жолды қалың тұман жауып тастады, соның салдарынан санитарлық авиация ұшағы донордың жүрегімен әуежайға қона алмады. Қала үстінен 20 минут бойы айналып өтіп, Қарағандыға бару туралы шешім қабылданды, өйткені мұндай жағдайларда ағзаны тасымалдау кезінде әр минут құнды.
«Біздің команда ағзаларды трансплантациялау кезінде қолайсыз ауа-райына бұрын да тап болған (Жаңалықтар (heartcenter.kz)), сондықтан біз сабырлы болып, тез әрекет етік. Ұшақ Қарағандыда отырғаннан кейін біз барлық медициналық жабдықтарды жүктеп, жол полициясының сүйемелдеуімен жедел жәрдем машиналарымен Астанаға жолға шықтық. Біз үшін басты мақсат — жүректі сақтап, әріптестеріміз бен пациентіміз күтіп тұрған клиникаға уақытында жету болды», — деді Әсел Медресова, UMC Жүрек Орталығының кардиохирург дәрігері.
Донорлық ағзаны трансплантациялау медициналық орталықтардың, үйлестірушілердің, санитарлық авиацияның, трансплантологтардың және осы процеске қатысқандардың бірлескен командалық жұмысының арқасында сәтті өтті. Қарағанды, Ақмола облыстары мен Астана қаласының жол полициясы қызметкерлерінің донорлық жүректі тасымалдау кезінде сүйемелдеу мен көмек көрсеткен қатысуын ерекше атап өткен жөн. Қазіргі уақытта реципиент қанағаттанарлық жағдайда, ол клиникада қалпына келтіру және оңалтуін жалғастырады.
100-ші донорлық жүрек трансплантациясы екінші мүмкіндікті алған 100 пациенттің өмірін жалғастыруды білдіреді. Әрбір жүрек трансплантациясы — бұл донордың туған-туыстарының жанқиярлық шешімі, медициналық топтардың орасан зор еңбегі, пациентті құтқаруға әрбір қызметкердің қатысуы.
Анықтама
Алғашқы донорлық жүрек трансплантациясы UMC Жүрек Орталығында 2012 жылдың 8 тамызда клиниканың негізін қалаушы Юрий Пя мен Чехиядан келген кардиохирург Ян Пирктің жетекшілігімен жасалды. Бұл оқиға елдегі қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамытудың және азаматтардың қабылдауы мен хабардарлығын өзгертудің бастамасы болды. Жүрек трансплантациясы жасалған алғашқы реципиент отбасымен бірге салауатты және белсенді өмір сүруді жалғастыруда.
University Medical Center баспасөз қызметі