• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 28 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІККЕ ТОЛЫ 30 ЖЫЛ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨТЕТІН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

10.02.2025
in Басты ақпарат
БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІККЕ ТОЛЫ 30 ЖЫЛ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨТЕТІН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Астана қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша жиын өтті.

Оқи отырыңыз...

В Шымкенте прошел семинар, посвященный новому Налоговому кодексу

28.08.2025
Шымкентте жаңа Салық кодексіне арналған семинар өтті

Шымкентте жаңа Салық кодексіне арналған семинар өтті

28.08.2025
Жаңа салық Кодексінің ережелері түсіндірілді

Жаңа салық Кодексінің ережелері түсіндірілді

27.08.2025

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Парламент Сенатының депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшылығы, өңірлердің ішкі саясат/қоғамдық даму басқармаларының, «Қоғамдық келісім» КММ, ҚХА қоғамдық құрылымдарының және республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, сарапшылар қатысты.

Кездесуге қатысушылар мерейтойлық жылдың негізгі жобаларын, іс-шараларын және акцияларын талқылады.

– Ассамблеяның 30 жылдығы аясында еліміз бойынша 400-ден астам ірі іс-шара өтеді. 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында ҚХА-ның 30 жылдығына арналған еліміздің 25 жоғары оқу орны мен сараптамалық орталықтарында БАҚ-та кеңінен жарияланатын 34 ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар қазірдің өзінде барлық өңірлердегі жоғары оқу орындарында өтуде және өткізілмек. Мерейтойлық іс-шаралар 2025 жылдың 1 наурызында (ҚХА құрылған күні) басталады, — деді ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов.

Келелі жиын барысында бейнебайланыс арқылы Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева Ассамблеяның 30 жылдығы аясында өңірде іске асырылатын жоспар, жобаларды таныстырды.

Эльмира Ұласбекқызының айтуынша, мерейлі мерекеге орай облыс әкімдігінің қолдауымен өңірде 58 ірі жоба жүзеге асады. Оның ішінде ел бірлігін нығайтуға серпін беретін бірнеше тележобалар, қоғамдық-көпшілік, спорттық, жастарға арналған ауқымды іс-шаралар бар.

Атап айтар болсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін дәріптеуге, халық арасында кеңінен насихаттауға арналған «Достық мекені», «Өскен өңір», «Жол-жөнекей», «Көзқарас», «Жақсы көрші тынысың», «Жаңа қала» тележобалары, ауылдардың тыныс-тіршілігін, шаруалардың еңбегін, кәсіпкерлердің кәсібін көрсетуді мақсат еткен «ТҮРКІСТАН VIBE» реалити шоуы жүзеге аспақ.

 

Биылғы “Жұмысшы мамандықтар жылына” орай этнос өкілдері арасында еңбек адамдарын насихаттау мақсатында «Елге қызмет», мерекелік «Қазақстан халқы Ассамблеясына — 30 жыл», Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңіс алауы» бейнероликтер топтамасы түсіріледі.

 

Этнос өкілдерінің қатысуымен «Тілге құрмет — елге құрмет», «Ақылды ана — саналы бала», әскери-патриоттық «Жас сарбаз», Ұлттық домбыра күніне орай «Үкілі домбыра» байқаулары жоспарлануда.

 

Мерейтойлық жылға байланысты этнос жастары арасында «Спорт — достық алаңы!», «Шынықсаң шымыр боласың!», «Спорт — достықтың жаршысы!» сайыстары өткізіледі. Этнос өкілдері тығыз шоғырланған Мақтаарал ауданында «Футбол академиясы» ашылады.

 

– Жастарды қолдау — Ассамблеяның негізгі бағыттарының бірі. Әр салада еңбек етіп, жетістіктерге жетіп жүрген жастар туралы «Біздің буын» тележобасы, жастардың қатысуымен «Ой дода», «Кім білгір», «Ақыл-ой» интеллектуалды ойындары, «Мемлекеттік тіл — тәуелсіздік символы» пікірталас алаңы ұйымдастырылады. Өңірдегі этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Офарин», «Сабантой», «Масленица» мерекелік шаралары, «Этностардың тілі, мәдениеті, салт дәстүрлері күні» іс-шарасын өткізетін боламыз. Сонымен бірге, түркі халықтарының әсем әуендері шырқалатын және олардың шығу тарихы насихатталатын «МУЗ-Life» («Turk music»), өнерлі, талантты этнос жастарын қолдауға бағытталған Түркістан Лэнд (TURKISTAN LAND) тележобаларын іске асыру жоспарымызда бар, — деді «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева.

 

Бұдан бөлек, өңірде облыстық Ассамблея жанындағы Аналар кеңестерінің қатысуымен «Ұмай ана» фестивалін өткізілмек. «Салауатты сана» жобасы аясында қоғамдағы бес кеселмен жүйелі күрес жүргізу, оның алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған «Шипа» тележобасы іске асады.

 

Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елтану» мәдени-ағарту жобасы аясында этнос жастарын отансүйгіштік, патриоттық рухта тəрбиелеу және олардың қоршаған ортаға деген қамқорлығын арттыру мақсатында «Тарихи таным», «Достық керуені» экскурсияларын, «Созақтан Түркістанға» жаяу экспедициясын, облыстық Ассамблеяның құрылып, қалыптасуына үлес қосқан азаматтар туралы арнайы кітап шығару жоспарланған.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

28.08.2025

В Шымкенте прошел семинар, посвященный новому Налоговому кодексу

28.08.2025
Шымкентте жаңа Салық кодексіне арналған семинар өтті

Шымкентте жаңа Салық кодексіне арналған семинар өтті

28.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған