«Атамекен» ҚР ҰКП Сайлау комиссиясының 2025 жылғы 3 ақпандағы №8 хаттамасына сәйкес, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.
Өңірлік кеңеске 16 аудандық және 7 салалық кеңестен барлығы 23 адам сайланды. Жаңа құрам 39,1%-ға жаңартылды. Кеңес мүшелерінің 26,1%-ын (6 адам) әйелдер құрайды.
Айта кетейік, Өңірлік кеңеске кандидаттардан өтінімдер 2024 жылғы 18-31 желтоқсан аралығында қабылданды, ал сайлау 2025 жылғы 27-29 қаңтарда өтті. Кеңеске мүше болуға 42 үміткер тіркелді.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев бұл шараның ашық әрі әділ ұйымдастырылғанын атап өтті:
«Сайлау ашық және жабық түрде аралас форматта өтті, Zoom байланыс құралдары арқылы онлайн және офлайн. Дауыс беруге салалық және аудандық кәсіпкерлер кеңестерінің 758 мүшесі қатысты, бұл жалпы кеңес мүшелерінің 78,9%-ын құрайды. Оның ішінде 699 мүше офлайн, 59 мүше онлайн форматта дауыс берді. Бұл сайлау нәтижелерінің заңдылығы мен ашықтығын көрсетеді», — деді ол.
Түркістан облысының Өңірлік кеңесі – бизнесті дамыту және кәсіпкерлерді қолдау бағытында маңызды рөл атқаратын консультативтік орган. Кеңес кәсіпкерлерге ақпараттық, құқықтық және консультациялық көмек көрсетіп, өңірдегі бизнес-климатты жақсартуға арналған бастамалар әзірлейді.
Өңірлік кеңес мүшелерінің тізімі:
1. Әбішов Нұралы Алмаханұлы — «Bokei» ЖШС құрылтайшысы
2. Хабибова Дильдар Эргешовна — «Детский ясли-сад «СОГДИАНА» ЖШС құрылтайшысы
3. Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы — «Қуаныш» ЖШС директоры
4. Айкан Алмагүл Құдайбергенқызы — «AYKAN (АЙКАН)» ЖШС директоры
5. Бейсенбаев Ниязали Құрбанәліұлы — «BNK Group Ltd» ЖШС директоры
6.Колдасов Али-Хасан Молдалиевич — «БАРСАТ» ЖШС бас директоры
7.Халкулов Диас Абдусаттарұлы — Hampton by Hilton Turkistan қонақүй басқарушысы
8.Абдыбекова Перизат Каскырбекқызы — «Тюлькубасский известковый завод» ЖШС директоры
9.Рүстемова Ұлбосын Қаржауқызы – ЖК «Рустемова У.К.»
10.Куртаев Әділжан Сейтжанұлы — «ЖАНСАЯ» ШҚ төрағасы
11.Дүкенбаев Салман Өсербайұлы — «Келешек-С» ЖШС директоры
12.Байғараев Бегімбет Биімбетұлы — «Ақниет-ІІ» ЖШС атқарушы директоры
13.Маженов Сәкен Есмаханұлы – ЖК «Маженов С.Е.»
14.Көшенов Сұлтан Бахытұлы — «CD-Барс» ЖШС құрылтайшысы
15.Мырзабеков Ерболат Калдарұлы — «Ерсұлтан-Агро» ЖШС директоры
16.Пернешов Ғалымжан Райынбекұлы — «Қазақстан Мақта» ЖШС директоры
17.Салимов Алмас Алтайұлы — «КУРОРТ-БАРС 2030» ЖШС директорының орынбасары
18.Ертаев Сырым Махамбетұлы — «Қайып-Ата» ЖШС директорының орынбасары
19.Ислам Мадина — «Барс-Құрылыс» ЖШС бас директоры
20.Серманизов Бахытжан Қыпшақбайұлы — СПК «ХАМИТ» төрағасы
21.Төлебеков Маханбет Шалкарұлы — «Шалкар шыңдары» ЖШС директоры
22.Ералиев Ербол Жолдасбайұлы — «НУРАЛЫЖОЛ-Ж» ШҚ төрағасы
23.Худайбергенов Бауыржан Аманкелдіұлы — «ЮгЭлектроПривод» ЖШС директорының орынбасары.