• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 1 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

САРЫАҒАШТАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ҮЗІЛІСТЕ АСЫҚ ОЙНАЙДЫ

30.01.2025
in Басты ақпарат
САРЫАҒАШТАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ҮЗІЛІСТЕ АСЫҚ ОЙНАЙДЫ

Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты №71 жалпы білім беретін мектебі ұлттық тәрбиеге айырықша көңіл бөліп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде ерекше бастама көтерді. Мектеп ұстаздары оқушылардың қоңырау уақытын пайдалы әрі қызықты өткізу мақсатында ерекше әдіс енгізді. Бұл – ұлттық тәрбиеге негізделген асық ойнау дәстүрі. Мектеп директоры қоңырау уақытында балалармен асық ойнап, ұлттық ойындарды қайта жаңғыртуда. Аталмыш бастама арқылы оқушылардың дәстүр мен мәдениетке деген құрметін арттырып қана қоймай, оларды дәлдік пен ширақ болуға машықтандырады.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1 МЛН ТҮП КӨШЕТ ЕГІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1 МЛН ТҮП КӨШЕТ ЕГІЛЕДІ

31.03.2026

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді  

31.03.2026
КӘСІПКЕРЛІК САЛАДАҒЫ АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ

КӘСІПКЕРЛІК САЛАДАҒЫ АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ

30.03.2026

✔️Мектеп оқушылары 1000-нан аса асық жинап, ұлттық ойынмен айналысуға өздері құлшыныс танытқан. Ұлттық ойын алғаш рет мектепте ұйымдастырылған аудандық әкелер мектебінің жиынында қолдау тапты.

✔️Қазіргі уақытта игі бастама жалғасын тапқан. Мектеп оқушылары үзіліс кезінде де асық ойнап, белсенділігін арттыруда.

📌– Біз балалардың ұлттық құндылықтарға жақын болуын қалаймыз. Асық ойнау тек қызықты ойын ғана емес, сонымен қатар бұл ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған мұра. Осы дәстүрді жаңғырту арқылы оқушыларымызды ұлттық құндылыққа, мәдениетке құрметпен қарауға тәрбиелейміз. Асық ойыны – тұнып тұрған тәрбиенің көзі. Ал білім мен тәрбие қашанда егіз болуы керек, – дейді мектеп директоры Абылай Бердихожаев.

✔️Балаларды ұлттық спорт түріне баулыған мектеп ұстаздары «асық» спорты үшін мектепте арнайы бөлме жабдықтап, үйірме ашуды көздеп отыр. Ұлттық спорттың бұл түрі денсаулыққа тигізер пайдасынан бөлек, оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтады дейді. Бұл бастама ата-аналар мен оқушылардың арасында үлкен қолдау тауып, мектептің ерекшелігіне айналған. Ендігі кезекте мектеп ұжымы ұлттық ойындар тек білім ордасының аумағында ғана емес, балалардың бос уақытында да жалғасып, кеңінен таралады деген сенім білдіріп отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1 МЛН ТҮП КӨШЕТ ЕГІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1 МЛН ТҮП КӨШЕТ ЕГІЛЕДІ

31.03.2026

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді  

31.03.2026
В Алматы и Туркестане строятся новые объекты военной инфраструктуры Национальной гвардии

Алматы мен Түркістанда Ұлттық ұланға арналған жаңа әскери нысандар бой көтеруде

30.03.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған