• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 6 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Тіл мәртебесін көтеру маңызды

28.01.2025
in Басты ақпарат, Құқық-заң
Тіл мәртебесін көтеру маңызды

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – әрдайым маңызды мәселелердің бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін тек сөзбен емес, нақты іс-әрекеттерге көшу қажеттігін атап өтті.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

06.07.2025
Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі 1993 жылғы Конституцияда бекітілді, ал 1997 жылы 11 шілдеде тәуелсіз Қазақстанның Тілдер туралы заңы қабылданды. Қазақ тілі – қазақ халқының рухы. Тіл өткен тарихты ғана емес, бүгінгі күн мен болашақты байланыстыратын құрал болып табылады.

Әрине, тәуелсіз еліміздің болашағы өз тілінде дамумен тығыз байланысты. Біздің міндетіміз – тек тіл меңгеру емес, оны одан әрі жетілдіріп, ұрпақтың санасына сіңіру, әр адамның ана тіліне деген жауапкершілік сезімін оятып, ана тілі үшін күресуге дайын болуын қамтамасыз ету.

Біз – көпұлтты қоғамбыз, және біздің татулығымызды нығайту үшін тұрақтылық пен бірлік аса маңызды. Бұл екі фактор біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады. Ұлттар мен ұлыстарды жақындастыратын, табыстыратын басты құрал – тіл. Сондықтан, тілдерге деген құрмет көрсету, ана тілінде білім алу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету – ел саясатының маңызды басымдықтарының бірі болып табылады және болашақта да солай қалмақ.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында мемлекеттік қызметте белсенді жұмыс жүргізілуде. Барлық шығыс құжаттары мен мемлекеттік мекемелер арасындағы хат алмасу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Іс қағаздары толықтай қазақ тіліне көшірілді. Аталған заңда «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс қағаздарын жүргізу тілі» екені анықталған. Егер әрбір қызметкер осы норманы қатаң сақтаса, мемлекеттік тілдің жағдайы өздігінен жақсарар еді.

Бұл ретте мемлекеттік тілде сөйлеуді заңмен міндеттеудің  маңызы зор. Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметтің басты ұстанымының бірі десек, кімге болса да қазақ тілін меңгеру талабын  күшейткен абзал.

Қазіргі уақытта соттарда қазақ тілінде қаралатын істердің сапасы жақсарып, құжаттар мемлекеттік тілде дұрыс дайындалуда. Барлық шығыс және ішкі құжаттар қазақ тілінде рәсімделеді. Ендігі мақсат – сот процестерін мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшіру. Бұл үшін сотқа жүгінушілердің белсенділігі маңызды, яғни олардың талап арыздарын мемлекеттік тілде жазуы қажет.

Соттар өз тарапынан басқа мемлекеттік мекемелерге сот өндірісіне қатысты барлық хаттар мен құжаттарды мемлекеттік тілде жіберу қажеттілігі туралы хабарламалар жолдап, қазақ тілін кеңінен қолдану мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып тұрады. Алдағы уақытта бұл жұмыстар қажетті нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп сенеміз.

Сот практикасында кейде мынадай жағдайлар кездеседі: мысалы, ұлты қазақ талап қоюшы сотқа талап арызын ресми тілде тапсырады, ал жауапкері де қазақ. Сотқа келгенде тараптардың ешқайсысы орыс тілін білмейді. Орыс тілін білмеген жағдайда, не себепті орыс тілінде талап арыз бергені сұралғанда, адвокат талап қоюшыға арызды орыс тілінде жазып бергенін айтады. Бұл өз кезегінде қиындықтар туғызады. Қазақстан Республикасы Азаматтық Процестік кодексінің 14-бабының 2-бөлігіне сәйкес, істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге болады. Бірақ бұл процесс судьяның уақытын алады. Сот отырысы барысында тараптардың тілді білмейтіні анықталса, аудармашы шақырылады.

Мемлекеттік тіл – барлық қазақстандықтардың ортақ тілі. Тіл – халықтың рухани және мәдени байлығының дамуының құралы, сондықтан қазақ тілі еліміздің барлық азаматтарын біріктірудің мықты негізі болатынына және мемлекеттік тілдің болашағының жарқын екеніне сенеміз.

А.ДЖАНАСОВ,

Шымкент гарнизоны әскери сотының төрағасы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

06.07.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

06.07.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

06.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған