Түркістан облысында мақта нарығына экспорттық тәуелділікті жою, тоқыма-тігін саласын дамыту мақсатында «Мақта шаруашылығын дамытудың және мақта-тоқыма кластерін қолдаудың 2027 жылға дейінгі өңірлік жол картасы» бекітілген болатын. Жол картасына сәйкес, өңірде 9 мақта-тоқыма кластерін құру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 14 мың жұмыс орны ашылып, жыл сайын салық түсімі 26,2 млрд теңге құрайтын болады деп жоспарланған. Аталған жоспардың орындалу барысы облыс әкімдігінде арнайы талқыланды.
✔️Өңір басшысы Нұралхан Көшеров мақта кластерін дамытудың маңызына тоқталып, жауаптыларға жұмысты жандандыруды тапсырды.
📌– Мақта кластеріне қатысты жоспарды тағы да нақтылап, қарап шығыңыздар. Келісілген инвесторлармен байланысты үзбей, жобаларды жүзеге асыруға ықпал етіңіздер. Мақта кластерін дамыту көзделіп отырған аудан әкімдері мен жауапты басқарма басшылары жұмысты күшейтуі тиіс. Екіншіден, мақта алқаптарына су үнемдеу технологияларын енгізуде өңірде ашылған кәсіпорындар тартылуы қажет, – деген Нұралхан Көшеров мақта кластерін қалыптастыруға арналған жобалардың инфрақұрылымын тарту, ұйымдастыру жұмыстарын кешіктірген әкімдерге нақты міндеттер жүктеді.
✔️Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Әлібек Плалов осы бағыттағы жұмыстарды баяндады. Сауран, Ордабасы, Шардара аудандарында бір-бірден және Мақтаарал мен Жетісайда кәсіпорыннан құру жоспарланған. «Turan» арнайы экономикалық аймағында «Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені» ЖШС-нің мақтаны терең өңдеу және дайын өнімді экспорттау көпсалалы нысанының құрылысы басталды. Жаңа қытай технологиясымен 1,2 мың гектарға мақта егілді. Технологияның тиімділігі – суды, энергияны, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, гектарына 60 центнерден өнім алуға мүмкіндік берді.
📌2025 жылы облыс бойынша мақта дақылын 135 мың гектарға орналастыру жоспарланған. Оның ішінде: дәстүрлі тәсілмен – 85 мың гектар, жаңа технологиямен 50 мың гектарға мақта егілмек.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
______________
В ХЛОПКОВО-ТЕКСТИЛЬНОМ КЛАСТЕРЕ БУДЕТ СОЗДАНО 14 ТЫСЯЧ РАБОЧИХ МЕСТ
✔️В Туркестанской области утверждена «Региональная дорожная карта по развитию хлопководства и поддержке хлопково-текстильного кластера до 2027 года» с целью уменьшения зависимости от экспорта и развития текстильно-швейной отрасли. Согласно дорожной карте, в регионе создаются 9 хлопково-текстильных кластеров. В результате будет создано 14 тысяч рабочих мест, а ежегодные налоговые поступления составят 26,2 млрд тенге.
✔️Глава региона Нуралхан Кушеров подчеркнул важность развития хлопкового кластера и поручил ответственным ускорить работу.
📌– Повторно уточните планы по хлопковому кластеру. Не теряйте связь с утвержденными инвесторами и способствуйте реализации проектов. Главы районов и руководители ответственных управлений должны усилить работу по развитию хлопкового кластера. Во-вторых, необходимо привлечь предприятия, открытые в регионе, для внедрения технологий водосбережения в хлопковые поля, – отметил Нуралхан Кушеров, возложив конкретные задачи на тех, кто задерживает инфраструктурные проекты по созданию кластера.
✔️Временно исполняющий обязанности главы сельского хозяйства Туркестанской области Алибек Плалов представил доклад по данному направлению. В Сауран, Ордабасы, Шардаринских районах планируется создать по одному предприятию, а в Мактаарале и Жетысай планируется создание еще двух. В специальной экономической зоне «Turan» начато строительство многофункционального завода «Туркестанского агропромышленного комплекса хлопка», который будет заниматься глубокой переработкой хлопка и экспортом готовой продукции. Посажено 1,2 тысячи гектаров хлопка по новой китайской технологии. Эффективность технологии заключается в экономии воды, энергии, трудовых ресурсов и минеральных удобрений, что позволяет получать 60 центнеров с гектара.
📌В 2025 году планируется посадить 135 тысяч гектаров хлопка по всей области. Из этого 85 тысяч гектаров будут посажены традиционным методом, а 50 тысяч гектаров — с использованием новой технологии.
Пресс-служба акима Туркестанской области