• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 6 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Медиация бұл – дауларды шешудің азаматтар үшін де, сот жүйесі үшінде тиімді жолы

08.01.2025
in Құқық-заң
Медиация бұл – дауларды шешудің азаматтар үшін де, сот жүйесі үшінде тиімді жолы

Қазіргі уақытта қоғамда дауларды медиация арқылы шешу кеңінен таралуда. Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы елімізде дауларды шешудің жаңа баламалы тәсілін енгізіп, соттан тыс реттеу институтын қалыптастырды. Осы заңға сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, қылмыстық, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар қарастырылады. Кәсіби медиатордың көмегімен және ерекше іс жүргізу жағдайында дауларды шешу мүмкіндіктері артады.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

06.07.2025

Әкімшілік істер бойынша процестік мәжбүрлеу шаралары

30.06.2025
ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

26.06.2025

2011 жылдың 28 қаңтарында қабылданған аталған заңда медиацияның жүзеге асырылу принциптері анықталған. Олар – еріктілік, медиация тараптарының теңдігі, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация процесіне араласуға тыйым салу және құпиялылық.

Отбасылық қатынастардан туындайтын дауларды шешуде бітімгершілікке бағытталған бұл әдіс, кейіннен қаржы және еңбек дауларын реттеуде де қолданылды. Нәтижесінде, қазіргі таңда дамыған елдерде азаматтық істердің 30%-дан астамы медиаторлар арқылы қаралатыны, бұл тәсілдің өзектілігін көрсетеді.

Әрине, заңды бұзған немесе қылмыс жасаған адам өз жазасын алу керек, ол заңдылық. Дегенмен, жеңіл болып көрінетін дау немесе жанжалдың тек сотта шешілуі дұрыс емес. Мұндай жағдайлар адамдар арасындағы құрметті азайтып, қатыгездікке әкелуі мүмкін.
Медиация мемлекет үшін маңызды мәселелерді шешуде тараптар арасындағы келіспеушіліктерді оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Ол мәмілеге келу процесін зерттеп, тиімді жолдарын қарастырады. Нәтижесінде, екі тараптың ортақ шешімге қол жеткізуі ықтимал. Бүгінде соттарда қаралатын іс көлемін ескере отырып, медиция арқылы ортақ келісімге келу сот жүйесінің тиімділігін арттыруға септігін тигізетіндігі даусыз.

Қоғамда дауды сотқа жеткізбей шешудің тиімді жолы – медиация әдісі екендігі түсінікті болып келеді. Сонымен қатар, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Азаматтық процестік кодекс те бұл процесті қолдайды. Жаңа кодекске сәйкес, судьяларға медиаторлық өкілеттіктер берілді. Осылайша, азаматтар арыздарын сотқа тапсырған жағдайда да, дауды баламалы түрде шешу мүмкіндігінен айырылмайды. Бұл жағдайда төленген мемлекеттік баж толықтай қайтарылады, сот отырысын күтудің, сот шешімін күту мен заңды күшіне енгенін күту сияқты қиындықтардан босатылады. Ең маңыздысы – материалдық мүдделерді алға тартпай, отбасы мен туыстар арасындағы дауды ушықтырмай, адамгершілік қасиеттерді сақтап, бітімгершілікке қол жеткізу басты мақсат болып табылады.

Соттың тағайындалуы, ал медиатордың таңдалуы – бұл екі түрлі процесс. Сот заңға сәйкес шешім қабылдаса, медиатор тараптардың мүдделерін ескере отырып, бірақ заң шеңберінде әрекет етеді. Сот үдерісі ашық, ал медиация құпиялылықты қамтамасыз етеді, яғни медиатор рәсім барысында алынған ақпаратты тараптардың келісімінсіз жариялай алмайды. Сондықтан медиатордан куәгер ретінде жауап алу мүмкін емес. Медиация тараптардың тең құқықтарын қамтамасыз етеді, сонымен қатар оларға тең міндеттер жүктейді.

Сот істерінің қаралуы кейде бірнеше айға, тіпті жылдарға созылуы мүмкін. Ал медиация әдісі арқылы азаматтар уақыт пен қаржы шығындарын үнемдей алады.

Медиация институтын белсенді түрде насихаттау қажет, себебі бұл – дауларды шешудің азаматтар мен сот жүйесі үшін ең тиімді тәсілі.

Э.ҚАЛЫМБЕТОВА,

Шымкент қаласының

азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

06.07.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

06.07.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

06.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған