• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 6 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы

19.12.2024
in Құқық-заң
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы

Бұл күн 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен сыбайлас жемқорлық мәселесіне назар аудару және халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру мақсатында белгіленді. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні жыл сайын 9 желтоқсанда өткізіледі.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

06.07.2025

Әкімшілік істер бойынша процестік мәжбүрлеу шаралары

30.06.2025
ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

26.06.2025

Сыбайлас жемқорлық – бұл саясат, бизнес, білім беру және басқа да салаларды қамтитын күрделі құбылыс. Ол қоғамның институттарға деген сенімін төмендетіп, дамуға кедергі келтіреді және теңсіздікті арттырады. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні мемлекеттерге, үкіметтерге, ұйымдарға және азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз көзқарастарын ортақтастыруға, сондай-ақ осы саладағы тәжірибе мен идеялармен алмасуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік стратегияның басты бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл жеке тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін білдіреді.

Бұл күннің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлық мәселесіне қоғамның назарын аудару, сондай-ақ оның алдын алу және жаһандық, ұлттық деңгейде күресу шараларын ынталандыру.

Ал, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлықтың туындауынан болатын қауіп-қатерлерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды болдырмау және ашу. Бұл заңда мемлекеттік міндеттерді атқаратын және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдық өкілеттіктерін, мүмкіндіктерін пайдаланып, пайда табу сыбайлас жемқорлық ретінде анықталған.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жемқорлықпен күресудің жолдары анықталып, нақты стратегиялық бағдарламалар мен заңдар қабылданып, белсенді түрде жүзеге асырылуда. Қабылданған шаралардың нәтижелері де байқалуда. Мысалы, қазіргі таңда еліміз цифрлық дәуірге өтіп, мемлекеттік сатып алулар мен қызметтер электронды жүйеге енгізіліп, «Бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылуда.

Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін ең тиімді шаралардың бірі болып табылады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа ұсынған он бағыттың бірі ретінде сыбайлас жемқорлықты жою міндетін атап өтті. Осы бағыттағы жұмыстарды бақылап отырған ресми органдар жоғары сапалы қызмет көрсетіп, нәтижелері көрініс табуда. Жемқорлықпен күрес — бұл бірлескен күш-жігерді талап ететін процесс, әсіресе, мемлекеттік қызметшілердің рөлі ерекше.

Бес жыл бұрын елімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды, ол Президентке тікелей есеп беретін тәуелсіз құқық қорғау органы ретінде қызмет атқаруда. Агенттік 2022 жылы қабылданған бес жылдық тұжырымдама аясында жұмыс істейді. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықпен күресуден гөрі, оның алдын алуға басымдық берілуде.

Қоғамда көптеген өзгерістер орын алды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында адамдар осындай фактілерге қарсы тұру үшін, алдын алу шаралары бойынша осы органға хабарласуда. «1424» Call-орталығы жұмыс істейді, онда хабарламалар қабылданып, қажетті шаралар жүзеге асырылуда. Бұл елімізде жемқорлыққа қарсы күрестің үздіксіз жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Сондықтан, еліміздің дамуы үшін бар күшімізді әділ әрі сапалы орындап, жемқорлық атты кеселден аулақ болуға барлық мемлекеттік қызметшілерді шақырамыз.

Қуанышбек САПАР,

Шымкент қаласының

мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің

бас маман-сот отырысының хатшысы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

06.07.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

06.07.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

06.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған