Бүгін Түркістанда Ұлттық палата мен мемлекеттік органдардың өкілдері кәсіпкерлермен кездесті. Өңірдегі бизнесмендер қордаланған мәселелерін жеткізді.
Жиынға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі Тимур Нахипбеков, облыс әкімі Дархан Сатыбалды, мәслихат депутаттары, өңірлік Кеңес мүшелері, аудандық кәсіпкерлер Кеңесі мүшелері, мемлекеттік органдармен қаржы институт басшылары, және кәсіпкерлер қатысты.
Іс-шараның кездесу алды бағдарламасына сәйкес, облыс әкімі орынбасарларының, құқық қорғау, уәкілетті және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерліктің қырыққа жуық проблемалық мәселелері қаралып, шешу жолдары талқыланды.
Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің «Салық саясаты мен Салық кодексі» тақырыбында баяндамасы, Облыстық прокуратура, ҚР қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша тергеп-тексеру департаменті мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «бизнесті қорғау» бағытында атқарылған жұмыстары бойынша баяндамасы тыңдалды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кәсіпкерлерге мүмкіндіктерді пайдаланып бизнес бастауға және кеңейтуге шақырды:
«Бүгін біз кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары бойынша кері байланыс алып, алдағы жоспарларды талқылау үшін жиналдық. Шағын және орта бизнес – экономикамыздың негізгі драйвері. Осы бағытта көптеген қаржылық, салықтық және инфрақұрылымдық қолдаулар іске асырылуда. Соңғы екі жылда:
• Индустриялық және арнайы экономикалық аймақтарды дамыту арқылы жаңа өндіріс орындары ашылды;
• Шағын өндірістік парктер іске қосылып, кәсіпкерлерге дайын ғимараттар ұсынылуда;
• Бөлшек салық ставкасы 4%-дан 2%-ға төмендеді;
• Кәсіпкерлер үшін 50 млрд теңгеге жеңілдетілген несиелер берілді.
Сонымен қатар, өңірде шетелдік инвестицияларды тарту жұмыстары нәтижесінде 13 жоба іске асырылып, 3 600 жұмыс орны ашылды. Жалпы құны 2,5 трлн теңгеге 145 инвестициялық жоба жоспарлануда. Кәсіпкерлерге инфрақұрылым, қаржылай қолдау мен дайын өндіріс алаңдары бар. Қазір бизнес бастауға және кеңейтуге қолайлы уақыт. Баршаңызды осы мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын», — деді ол.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі Тимур Нахипбеков Ұлттық палата жұмысындағы үлкен өзгерістер жайлы айтып өтті:
«Ұлттық палата цифрлық экожүйенің жаңа моделін әзірледі. Бірыңғай жеке кабинет пен маркетплейс құру ұсынылды. Бұл бизнеске мемлекеттік қолдау мен қызметтерге оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді. «Бір ауыл-Бір өнім» жобасы Республика бойынша 2023-2024 жылдары іріктеліп алынған 138 финалист 700 түрлі өнім шығаруда, үлкен туристтік қалаларда арнайы дүкендер ашу жоспарлануда. Ел бойынша 158 салалық кеңес жұмыс істеп, кәсіпкерлердің мәселелерін шешуде. Соңғы 1,5 жылда заңнамаға енгізілген 1,5 мың түзету бизнес ортаны жақсартуға ықпал етті», — деді ол.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы Нұралы Абишов кәсіпкерліктің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңызды рөлін атап өтті:
«Кәсіпкерлікті дамыту – әрқашан өзекті мәселе. Осы мақсатта жыл сайын облыс әкімі кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырып, нәтижесінде көптеген мәселелер шешімін тауып келеді. Бүгін де дәстүрге сай арнайы жиын өткізіп отырмыз. Басты мақсат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік саласындағы реформаларды талқылау, олардың тиімділігі мен болашағын халыққа түсіндіру, сондай-ақ кәсіпкерлердің проблемаларын шешуге бағытталған жоспарларды белгілеу,» – деді ол.
Кәсіпкерлер палатасының директоры мұндай кездесулер Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытуды ынталандырудың тиімді құралы екенін атап өтті:
«Жүйелі сипаттағы мәселелер шешім табу үшін мемлекеттік органдар деңгейінде көтеріледі. Шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған бағдарламалар басты назарда. Бұл ретте Кәсіпкерлер палатасы бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғай отырып, үлкен қолдау көрсетуде», — деді Асылан Ибадуллаев.
Кездесу барысында өңірдегі кәсіпкерлікті одан әрі қолдау бойынша нақты шараларды жүзеге асырудың шешімдері табылды. Көтерілген мәселелерді «Атамекен» ҰКП және Түркістан облысының әкімдігінің сарапшылары пысықтауға алды.
В Туркестане прошла встреча акима области Дархана Сатыбалды с предпринимателями региона
Сегодня в Туркестане представители Национальной палаты и государственных органов встретились с предпринимателями. Бизнесмены региона поделились насущными проблемами.
На встрече приняли участие заместитель Председателя Правления Национальной Палаты предпринимателей «Атамекен», член Правления Тимур Нахипбеков, аким области Дархан Сатыбалды, депутаты маслихата, члены регионального Совета, члены районных советов предпринимателей, руководители государственных органов и финансовых институтов и предприниматели.
Согласно с предвстречной программой мероприятия, заместители акима области, представители правоохранительных, уполномоченных и местных исполнительных органов рассмотрели около сорока насущных проблемных вопросов предпринимательства и рассмотрели пути их решения.
Заслушаны доклад областного департамента государственных доходов «Налоговая политика и Налоговый кодекс», доклады Областной прокуратуры, департамента расследований по Туркестанской области агентства финансового мониторинга РК и агентства по противодействию коррупции о проведенных работах по направлению «защита бизнеса».
Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды призвал предпринимателей воспользоваться возможностями и начать, а также расширить бизнес:
«Сегодня мы собрались для того, чтобы получить обратную связь по по программам поддержки предпринимателей и обсудить дальнейшие планы. Малый и средний бизнес – основной драйвер нашей экономики. В данном направлении осуществляется финансовая, налоговая и инфраструктурная поддержка. За последние два года:
— Открыты новые рабочие места за счет развития индустриальных и специальных экономических зон;
— введены в эксплуатацию малые производственные парки, предпринимателям предоставляются готовые здания;
— Ставка розничного налога снижена с 4% до 2%;
— Для предпринимателей выдано 50 млрд тенге льготного кредита.
Также в результате работ по привлечению иностранной инвестиции реализованы 13 проектов, открыты 3 600 рабочих мест. Планируются 145 инветсиционных проектов на общую сумму 2,5 трлн тенге.
Для предпринимателей имеются инфраструктурная, финансовая поддержка и готовые производственные площадки. Сейчас благоприятное время для открытия и расширения бизнеса. Всех вас призываю воспользоваться данной возможностью», — сообщил он.
Заместитель Председателя Правления Национальной Палаты предпринимателей «Атамекен», член Правления Тимур Нахипбеков рассказал об изменениях в работе Национальной палаты:
«Национальная палата разработала новую модель экосистемы. Было предложено создание единого личного кабинета и маркетплейса. Это даст возможность бизнесу на легкую доступность к государственным поддержкам и услугам. По проекту «Одно село – один продукт» за 2023-2024 годы по Республике 138 финалистов, прошедшие отбор, выпускают 700 видов продукции, планируется открытие специальных магазинов в больших туристических городах. По стране работают 158 отраслевых советов, которые решают проблемы предпринимателей. 1,5 тысяч поправок, которые внесены в законодательство за последние 1,5 года, оказывают свое влияние на улучшение бизнес среды», — отметил он.
Председатель регионального совета Палаты предпринимателей Туркестанской области Нуралы Абишов остановился на важной роли предпринимательства в социально-экономическом развитии страны и увеличении благосостояния народа.
«Развитие предпринимательства – это всегда актуальный вопрос. В этих целях аким области ежегодно организовывает встречи с предпринимателями, в результаты которых многие проблемы находят свое решение. Вот и сегодня традиционно проводим такую встречу. Главная цель – обсуждение реформ в сфере предпринимательства, которые осуществляются по инициативе Главы государства Касым-Жомарта Кемеловича Токаева, разъяснение народу их эффективности и будущего, а также установление планов, направленных на решение проблем предпринимателей»,- сообщил Н.Абишов.
Как отметил директор Палаты предпринимателей, такие встречи эффективный инструмент в стимулировании развития предпринимательства в Туркестанской области:
«Чтобы проблемы системного характера нашли свое решение, они поднимаются на уровне государственных органов. Актуальные проблемы малого и среднего бизнеса, а также программы, направленные на улучшение инвестиционного климата в регионе, всегда в центре внимания»,- сказал Асылан Ибадуллаев.
В ходе встречи были найдены решения по реализации конкретных мер по дальнейшей поддержке предпринимательства в регионе. Поднятые вопросы поручены специалистам НПП «Атамекен» и акимата Туркестанской области для доработки.