• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 11 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

СОЗАҚ АУДАНЫНА БИЫЛ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

11.12.2024
in Басты ақпарат
СОЗАҚ АУДАНЫНА БИЫЛ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Созақ ауданында 2024 жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 638 млрд 395 млн теңгені құраған. Сондай-ақ, аудан экономикасына 138 млрд 339 млн теңге инвестиция тартылған. Бұл жайында Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.09.2025
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

10.09.2025

«Биыл Созақ ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 14 млрд 852 млн 300 мың теңгені құрап, салаға 1 млрд 315 млн теңге инвестиция тартылған. Ал, егістік жер көлемі 14 638 гектарға жетсе, жаңбырлатып суару әдісі 201 гектарға енгізілген. Бұдан бөлек, биыл ауданда 7 570,4 тонна ет, 6 652,9 тонна сүт, 1 762,8 мың дана жұмыртқа өнімдері өндірілген. Сонымен қатар, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында биыл аудандағы Қаратау, Қарақұр, Сызған және Шолаққорған ауылдық округтері ұсынылып, өндірістік кооперативтер ашылды. Ал, «Жер аманаты» жобасы аясында аудандағы пайдаланылмай жатқан 15 мың гектар жер телімінің 9 021 гектары мемлекет меншігіне қайтарылды»,- деді аудан әкімі.

Аудан басшысының айтуынша, аймақта «Жайлы мектеп» жобасы аясында 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысан құрылысы жыл соңына дейін толық аяқталмақ. Сондай-ақ, «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Шолаққорған ауылында республикалық бюджет есебінен заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы басталып, 2025 жылы пайдалануға тапсырылады. Бұдан бөлек, аудан орталығынадағы Жеткіншек мөлтек ауданынан жалпы 48 пәтер желтоқсан айында қолданысқа берілмек. Алдағы 2025 жылы да Шолаққорған ауылында екі қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі.

Айта кетейік, аудандағы 33 елді мекеннің 29-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бүгінде аудандағы бірнеше елді мекендердің ауыз су құбырларына құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар аяқталған жағдайда аудан халқы 100 пайыз ауыз сумен қамтылмақ. Сонымен қатар, «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында аудандағы 26,1 шақырымды құрайтын 25 көшеге асфальт жабындысы төселді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.09.2025
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

10.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған