• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 18 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА БИЫЛ 90 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ МАҚТА ЖИНАЛҒАН

29.11.2024
in Басты ақпарат
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА БИЫЛ 90 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ МАҚТА ЖИНАЛҒАН

Мақтаарал ауданында 2024 жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 107 млрд теңгені құраған. Оның ішінде, ауыл шаруашылығында — 76,5 млрд теңге, құрылыс саласында — 8 млрд 39 млн теңге, өнеркәсіпте — 10,9 млрд теңге, сауда көлемі — 10,8 млрд теңгені құрады. Бұдан бөлек, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 32,1 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 120,6%-ға орындалған. Бұл жайында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

17.06.2025
Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

Определились лучшие товаропроизводители Шымкента

13.06.2025
Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

13.06.2025

«Биыл Мақтааралдық диқандар 60,6 мың гектар жерге егістік ексе, оның 33,7 мың гектары мақта дақылына тиесілі. Жалпы аудан бойынша 90,4 мың тонна ақ алтын жиналып, орташа өнімділік 26,8 центнерді құрады. Мақтаарал ауданы бойынша 2024-2030 жылдарға жалпы құны 94,1 млрд теңгеге 53 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде, мақта-тоқыма кластерін дамытуда жалпы құны 70 млрд теңгені құрайтын 8 ірі жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде 3 020 адам жұмыспен қамтылады. Тарқата айтсам, «Cotton Мақта» ЖШС тарапынан 2025-2026 жылдар аралығында жылдық қуаттылығы 10 мың тонна болатын жіп иіру фабрикасы салынады. Сонымен қатар, «Global Textile Turkestan» ЖШС тарапынан 13,8 мың тонна жайма өңдеу фабрикасын салу көзделген. «Тulpar textile» ЖШС тарапынан да 2025-2028 жылдары 5 мың тонна жіп иіретін фабрика салынбақ. Сонымен бірге, «Нұрбибі» ЖШС мақта өңдеу зауытын, «Begash» ЖШС тұқым, тамшылатып суғару таспасын өндіру және «Zhybek TextilE» ЖШС жібек өндіру фабрикаларын іске асыруға ниетті»,- деді Бақыт Насырханұлы.

Спикердің сөзінше, аудандағы Үлгілі елді мекенінде «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 600 орындық мектеп жыл соңында пайдалануға беріледі. Ал, Атакент кентіндегі 1500 орындық мектептің құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Сонымен қатар, аудандағы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін 87 тұрғын үй кезекте тұрған отбасыларға жыл соңында табысталмақ. Бұдан бөлек, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 5 медициналық нысанның құрылыс жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданындағы барлық 68 елді мекен 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Сондай-ақ, 68 елді мекеннің 45-і табиғи газбен қамтылған, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 66,1%-ын құрайды. Бұдан бөлек, ауданда «Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы аясында 10 айда 20,7 шақырымды құрайтын 22 көшенің ішкі көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда «Ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс» атты тағылымды кездесу өтті

Түркістанда «Ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс» атты тағылымды кездесу өтті

18.06.2025

Молодёжь Туркестана подаёт пример всей стране!

17.06.2025

Түркістан жастары елге үлгі болуда!

17.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған