Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды» деп белгіленген. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз, біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан тілдік қорымызды үздіксіз жетілдіріп отыру үшін заңдар қабылданып, бағдарламалар жасалған. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейту өз қолымызда. Қазақстанда сот ісін жүргізу тілі қазақ тілінде деп нақты айту қажет. Ендеше, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу үшін ешқандай сөз, дау-дамай туындамауы керек. «Сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі» деген заңның тармағын басқаша түсіндіруге, теріс қабылдауға тырыспайық. Конституциямызда айқындалған мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі ресми тіл болып табылады деген норма да бастапқы мағынасындағыдай айбарлы рөл атқармайды. Сол кездегі жағдайларға тереңірек үңілер болсақ, буыны жаңа қатайып келе жатқан мемлекетіміздің әлеуметтік экономикалық жағдайы, қазақ ұлтының санының аздығы осы заңның кеңірек пайдаланылуына, құқықтық нормасының кеңірек қолданылуына мемлекеттік органдар мен мекемелерден, басқа ұйымдармен кәсіпорындардан сотқа жүгінгенде талап арыздар мемлекеттік тілде емес, яғни, дауласушы тараптардың басым бөлігі сотқа талап арыздарды орыс тілінде беруде. Мемлекеттік органдардың, адвокаттардың, заңгерлердің басым көпшілігі арыздар мен басқа да ресми құжаттарды жазуда түрлі сылтаулармен қазақ тілінен айналып өтуге тырысады. Заң қағидасына сүйене отырып мемлекеттік органдар мен мекемелерден, басқа ұйымдар мен кәсіпорындардан талап арыздарды сотқа мемлекеттік тілде тапсыруды талап етіп, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту қажет.
А.ТЫНЫШТЫҚ,
Шымкент гарнизоны әскери соты әкімшісінің бас маманы.