• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 14 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Қазақстандық борышкерлер қарызы қанша теңгеден асса шетелге шыға алмайды?

27.11.2024
in Басты ақпарат
Қазақстандық борышкерлер қарызы қанша теңгеден асса шетелге шыға алмайды?

Сот әкімшілігінде борышкерлердің елден тыс жерлерге шығуына байланысты түйткілді мәселелер талқыланды, – деп хабарлайды ortalyq.kz. Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқи отырыңыз...

Әркімнің даусы маңызды!

14.02.2026
Айқын нәтиже» пилоттық жобасы: заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту  

Айқын нәтиже» пилоттық жобасы: заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту  

14.02.2026
АРЫСТА «ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА» ШАРАСЫ АЯСЫНДА АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АРЫСТА «ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА» ШАРАСЫ АЯСЫНДА АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.02.2026

Іс-шараға Бас прокуратураның, Әділет және Денсаулық сақтау министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының өкілдері, облыстық және оған теңестірілген соттардың азаматтық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары, Сот әкімшілігі аумақтық департаменттерінің басшылары қатысты.

Жиынды өткізуге атқарушылық құжаттар бойынша борышкерлердің Қазақстаннан тысқары жерлерге шығуына уақытша шектеулерді тоқтата тұру туралы сот орындаушыларының қаулыларына соттардың санкция беру практикасын талдау нәтижелері арқау болды.

– Әдетте, 147 мың теңгеден (40 АЕК) 3 айдан астам өтелмеген қарызы барларға жол жүруге тыйым салынады. Шетелге шығуға шектеулердің тоқтатылуының жалғыз себебі – шетелде емделу қажеттілігі. Талдау нәтижелері көрсеткендей, биылғы 10 ай ішінде сотқа жіберілген 1768 қаулының 867-сі немесе әрбір екіншісіне санкция беруден бас тартылған, – делінген ақпаратта.

Рұқсат беруден бас тарту шетелде емделу қажеттілігі туралы дәлелдердің болмауына және өз елінде емделу мүмкіндігінің болмауына байланысты. Мысалы, тізе жарақатын емдеуге шетелдік емхананың шақыруынан басқа ауруды шетелде емдеу қажеттілігі туралы медициналық құжаттар ұсынылмағандықтан, сот орындаушысының борышкердің жүріп-тұруына уақытша шектеуді тоқтату туралы қаулысына санкция беруден бас тартқан. Сот орындаушылары заңда көзделмеген себептер бойынша (қызметтік іссапарлар, жарыстарға қатысу, жақын туыстарын жерлеу және т.б.) жол жүруге уақытша шектеулерді тоқтату туралы қаулы шығаруға жол берген. Борышкерлер емделу үшін елден тыс жерлерге шығуға негіз ретінде Қазақстанда емдеуге болатын және жиі кездесетін ауруларды (остеохондроз, гастрит, артрит, пульпит және т.б.) көрсеткен. Бұл жағдайға Қазақстанда емдеуге арналған тиісті технологиялар мен жабдықтар жоқ аурулар тізімінің жоқтығы ықпал етіп отыр. Тоқтату мерзімі де реттелмеген. Соның салдарынан борышкерлер, оның ішінде мемлекет бюджеті мен алименттерді қоса алғанда, өтелмеген миллиондаған берешегі бар азаматтар өзіне қатысты шектеулер мен тыйымдарды «айналып өтеді».

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың борышкерлерге қатысты ақпарат алмасу жүйелері бір-бірімен жеткілікті түрде біріктірілмеген. Бұл мәселе де сот орындаушыларына берілген құжаттардың орындалуын бақылауға кедергі келтіреді. Талқылау қорытындысы бойынша осы саладағы кемшіліктер мен олқылықтарды жою жөнінде кешенді ұсыныстар әзірленіп, уәкілетті органдарға жолданды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Digital Almaty өз ауқымын кеңейтіп, республикалық Digital Qazaqstan форумы болып өтеді

Digital Almaty өз ауқымын кеңейтіп, республикалық Digital Qazaqstan форумы болып өтеді

14.02.2026
Digital Almaty трансформируется в республиканский форум Digital Qazaqstan

Digital Almaty трансформируется в республиканский форум Digital Qazaqstan

14.02.2026

Әркімнің даусы маңызды!

14.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған