• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 14 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Мемлекеттік қызметте лудоманияға жол жоқ

27.11.2024
in Басты ақпарат
Мемлекеттік қызметте лудоманияға жол жоқ

Қоғамдағы қауіпті кеселдердің бірі – ол лудомания, яғни құмарпаздық болып тұр. Шын мәнінде, лудомания – бейбіт күнде елдің шырқын бұзып жатқан қатер. Соның кесірінен талай шаңырақ шайқалды. Талай азамат заң бұзып, қылмысқа ұрынды. Құмар ойын үшін қарызға батып, өзіне қол жұмсаған жандар туралы хабарлар, өкінішке орай, күн сайын тарап жатады. Бұл дерт жас ұрпаққа өте үлкен зиян келтіреді. Онлайн-ойындар балалардың күнделікті ермегіне айналып барады. Осыған орай, 2024 жылғы 8 шілдеде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ойын бизнесіне қатысты бірқатар Заңдарға өзгерістер енгізу туралы Заңға қол қойды. Аталған өзгерістер халықтың ойын құмарлығын төмендетуге бағытталған шектеулер мен ыңталдандыру шараларын қамтиды. Құмар ойындарына қатысуға тиым салынған тұлғалардың тізімі кеңейтілді.

Оқи отырыңыз...

Әркімнің даусы маңызды!

14.02.2026
Айқын нәтиже» пилоттық жобасы: заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту  

Айқын нәтиже» пилоттық жобасы: заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту  

14.02.2026
АРЫСТА «ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА» ШАРАСЫ АЯСЫНДА АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АРЫСТА «ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА» ШАРАСЫ АЯСЫНДА АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.02.2026

Соның ішінде, мемлекеттік қызметшілерге де құмар ойындарына қатысуға қатаң тиым салынды. Ол үшін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әс-қимыл туралы ҚР Заңына да өзгерістер енгізіліп, 12-бабындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер тізімі толықтырылып, 2024 жылдың 9 қыркүйегінен бастап күшіне енді. Яғни, келесі мазмұндағы 6) тармақ енгізілді «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.».

Осылайша, алдағы уақытта қызметкер құмар ойындарға қатысып немесе бәс тіккен жағдайда, ол жұмыстан теріс себептермен шығарылатын болады.

Е.ӨЗБЕКОВ,

Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кіірістер департаменті

басшысының орынбасары.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Digital Almaty өз ауқымын кеңейтіп, республикалық Digital Qazaqstan форумы болып өтеді

Digital Almaty өз ауқымын кеңейтіп, республикалық Digital Qazaqstan форумы болып өтеді

14.02.2026
Digital Almaty трансформируется в республиканский форум Digital Qazaqstan

Digital Almaty трансформируется в республиканский форум Digital Qazaqstan

14.02.2026

Әркімнің даусы маңызды!

14.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған