• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 12 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Республикалық ауыл әйелдерінің форумы Астанада 200 делегаттың басын қосты

21.11.2024
in Басты ақпарат
Республикалық ауыл әйелдерінің форумы Астанада 200 делегаттың басын қосты

15 қарашада Астанада Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 200-ден астам ауыл әйелдері көшбасшыларын, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін жинаған 7-ші Республикалық Ауыл әйелдері Форумы өтті. Іс-шара барысында ауылдық аймақтардың тұрақты дамуы, әйелдер мен ауыл кәсіпкерлігі мәселелері талқыланып, гранттық байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

Оқи отырыңыз...

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.09.2025

Форумға мемлекеттік органдардың жетекші өкілдері, оның ішінде Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері қатысып, делегаттармен ашық диалог жүргізді. Форумда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, ауылдық жерлерде «жасыл» технологияларды енгізу және қаржылық қолдау мәселелері сияқты маңызды тақырыптар қарастырылды.

— Мемлекет, бизнес және қоғамдық ұйымдардың ынталы диалогының арқасында бүгінгі күні ауылдағы әйелдер бастамаларын қолдауға бағытталған көптеген перспективалық жобалар іске асырылуда. Бұл әлеуетті тиімді пайдалану маңызды. Осы жерде Форумның оң рөлі ерекше. Форум барысында қалыптасқан идеялар мен бастамалар қатысушыларды жаңа шешімдермен байытып, ауылдағы бірлескен жұмыстардың түрлі бағыттарын нығайтуға септігін тигізетініне сенімдімін, — деп пікір білдірді Қазақстан ауыл әйелдері Форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің IV, V, VI шақырылымдарының депутаты Майра Айсина.

Ауылдағы әйелдер бастамаларын қолдау құралдарының арасында Қазақстанда 12 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан және еліміздің әртүрлі өңірлерінен 110 000-нан астам әйелдерге бизнес негіздерін тегін оқытқан Belesteri немесе «Өсу сатылары» атты әлеуметтік жоба ерекше аталады. Бұл жоба арқылы https://ccb.kz білім алған 7 500-ден астам шағын бизнес құрылып, еліміздің барлық өңірлерінде 10 000-нан астам жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, ауылдағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында «жасыл» технологияларды қолдана отырып, жеке қосалқы шаруашылықтарды ұйымдастыруға арналған оқыту курстары ұсынылуда, ол https://farmerschool.kz платформасы арқылы жүзеге асырылады.

– Belesteri жобасы Қазақстан бойынша әйелдердің экономикалық әлеуетін дамытуға бағытталған, ал Ауыл әйелдері форумы – мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылайтын маңызды алаң, – деп атап өтті «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының директоры Елена Ожго. Олардың бірі – жастарды өнімді еңбекке тарту. Осы мақсатта биыл алғаш рет жастар үшін жаңа білім беру бағдарламасы ұсынылды https://ccb.kz/orken,  сондай-ақ жас жеңімпаздарға конкурс аясында бастауыш қаржылық қолдау ретінде 10 грант бөлінді.

Жоба ең үздік бизнес-идея бойынша бірдей аталған байқаудың жеңімпаздарына қаржылық қолдау көрсетеді. 2012 жылдан бері 150 әйел өз ісін ашу үшін грант алған. Биыл https://ccb.kz жобасында 30 грант қарастырылған, ал өткен жылдары бұл көрсеткіш 20 болған. Форумда алғашқы 14 грант табысталды, қалған 16 грант екінші кезеңнің жеңімпаздарына, байқау қаңтар айында аяқталған соң беріледі.

Форум гранттық байқаудың жеңімпаздарының өнімдерінің көрмесімен қатар өтті. Қатысушылардың арасында мал шаруашылығы өнімдері, ұлттық дәстүрлерде жасалған киімдер мен текстиль кеңінен ұсынылды. Мысалы, тігін өндірістері Құрақ көрпе секілді классикалық бұйымдардан бөлек, ұлттық ою-өрнекпен безендірілген зығыр матадан жасалған киімдер, көшпелілердің этно үлгілері бойынша пастила, ірімшіктен чизкейк торттарын дайындау, балалар мен ересектерге ұлттық нақашта қыш бұйымдарын жасау бойынша курстар ұсынылды.

Форум мен жобаның ұйымдастырушылары – «Жасыл экономикана қолдау және G-Global-ды дамыту Коалиция» заңды тұлғалар бірлестігі және «Әлеуметтік Динамика» қоғамдық қоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат комиссиясының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Форумға және «Өсу сатылары» жобасына қаржылық қолдауды The Coca-Cola Foundation қайырымдылық қоры көрсетеді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Идет отбор призывников на срочную воинскую службу в ряды Службы государственной охраны Республики Казахстан.

Идет отбор призывников на срочную воинскую службу в ряды Службы государственной охраны Республики Казахстан.

11.09.2025
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды іріктеу басталды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды іріктеу басталды

11.09.2025
Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған