Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп, жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы күрес бойынша профилактикалық жұмысты үздіксіз атқарып келеді. Соның бірі облыс орталығындағы «Тұран» сауда орталығының кинотеатрында «Шекер» фильмінің көрсетілімі кезінде ұйымдастырылды.
Фильмді көрсетудің басты мақсаты — жастардың есірткі, оның ішінде «синтетикалық» есірткіні тұтынуға теріс көзқарасын қалыптастыру. Сондай-ақ көрермендерге заңсыз әрекеттерге жоламау туралы ой салуға бағытталды.
Шара барысында тәртіп сақшылары жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, «синтетикалық есірткінің» зияндылығы туралы білуге және оларды қолданудан аулақ болуға шақырды. Көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, естелік сыйлықтар таратты.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі