• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 12 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БАҚ өкілдері «Заречное» кенішіне барды

08.11.2024
in Басты ақпарат
БАҚ өкілдері «Заречное» кенішіне барды

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Түркістан облысының Отырар ауданында орналасқан «ЗАРЕЧНОЕ» БК»  АҚ еншілес кәсіпорнының кенішіне баспасөз турын ұйымдастырды. Іс-шараны өткізуге әлеуметтік желілерде таратылған бейнематериалдар себеп болды, онда автордың айтуынша, өндірістік алаңда технологиялық ерітінділердің төгілуі тіркелген.

Оқи отырыңыз...

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.09.2025

Ұлттық компания мен «ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ өкілдері журналистерге өндірістік нысандарды көрсетіп, ресми түсініктемелер берді. Олар кәсіпорындағы уран шикізаты өндірісінің барлық қалдықтары түріне қарай бөлінетінін және ережеге сәйкес арнайы бөлінген алаңдарда немесе жинақтағыштарда уақытша орналастырылатынын, бұл қоршаған ортаға ықтимал әсерді барынша азайтатынын егжей-тегжейлі айтып берді. Бұрғылау және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті барлық зумпфтар мен шұңқырлар соңынан босатылады және тазартылады. Техникалық ақаулыққа байланысты күкірт қышқылының төгілуі сияқты оқиғалар болған жағдайда, төгілген сұйықтықты оқшаулау және жинау арқылы ластанған учаскенің одан әрі таралуына жол бермеу және шектеу бойынша жедел шаралар қабылданады. Қышқылданған топырақ бейтараптандырылып, зертханалық тексеру жүргізілгеннен кейін экологияға қауіп төндірместен орнына қайтарылады.

«Өз қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ететін кәсіпорын қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың жоғары стандарттарын сақтай отырып, уран өндіреді. Заңнама талаптарына сәйкес, кен орнындағы жұмыстар аяқталғаннан кейін учаске мемлекетке бастапқы түрінде қайтарылады, оны арнайы комиссия растайды. Бұдан басқа, заңнаманың талабы бойынша Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында тарату қорлары құрылған, онда жұмыстар аяқталғаннан кейін аумақты қалпына келтіру және толық қалпына келтіру үшін қаржы қаражаты жинақталады», — деп атап өтті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндірістік қауіпсіздік департаментінің директоры Манас Ысқақов.

Сондай-ақ журналистерге уақытша сақтаудың арнайы жабық алаңында жиналып сақталатын төмен радиоактивті қалдықтарды жіктеу рәсімі көрсетілді. Жинақталғаннан кейін олар жерлеу үшін компанияның аймағынан алыс орналасқан көму орындарына жіберіледі. Бейтараптандырудан өтетін қышқылданған топырақты уақытша орналастыру үшін кәсіпорында жеке алаң да қарастырылған.

«ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ — Отырар ауданындағы жергілікті тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отырған және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес өңірдің негізгі салық төлеушісі болып табылатын жалғыз өндірістік кәсіпорын екенін атап өту маңызды. Компания халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңірдің әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуын қолдауға бағытталған көптеген бастамаларды іске асыруда. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылады: өндірістік учаскелерде экологиялық бақылау, өндірістік және тұтыну қалдықтарын басқару, биоәртүрлілікті сақтау және табиғатқа теріс әсерді азайту бойынша іс-шараларды тұрақты түрде өткізіледі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Идет отбор призывников на срочную воинскую службу в ряды Службы государственной охраны Республики Казахстан.

Идет отбор призывников на срочную воинскую службу в ряды Службы государственной охраны Республики Казахстан.

11.09.2025
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды іріктеу басталды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды іріктеу басталды

11.09.2025
Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған