• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 8 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту

16.10.2024
in Құқық-заң
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту

Біздің мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар аз емес. 2015 жылдың 18 қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» арнайы заң қабылданды, одан бері заман талабына сай оған маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Әсіресе 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін біраз заңнамалар мен стратегиялық бағдарлама қайта қаралып, сол жылдың 2 ақпанында Мемлекет басшысының Жарлығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді. Бұл құжат сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы өзгертуге арналған.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

03.06.2025
Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

03.06.2025
Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

02.06.2025

Бүгінде Қазақстан жемқорлықпен күрес бойынша жаһандық халықаралық актілерге қосылған.

Десек те, бұрынғы жылдарға қарағанда бұл жағынан алға жылжу байқалады. Оған Президенттің тапсырмасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан батыл қадамдардың нәтижесі себеп болды деуге болады. Шенеуніктердің заңсыз байығаны үшін жауапкершілігін енгізу, шетелге шығарылған заңсыз активтерді қайтару сияқты күрделі мәселелердің шешілуі. Мәселен бүгінде 1 триллион теңгеге жуық заңсыз активтер мемлекетке қайтарылды, жалпы декларация мәселесі шешіліп жатыр, заңсыз алынған 10 миллион гектардай жер мемлекетке қайтарылды.

Бүгінде халықтың жемқорлыққа қарсы белсенділігі артып, қазақстандықтар коррупцияға қарсы күреске шақырылды. Сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдар заң бойынша мемлекеттің қорғауында болады, олармен арнайы келісім жасалып, сотта хабарлаушының қорғалуына кепілдік беріледі.

«Қоғамның басты талабының бірі – әділдік пен заң үстемдігін орнату. Бұл жолдағы ең үлкен кедергі – сыбайлас жемқорлық екені сөзсіз. Біз осы қоғамдық кеселді қалайда жеңуіміз керек», деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы бірінші ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен кеңесте. Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел болып қарсы тұруымыз керек деді.

Салауатты, таза және сау ортаны ұстанып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеуміз керек. Ол үшін қарсы атсалысып жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Алдын алуда мемлекеттік органдардың мониторингіне және сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтауға азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың белсенді қатысуы маңызды рөл атқарады. Шешім қабылдау процестеріне азаматтарды қосу және заңдардың орындалуын бақылау басқарудың неғұрлым жауапты және ашық жүйесін жасайды. Әлеуметтік желілердің дамуы жағдайында сыбайлас жемқорлықпен күресті қалың жұртшылыққа танытатындай дәрежеге жеткізу керек.

Сыбайлас жемқорлық жиі шекараларды кесіп өтеді, сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресте халықаралық ынтымақтастық өте маңызды. Ақпарат пен тәжірибе алмасу, сондай-ақ тергеудегі ынтымақтастық трансұлттық сыбайлас жемқорлықты анықтауға және онымен күресуге көмектеседі.

Фаяз ГАНЖИЕВ,

Шымкент қаласының

мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің

аға сот приставы.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

07.06.2025
ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

06.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА АКЦИЯ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ»

06.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған