• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 13 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

КЕНТАУЛЫҚТАР ҚАЛА КҮНІН АТАП ӨТТІ

14.10.2024
in Басты ақпарат
КЕНТАУЛЫҚТАР ҚАЛА КҮНІН АТАП ӨТТІ

Қазақстандағы шағын қалалар санатындағы облыстың қалаларының бірі – Кентау қаласы. Атауы айтып тұрғандай бұл қала кен өндірісіне байланысты пайда болған. Сол Кентау қаласы алпыстан асып, жетпіске таяп қалды. Бүгін кентаулықтар «Қала күні» мерекесін атап өтті.
Қаладағы Шәмші Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында өткен мерекелік шарада қала әкімі Жандос Тасов пен қалалық маслихат хатшысы Қабылан Елеусізов тұрғындарды құттықтап, елге еңбегі сіңген бірқатар азаматтарға “Кентау қаласының құрметті азаматы” атағын тапсырды. Ал қаланың дамуына еселі еңбек еткен азаматтар “Қалаға сіңірген еңбегі үшін” және «Қала жанашыры» төс белгілерімен марапаттады.
“ Кентау — көптеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің тағдырлары тоғысқан, түрлі этностардың қазақ халқымен ынтымақтастықта тіршілік етіп жатқан көрінісін тұрғындардың бірлігі мен тірлігінен байқауға болады. «Төртеу түгел болса төбедегі келеді» демей ме дана халқымыз. Бәріміз күш біріктіріп, ынтымағымыз артқанда ғана қаламыздың абыройы мен мерейі үстем болып, болашаққа қарымды қадам басатынымызға сенімім мол. Табиғаты әсем, тарихы бай қаламыз гүлденіп, көркейе берсін. Сүйікті қаламыздың жайнай түсуінде Сіздердің әрбіріңіздің қосқан үлестеріңіз зор деп білемін. Осындай мерейлі мерекеде әр отбасына құт-береке, мерекелік жақсы көңіл-күй, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін”,- деді қала басшысы Жандос Тасов.
Айта кетейік, Кентау қаласын көгілдір отынмен қамту 86 пайыздан асқан. Қаладағы жол құрылысы қарқын алып көшелердің 87 пайыз жолы асфальтанған. Сондай-ақ, 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Қала көшелерін толықтай жарықтандыру жұмыстары атқарылуда. Жылу орталығындағы қазандықтар да толықтай реконструкциялау жұмыстарынан өтуде.
Мемлекеттік «Ауыл –ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдарда жол құрылысы қарқын алып, Қарнақ ауылында жаңа мәдениет үйі бой көтеруде. Қалада құрылысты қажет ететін көпқабатты аулалардың ішкі жолдары асфальттанып, автобус аялдамалары орнатылды. Қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары үнемі назардан тыс қалмаған.
Салтанатты марапаттау шарасы қала өнерпаздарының әсем әні мен мың бұралған бишілердің биіне ұласты.
Кентау қаласының 69 жылдық мерейтойы қаладағы Ынтымақ алаңында гала-концертпен жалғасты. Концерттік бағдарлама ең алдымен «Кентауым – гүл бағым» әнімен бастау алды. Күздің қоңыр салқынына қарамастан кентаулық тұрғындар қала күнін жоғары деңгейде атап өтуге атсалысты. Көтеріңкі көңіл күймен, жайдарлы жүздерімен кештің сәнін аша түскендей.
Қала тұрғындарын құттықтаған қала басшысы Жандос Тасов әрбір тұрғынның қалаға өлшеусіз қосып жатқан еңбектерін атап, алғыс білдірді. Келешегі кемел – Кентау қаласының дамып, өркендеуінде көптеген жетістіктер орын алатынына сенім білдірді.
Мерекелік концертте қалада туылған атақты ақын-жазушылардың, композиторлардың туындылары орындалды.
Салтанатты кеш соңы от шашуға ұласып, кентаулықтарды ерекше күйге бөледі.

Оқи отырыңыз...

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.09.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

УБОРКУ ЗЕРНОВЫХ ЗАВЕРШИЛИ АГРАРИИ ШЫМКЕНТА

УБОРКУ ЗЕРНОВЫХ ЗАВЕРШИЛИ АГРАРИИ ШЫМКЕНТА

12.09.2025
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ

СОХРАНЕНИЕ И ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ЦЕННОСТЕЙ МИРОВОМУ СООБЩЕСТУ

12.09.2025
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ

12.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған