• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 12 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Мұғалімдердің тәжірибе алмасу семинары өтті

10.10.2024
in Басты ақпарат
Мұғалімдердің тәжірибе алмасу семинары өтті

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында білім беру саласында жайлы мектептер салып, оларды ең озық құрал-саймандармен жабдықтап, оқушыларға барлық жағдайларды жасап қойғанмен мұғалімсіз ондай мектептерде де сапалы білім мен саналы тәрбие беруге қол жеткізу қиын. Өйткені оқушының қандай болып қалыптасуы ұстаздардың біліктілігі мен тәжірибелілігіне тікелей байланысты, деген еді. Түркістан облысында, оның ішінде қалалар мен аудандарда мұғалімдердің білімін жетілдіріп, озақ тәжіртбелерін бөлісіп, насихаттап отыру жақсы жолға қойылған.
2024 жылдың 08 қазан күні Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектептерінің базасында барлық білім беру ұйымдарындағы дефектолог- логопед мамандарымен «Тұтықпасы бар балаларды оқыту әдістемесі» тақырыбындағы аудандық тәжірибе алмасу семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты дефектолог-логопед мамандарының тұтықпасы бар балаларды оқыту алгоритімдерінің тиімді әдістерін көрсету арқылы кәсіби шеберліктерін дамыту.
Аталған аудандық іс-шараға Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» КММ дефектолог-логопед әдіскері М.Мусабаева, Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдіскері Ш.Жанабердиев және 35 логопед, дефектолог мамандары қатысты.
Өткізілген аудандық семинарда «Ұрбұлақ» ЖББМ логопед маманы Нұралдын Айсұлу Құрманғазықызы «Тұтықпа кезінде қолданылатын логопедиялық жұмыстары мен тұтықпаның негізгі белгілері», И.Рыбалко атындағы ЖББМ логопед маманы Айдарбекова Акмаржан Калдарбековна «Тұтықпасы бар балалар мен жүргізілетін түзету жұмыстары», М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының логопед маманы Абдразакова Макпал Сакеновна Сөйлеу мен сенім » Тұтықпаны тоқтатыңыз», Б.Садықов атындағы ЖББМ логопед маманы Балхибекова Жадыра Елубаевна “Тұтықпасы бар балаларды оқыту әдістемесі” тақырыптарында өз жұмыстарын көрсетіп, тәжірибе алмасты.
Семинардың қорытынды бөлімінде Мусабаева Мадина Тельжановна бүгінгі өткізілген сабақтар мақсатқа жету жолында бірнеше әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өмірмен байланыстыра отырып өтілгенін айта келіп, сабақ өтіп өз іс-тәжірибелерімен бөліскен мамандарға алғысын білдіріп, барлық әріптестерді Ұлағатты ұстаздар мерекесімен құттықтады.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері Жаңабердиев Шыңғыс Жетібайұлы осындай тәжірибелік сабақтар алдағы уақытта жоспар аясында өз жалғасын табатынын айтып өтті.
Сабаққа қатысқан логопед, дефектолог мамандар өз пікірлерін айтып, көптеген жақсы жұмыстарды көріп, тәжірибе алмасқандарын айтты.
Түлкібас ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері М.Кулмаганбетованың жылдық жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 08 қазан күні Тұрар атындағы жалпы білім беру мектебінің директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог және сынып жетекші мамандарымен «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу» мақсатында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жұмысы, психологиялық қызметтің диагностикалық бағыттары, жауапты мамандардың алгоритмге сәйкес жұмыс жасалу жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мамандар тарапынан кері байланыс жасалып, ұсыным тілектерін айтып өтті.
Ал, Түлкібас аудандық полиция бөлімі және Жастар ресурстық орталығы, Руханият бөлімі мен бірге аудандық спорт мектебінде өзекті мәселелер бойынша құқық бұзушылықтың және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында есірткіге қарсы зиянды психотроптық, улы заттардан қорғау, алкогольдік ішімдіктерді қолданудың алдын алу, түрлі керағар діни ұйымдардың іс-әрекеттерінен қорғау, жасөспірімдер түнгі уақытта жүру, зорлық – зомбылықтың алдын алу насихаттау бағытында “тәрбиелі қоғам” семинар-тренингі жүргізілді.

Оқи отырыңыз...

Отырардағы жиын: Арыс пен Отырар кәсіпкерлерінің сабыры сарқылды

11.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025
Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Отырардағы жиын: Арыс пен Отырар кәсіпкерлерінің сабыры сарқылды

11.07.2025
ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

11.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған