• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 13 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АТАМНЫҢ АМАНАТЫ

01.10.2024
in Басты ақпарат
АТАМНЫҢ АМАНАТЫ

Соғыс кезінде Нидерландыда қаза тапқан қазақстандықтардың
ұрпақтарын іздестіру Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен
қазақстандық жауынгерлердің дерегін (олардың жалпы саны 271
мыңнан астам) жүйелі іздеу жұмыстары күні бүгінге дейін жалғасуда.
«Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымы осы игі іспен бес жылдан
бері айналысып келеді. Аталған кезеңде оның ресми сайтына
майдангер ұрпақтарынан 9 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Барлығы
4000-ға жуық қазақстандық жауынгердің жерленген орындары мен жеке
басы анықталып, 19 отандасымыздың сүйегі туған жеріне әкелініп,
әскери құрметпен жерленді.
Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 50-ден астам келісімге
қол қойылды. Оның ішінде Нидерланды Корольдігінің «Советтік Даңқ
алаңы» қоры да бар. Аталмыш қордың директоры Ремко Рейдингтің
айтуынша, Голландиядағы «Амерсфорт» концлагеріндегі әскери
тұтқындар арасында қазақтар да болған көрінеді. Ол кейін өз болжамын
дәлелдеді де. «Atamnyn Amanaty» іздестіру тобының көмегімен
голландықтар Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде сол лагерьде қаза
тапқан жауынгердің ұрпақтарын – Алматыда тұратын Баратовтар
отбасын іздеп тапты. Жақында қор өкілдері Голландияда жерленген
тағы тоғыз қазақстандықтың тізімін бізге табыс етті.
Отандастарымыздың аты-жөндері мен басқа да деректерін
жариялау арқылы олардың тікелей ұрпақтары немесе жақын туыстары
табылар деген үміттеміз:
1. Ахметов Сәдуақас, 1916 жылы туған, Қарағанды облысы,
Жаңаарқа ауданы, Жаңа Арқа ауылы. ҚазКСР.
2. Белоусов Иван, 1911/1912 ж.т., ҚазКСР.
3. Боярский Михаил Петрович, 1890/97 жылы туған, Яблоновка
ауылы (Макинка ауылы) немесе Зауралький ауыл советі, Еңбекшілдер
ауданы, Ақмола облысы, ҚазКСР.
4. Буторин Константин Григорьевич, 1909 ж.т.,
Урыл/Катонқарағай, Катонқарағай ауданы, Шығыс Қазақстан обл.
ҚазКСР.
5. Выходцев Федор Алексеевич, 1911/1912 ж.т., Малонарымка
ауылы/Свинчатка ауылы, Ақмола облысы, Семенов ауданы. ҚазКСР.
6. Деревянко Трофим Павлович, 1906 жылы туған, Оңтүстік
Қазақстан облысы, Ленгер ауданы, Ленгер-Уголь. ҚазКСР.
7. Тостанов Сұрғай, 1897/1902 ж.т., «Ақтас» колхозы, Жамбыл
облысы, Красногор ауданы, ҚазКСР.
8. Тягиев А.З, туған жылы белгісіз, ҚазКСР.
9. Тұрамбаев Әділхан, 1917 жылы туған, Ақшығанақ ауылы,
Ақмола облысы Рузаев ауданы, Жаңа-ауыл советі, ҚазКСР.
Байланыс телефондары: 87768284535; 87768284534.
«Atamnyn Amanaty» ҚБ баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз...

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.09.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 28,9 млн тонна мал азығы дайындалды

Қазақстанда 28,9 млн тонна мал азығы дайындалды

13.09.2025
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,4%-ға өсіп, 3,6 трлн теңгеге жетті

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,4%-ға өсіп, 3,6 трлн теңгеге жетті

13.09.2025
В Шымкенте прошел Международный конгресс кардиохирургов

Шымкентте халықаралық кардиохирургтар конгресі өтті

13.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған