• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 15 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

КӨКПАР ОЙЫНЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

01.10.2024
in Басты ақпарат
КӨКПАР ОЙЫНЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақ халқының көне замандардан келе жатқан ұлттық спорттық ойындарының бірі көкпар ұлттық құндылығымызға жататын спорт түрі болып табылады. Ел тәуелсіздігі жарияланған соң көкпар ойыны жедел дамып, республиканың барлық аймақтарына таралды. Бүгінде көкпар ойыны мұхит асып америкалықтардың да делебесін қоздыратын спорт түріне айналып келеді. Ал республикамызда бұл ойын халық арасында үлкен құрметке ие болғаны соншалықты жыл сайын ресми жарыстардан өзге ұйымдар, жекелеген азаматтардың ұйымдастыруларымен де көкпар ойындары өткізіліп, мыңдаған көреремендерді қамтуда.
Қазақтың атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық ойыны – көкпар ойыны Сайрам ауданында да тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Осы орайда, аталған іс-шараларды ұйымдастыру кезінде қоғамдық тәртіпті сақтай отырып, ойынның бекітілген ереже бойынша өткізілуіне айрықша назар аудару қажет.
Тап осы тақырыпты кеңінен талқылау мақсатында аудан әкімінің орынбасары, Сайрам ауданы көкпар федерациясының төрағасы Мадияр Оразалиевтің төрағалығымен жиын өтті. Аталған жиынға ауылдық округ әкімдері, аудандық полиция басқармасының қызметкерлері, округтердегі көкпар төрешілері қатысты. Басқосуда Сайрам ауданынын кокпар федерациясы төрағасының орынбасары Алмас Даулетбақов ұлттық ойынның ұйымдастыру тәртібімен таныстырды.
— Биыл Сайрам аудандық көкпар федерациясында жаппай көкпар ойындары науқанының ашылуына орай, облыстық көкпар федерациясы мен аудандық ішкі істер полициясы басқармасы арасында өзара келісімшарт түзілген болатын. Бұл жерде федерация тарапынан арнайы ережелер үлгісі бекітілген. Алдымен, көкпар өткізуге ниетті азамат Сайрам ауданы көкпар федерациясын хабардар етуі міндетті. Келесі кезекте жергілікті ауылдық округ әкімдігіне жазбаша түрде өтініш жазуы керек. Себебі, осы жазба арқылы жергілікті атқарушы билік өкілдері мен жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерінің тиісті ақпарат алу мүмкіндігі бар. Егер рұқсатсыз көкпар өткен жағдайда тәртіп сақшыларының белгілі мөлшерде салық салуға қақы бар. Сондықтан жаппай көкпар ойындарын Ақсукент, Ақбұлақ, Қарабұлақ, Көлкент, Қарасу ауылдарында орналасқан арнайы атшабарларда өткізу керек. Сондай-ақ, көкпар беретін адам аудандық көкпар федерациясына ұсыныс білдірген соң, оған арнайы куәлігі бар төрешілер бекітіледі. Мұнда кейбір көкпаршылардың «бармақ басты, көз қысты» әрекеттеріне тыйым салынады» — деді.
Айта кетейік, бүгінде ауданымызда 20-ға жуық төреші бар. Олар бірінші кезекте ойынның ережеге сай өткізілуін, қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуын қадағалайды. Сондай-ақ, Алмас Даулетбақов өз сөзінде, төрешілікке ниеті бар азаматтар облыстық көкпар федерациясына оқуға жіберілетінін айтты. Және алдағы уақытта өтетін көкпар ойындарына барша көкпарсүйер қауымның белсене атсалысуларын сұрады.

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы: «Біз Әділетті мемлекет ретінде әр азаматтың ортақ іске пайдалы болатын ұсынысын ескеруіміз керек»

Мемлекет басшысы: «Біз Әділетті мемлекет ретінде әр азаматтың ортақ іске пайдалы болатын ұсынысын ескеруіміз керек»

14.10.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді»

14.10.2025
Мемлекет басшысы: «Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді»

Мемлекет басшысы: «Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді»

14.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған