• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 15 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫНДА ГРАН ПРИ ИЕЛЕНДІ

01.10.2024
in Басты ақпарат

Қазақстанда ұлттық құндылықтарды, рухани-мәдени, өнеріміздегі тұлғаларды қайта жаңғырта отырып қазақстандықтардың отаншылдық, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар аз емес. Аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық өнер байқаулары халықтың өнерге деген ынтасы мен сүйіспеншілігін арттыруда. Сондай айтулы шараның бірі Астана қаласында Халық қаһарманы Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық конкурсы өз мәресіне жетті. Ән додасында Түркістан облысынан қатысқан «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің талантты солисі Жомарт Асыл бас бәйгені еншіледі.
Жалпы 50-ден астам өтінім түсіп, олардың ішінен іріктелген 16 қатысушы қазылар алқасы алдында өнер көрсетті. Екі кезеңнен тұратын ән байқауында қатысушылар классикалық және заманауи туындыларды орындап, шеберліктерін ортаға салды. Байқау Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі, Халық ҚаҺарманы, аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың шығармашылығын кеңінен насихаттауға, ұлттық және әлемдік мәдениеттің үздік дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғыртуға бағытталған.
Сахна сандуғашы Роза Бағланованың құрметіне арналған конкурстың қазылар алқасы қатарында Қазақстан және Қырғыз Республикасының Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, Қырғыз Республикасының Халық әртісі Роза Аманова, Өзбекстанның Халық әртісі Мансур Ташматов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері Нұрлан Абдуллин, Жанна Орынбасарова, Жаннат Бактай және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әлібек Әлмадиев сынды атаулы өнер майталмандары бар. Қазылар алқасы орындаушылардың ерекше дауысын және орындаушылық шеберлігін зор қошеметпен атап өтіп, нағыз музыкалық мерекенің атмосферасын жасаған әр қатысушыға алғыс білдірді.
Айта кетейік, гала-концертте осы конкурстың жеңімпаздары және «Қазақконцерттің» көрнекті өнерпаздары өнер көрсетті. Бағдарламада Роза Бағланованың ұмытылмас әндері мен қазақстандық композиторлардың шығармалары орындалды.

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы: «Біз Әділетті мемлекет ретінде әр азаматтың ортақ іске пайдалы болатын ұсынысын ескеруіміз керек»

Мемлекет басшысы: «Біз Әділетті мемлекет ретінде әр азаматтың ортақ іске пайдалы болатын ұсынысын ескеруіміз керек»

14.10.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді»

14.10.2025
Мемлекет басшысы: «Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді»

Мемлекет басшысы: «Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді»

14.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған