• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 10 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АЭС бойынша референдум: Шымкент қаласында Экологиялық кеңестің отырысы өтті

30.09.2024
in Басты ақпарат
АЭС бойынша референдум: Шымкент қаласында Экологиялық кеңестің отырысы өтті

Оқи отырыңыз...

Түркістан: «Құрылтай-2026» саяси шарасына дайындық жүйелі жүргізілуде

Түркістан: «Құрылтай-2026» саяси шарасына дайындық жүйелі жүргізілуде

09.07.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫТАЙ ТАУАРЛАРЫНЫҢ 21-ШІ КӨРМЕСІНІҢ БАС ҚОНАҒЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫТАЙ ТАУАРЛАРЫНЫҢ 21-ШІ КӨРМЕСІНІҢ БАС ҚОНАҒЫ

09.07.2026
ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК: ТҮРКІСТАНДЫҚ ТАУАРЛАР САУДА СӨРЕЛЕРІНДЕ

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК: ТҮРКІСТАНДЫҚ ТАУАРЛАР САУДА СӨРЕЛЕРІНДЕ

07.07.2026

Отырыс барысында атом электр станциясы жобасының маңыздылығы мен оның ел экономикасына тигізер пайдасы кеңінен талқыланды.

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экологиялық кеңестің отырысы өтті. Жиынға партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Байқонысов, Экологиялық кеңестің төрағасы Жеңіс Тұрғанов және кеңес мүшелері, жас экологтар мен бастауыш партия ұйымының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отырыс барысында атом электр станциясы жобасының маңыздылығы мен оның ел экономикасына тигізер пайдасы кеңінен талқыланды.

Ербол Байқонысов жиынға төрағалық етіп, атом энергетикасы секторын трансформациялаудың маңызды кезеңінде тұрғанымызды атап өтті.

«АЭС құрылысы — Қазақстанның ұзақ мерзімді табысты дамуының кепілі. Барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасының тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл — қауіпсіз, сенімді және экологиялық таза жоба. Біз үлкен таңдау алдында тұрмыз», — деді ол.

Экологиялық кеңестің төрағасы Жеңіс Тұрғанов қоғамда АЭС жобасына байланысты түрлі қауесеттердің тарап жүргенін атап өтті. Ол сондай-ақ, тақырыпқа қатысты туындаған сауалдарға нағыз мамандардан ғылыми дәлме-дәл жауап алу қажеттігін айтты.

«АЭС-тің қоршаған ортаға зиянды екендігі туралы пікірлер бар. Алайда, мамандар АЭС-тің тоқ өндірудің ең тиімді және экологиялық тұрғыда таза тәсілі екенін дәлелдеді», — деді Жеңіс Тұрғанов.

Ол сонымен қатар, қазіргі таңда елімізде энергияның бір бөлігі көмір арқылы өндірілетінін атап өтті.

«Көмір станциялары экологияға орасан зор зиян тигізеді. Ал «күн, су, жел электр станциялары сияқты баламалы жобаларды неге көбейтпеске?» деген сұраққа келер болсақ, бұл жобалар ауа райының құбылмалылығына байланысты тұрақты тоқ көзін қамтамасыз ете алмайды», — деп түсіндірді.

Отырыс барысында АЭС-ке қатысты ресми ақпараттар да айтылды. Қазіргі таңда 30-дан астам елде 415 реактор жұмыс істеп тұр, оның көпшілігі АҚШ, Қытай, Ресей, Франция сияқты дамыған елдерде орналасқан. Ербол Байқонысов «егер АЭС шынымен қауіпті болса, дамыған елдер мұндай станцияларды салмас еді. Керісінше, олар экономикасын дамытып, озық елдерге айналып отыр», — деп ойын түйіндеді.

Одан бөлек, АЭС жобасының құрылыс кезеңі мен технологиялық аспектілері де талқыланды. Жиын соңында қатысушылар атом энергетикасының болашағы, қауіпсіздігі және экологиялық жауапкершілігі туралы пікір алмасты.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ ОРТАША ТАБЫСЫ ОҢ ДИНАМИКА КӨРСЕТУДЕ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ ОРТАША ТАБЫСЫ ОҢ ДИНАМИКА КӨРСЕТУДЕ

09.07.2026
САРАПШЫЛАР БІЛІМ БЕРУ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ САЛАЛАРЫН ДАМЫТУҒА ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ

САРАПШЫЛАР БІЛІМ БЕРУ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ САЛАЛАРЫН ДАМЫТУҒА ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ

09.07.2026
Түркістан: «Құрылтай-2026» саяси шарасына дайындық жүйелі жүргізілуде

Түркістан: «Құрылтай-2026» саяси шарасына дайындық жүйелі жүргізілуде

09.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған