• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 15 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

2000 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР АНЫҚТАЛДЫ

28.09.2024
in Басты ақпарат
2000 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Қазақ даласының қай өңірі болса да археологиялық, тарихи жәдігерлерге бай, адамзат дамуының барлық кезеңдерінің белгілері мен жәдігерлері кездесетін өңірлердің бірі. Бұл дегеніміз, қазіргі сайын даламызда бірнеше мың жылдан бері адамдар қоныстанып, өмір сүріп келе жатқанының айғағы. Соның ішінде талай жылдардан бері Оңтүстік өңірлердегі археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылып жатқан жәдігерлер мен обалардағы архитектуралық нысандар қалдықтары бұл аймақты екі мың жылдан астам уақыт бұрын Қаңлы мемлекетінің тұрғындары мекендегенін айғақтайтын жәдігерлер көптеп табылып жүр.
Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Сілбелітөбе 1 обалы қорымдарында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университетінің Н.П.Подушкин атындағы археология орталығы және Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығы қызметкерлерімен бірлесе отырып, далалық қазба жұмыстарын жүргізді. Археологиялық экспедиция жетекшісі тарих ғылымынығ докторы, профессор А.Н.Подушкин тарихи-мәдени мұраларымызды қорғап әрі сақтап қалу мақсатында Түркістан өңірінде орналасқан Қаңлы кезеңіне тиесілі ескерткіштерді зерттеп, бірнеше жылдан бері қазба жұмыстарын жүргізіп келеді.
Қасқасу ауылы, Сілбелі шатқалындағы барлау жұмыстары барысында Сілбелітөбе 1 обалы қорымдарында жүйесіз 16 қорым, 600 метр шығысқа қарай Сілбелітөбе қонысы орналасқандығы анықталған болатын. Қорымдардың диаметрі 20 метр және биіктігі 2 метрге дейін жетеді. 2019 жылдан бері қазба жұмыстары жүргізілген, биыл жоспарға сәйкес №5,6 обаларға қазба жұмыстары жүргізілді. Обаның пішіні Т-тәрізді, дәліз тереңдігі үш метрге дейін төменге түскен және жерлеу орнының күмбезі бесікке ұқсас келген. Жерлеу орны біздің заманымызға дейінгі бірінші ғасырларға тән. Мұны ғалымдар Қаңлы мемлекетімен байланыстырады.
Қазба жұмыстары барысында №5 обадан бірнеше сүйек қалдықтары мен құмыраның бөліктері табылды. Кіре берісі 50-60 келі болатын таспен жабылған, бірақ анықталғандай обаның өз заманында тоналғанын көруге болады. Ал №6 обада жүргізілген қазба жұмыстары барысында біздің заманымызға дейінгі I ғасырдан біздің заманымыздағы I ғасыр аралығындағы кезеңге жататын тұрмыстық жағдайда пайдаланған құмыра, сонымен қатар ағаштан жасалынған қорамсақ ішіне салынған 5 темір жебе ұштары анықталды. Бұдан бөлек ауыздықты әсемдеу үшін қолданған тілшелі тоға, ауыздық және белдік, аяқ-киімнің айылбас тоғалары табылды.
Сілбелітөбе обалы қорымдарында және жалпы екі ашылған обаның бірегейлігі – археологиялық жасақта алғаш рет жоғарыдан қазба түсірмейтін әдісті қолданылып отыр. Олай жасалған себебі топырақ құрамы ақ сұр түсті қатып қалған цемент қоспасы сияқты берік саздан құралған. Сонымен қоса бұндай жерлеу орындарында сол замандағы пайдаланылған құрал, сайманның ізі де сақталған. А.Н.Подушкиннің жетекшілігімен өткен биылғы археологиялық қазба жұмыстары нәтижелі болды. Алдағы уақыттарда қазба жұмыстары жоспарға сәйкес өз жалғасын таппақ.
Сонымен бірге Үкімет қаулысымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мемлекеттік қорғауға алынды. «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығы енді мемлекеттік қорғауда болады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
Белгілі тарихи ескерткіш – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген алғашқы қазақстандық нысан және ортағасырлық сәулет өнерінің бірегей ескерткіштеріне жатады.
Оның маңыздылығы мен тарихи-мәдени құндылығын ескере отырып, сондай-ақ оның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығын мемлекеттік қорғауға жататын объектілер тізбесіне енгізу туралы шешім қабылдады.
Нысанның қауіпсіздігін ішкі істер органдарының тиісті бөлімшелері қамтамасыз етеді.
Кесене Түркістан қаласында түркі ақыны және сопылық ілімнің негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауи жерленген орында тұрғызылған.
Кесене сегіз бөлмеден тұрады. Олар Тайқазан тұрған ортадағы ең үлкен залды айнала орналасқан. 1385-1405 жылдар аралығында кесененің төңірегіне қосалқы ғимараттар салынған. Бүгінде мұражай-қорық аумағына мешіт, Үлкен және Кіші Ақсарай залдары, кітапхана және шаруашылық кешені: құдық, асхана, тұрғынжайлар (хұжралар) және тағы басқалары кіреді.

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МОЛОДЫЕ КАЗАХСТАНЦЫ ГОРДЯТСЯ РЕПУТАЦИЕЙ СТРАНЫ – РЕЗУЛЬТАТЫ ИССЛЕДОВАНИЯ

МОЛОДЫЕ КАЗАХСТАНЦЫ ГОРДЯТСЯ РЕПУТАЦИЕЙ СТРАНЫ – РЕЗУЛЬТАТЫ ИССЛЕДОВАНИЯ

15.10.2025
АЛАТАУ ҚАЛАСЫ – ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ – ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ

15.10.2025
Мемлекет басшысы: «Біз Әділетті мемлекет ретінде әр азаматтың ортақ іске пайдалы болатын ұсынысын ескеруіміз керек»

Мемлекет басшысы: «Біз Әділетті мемлекет ретінде әр азаматтың ортақ іске пайдалы болатын ұсынысын ескеруіміз керек»

14.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған