• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 15 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

28.09.2024
in Басты ақпарат
БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Мемлекет тарапынан балалар қауіпсіздігі мен оларды қорғау мен қолдау бағытында арнайы саясат жүргізілуде. Мемлекет басшысы Жолдауларында айтып келе жатқандай елімізде бала мен ана қауіпсіздігі, балаларды қорғау мен қолдау бойынша жан-жақты жұмыстар жүрізіліп, жас ұрпақтың еркін де денсаулығы мықты білімді де білікті, тәрбиелі болып өсуін қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып есептеледі. Түркістан облысында осы салаға қатысты жоспарлы жұмыстар тиянақты да тұрақты іске асырылып келеді.
Отырар аудандық білім бөліміне қарасты М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Уақытты ұйымдастыру және өзін-өзі басқару» тақырыбында жаңа форматтағы жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиын қонақтары мен ата-аналарды мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы күтіп алып, жаңа оқу жылындағы жаңалықтарымен бөлісті.
Қонақтарды үйірме жұмыстарымен, қазақтың ұлттық ойындары асық ату, тоғызқұмалақ, шахмат және робототехника заманауи үлгіде жабдықталған STEM кабинетімен таныстырды.
Қазіргі таңда заманауи яғни 3D принтерімен PLA пластик әр түрлі заттардың жасалуын және оқушыларымен LEGO жинағынан бірнеше роботтар құрастырылып бағдарламасы жасалған. «Жас информатик» оқушылар «Arduiho» — мен танысып, алғашқы «Светафор» жобасын жасап көрді. Жиналыс барысында келген ата-аналармен бала арасындағы қарым-қатынасты арттыру, бала тәрбиесіндегі тәжірибемен бөлісу, ата-аналарға позитивті көңіл-күй сыйлау мақсатында психолог Гүлмира Серікбаева тренинг сабақтарын өткізді.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру, уақытты басқару және өзін-өзі басқару, әр отбасындағы бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, оқушылардың жалпы қауіпсіздік ережелері, мектептің ішкі тәртібі мен ережелері және жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Біржан Байысбаев баяндама жасап, ата-аналардың бала алдындағы міндеттері, жалпы оқушылардың қауіпсіздігін сақтау туралы айтты.
Сонымен бірге, Отырар АПБ-нің ЖПҚ ЮПТ полиция аға лейтенанты Бақытжан Қапалбайұлы, қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы белең алып жатқан вейптердің, электроскутерлер, лудомания, құқықбұзушылықтардың алдын алу жөнінде ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасымен «Ақылдым» журналының ұйымдастыруымен Қазығұрт аудандық балалар кітапханасында «Ақылдыммен Ақылдымын» атты акция байқауы өтті.
Дарынды балалар сайысына 13 үміткер қатысты. «Ақылдым» журналының редактоы Бейсенкүл Нарымбетова, облыстық «Фараб» әмбабап ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі Дана Байдаулетова байқауға қазылық етті. Қатысушылар үш кезең бойынша сайысқа түсіп, бақ сынады. Бірінші кезең бойынша «Адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық» тақырыбында эссе жазып сахнада қорғады. Екінші кнзең бойынша балалар жетекшілерінің көмегімен қабырға газетін шығарып, зерттеу жүмыстарын жүргізді. Ал үшінші кезеңі бойынша балалар өздерінің сүйікті шығармалары бойынша сахналық қойылым мен өлең оқып, сахна көркін ажарландыра түсті.
Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлдеге Қызылқия ауылдық кітапханасының оқырманы Нұрақбай Нұрдәулет, 1-орын Жігерген ауылдық кітапханасының жас оқырманы Таңсық Рысай, 2-орынды Қазығұрт аудандық балалар кітапханасының оқырманы Қылышбек Жанару, 3-орынды Қазығұрт аудандық балалар кітапханасының оқырманы Жаппарова Бибінұр иеленді. Ал ынталандыру сыйлығымен Сейтжаппар Айзере, Рыхсыбай Садоқат, Исламбек Асылай мапапатталды. Барлық жеңімпаз балаларға алғыс хат табысталды.
Түркістан Облысының Білім Басқармасы Сарыағаш Ауданының Білім Бөлімі
«№43 Әл Фараби атындағы шағын жинақты негізгі орта білім беретін мектеп» КММ-де 24.09.2024 жылы сағат 10:00-де «Бала қауіпсіздігі — қоғам келешегі» тақырыбында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру жайында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Қандаулетова күн тәртібіндегі негізгі қауіптермен таныстырды:
интернеттегі қауіптер; шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг; балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар; баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін кітаптар мен сайттар; әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар.
Жиналыста оқу жылының басынан бастап барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жүзеге асырылғанын, бағдарламаға сәйкес, оқушылардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында апта сайынғы сынып сағаттары енгізілді. Бұл сабақта жол қозғалысы ережелері, өмір қауіпсіздігі негіздері, оқушылардың жеке қауіпсіздігі, қауіпсіз мінез-құлық ережелері және тағы басқалары қарастырылғанын айтып өтті.

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ФинIQ – қаржылық сауаттылыққа арналған тест

ФинIQ – тест на финансовую грамотность

15.10.2025
ФинIQ – қаржылық сауаттылыққа арналған тест

ФинIQ – қаржылық сауаттылыққа арналған тест

15.10.2025
МОЛОДЫЕ КАЗАХСТАНЦЫ ГОРДЯТСЯ РЕПУТАЦИЕЙ СТРАНЫ – РЕЗУЛЬТАТЫ ИССЛЕДОВАНИЯ

МОЛОДЫЕ КАЗАХСТАНЦЫ ГОРДЯТСЯ РЕПУТАЦИЕЙ СТРАНЫ – РЕЗУЛЬТАТЫ ИССЛЕДОВАНИЯ

15.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған