• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 18 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЕТЕЛДЕРДЕ АРНАЙЫ ТӘЖІРИБЕЛІК КУРСТАРДА БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРЕДІ

18.09.2024
in Басты ақпарат
ШЕТЕЛДЕРДЕ АРНАЙЫ ТӘЖІРИБЕЛІК КУРСТАРДА БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРЕДІ

Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласына ерекше назар аударылып отыр. Мемлекет басшысының бастамасымен «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы енгізілуде. Жайлы мектептерде білім беруде үлкен инновациялық өзгерістер болмақ, ұстаздарды іріктеуге де ерекше мән берілетін болады. Сол сияқты еліміздің білім беру саласына әлемдік білім берудің озық технологиялары, ғылым мен білім жетістіктері енгізілуде. Балаларға білім берудегі ең басты тұлға мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағытында да көптеген жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысы биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деген Жолдауында «Бұдан бөлек, мектептердің жұмысын жақсарту шараларын қолға алған жөн.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлген абзал.
Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет» деп білім саласын реформалаумен қатар педагогтердің біліктілігін көтеруге де наза аударылуын тапсырды.
Еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру ісінде орта білім беру жүйесі өте маңызды рөл атқарады. Осыған орай, Түркістан облысында үздік педагогтерді басшылық қызметке конкурссыз тағайындау үшін 150 адамнан тұратын кадрлық резерв жасақталды.
Алдағы уақытта Түркістан облысы республикада тұңғыш рет 500-ден аса мектеп директорын арнайы менеджмент курсына оқытады. Бұл бастамаға Алматы қаласындағы Абай университеті де өз үлесін қосуға ниет білдіріп отыр.
Бұған дейін Түркістандық ұстаздар мен әдіскерлер Жапонияда «lesson study» әдісі, АҚШ-та «инклюзивті білім беру», Қытайда «техникалық және кәсіптік оқыту» бағыттары бойынша тәжірибе алмасты. Жаңа оқу жылында да осы үрдіс жалғасын тауып, педагогтар Франция, Малайзия, Финляндия, Сингапур елдерінде арнайы тәжірибелік курстардан өтеді. Мұнда «Жайлы мектеп» пен «Мақсатты мектеп» ұстаздарына басымдық беріледі.
Үкімет тапсырмасы бойынша биылғы оқу жылында республикадағы білімі төмен мектептердің тізімі жасалды. Еліміз бойынша анықталған 943 «Мақсатты мектеп» тізімінде өңірде білім сапасы төмен 162 мектеп бар. Ендігі кезекте өңірдегі осы аталған білім ошақтарының білім сапасын жақсарту бойынша жоспар жасалады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда өңірдегі білім беру ұйымдарында 500 мыңнан астам бала білім алады. Бұл – республикадағы әрбір 7-ші оқушы Түркістан облысында деген сөз. Ал жаңа оқу жылында 52 мыңнан астам оқушы 1-сыныпқа қабылданды.

Оқи отырыңыз...

Десять лет успеха: в Шымкенте прошел бизнес-форум деловых женщин

17.10.2025
Жетістікке толы 10 жыл: Шымкентте іскер әйелдердің бизнес-форумы өтті

Жетістікке толы 10 жыл: Шымкентте іскер әйелдердің бизнес-форумы өтті

17.10.2025
«Өтепберген» шаруа қожалығының есебі бұғатталды: мәселе Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бақылауында

«Өтепберген» шаруа қожалығының есебі бұғатталды: мәселе Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бақылауында

17.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Десять лет успеха: в Шымкенте прошел бизнес-форум деловых женщин

17.10.2025
Жетістікке толы 10 жыл: Шымкентте іскер әйелдердің бизнес-форумы өтті

Жетістікке толы 10 жыл: Шымкентте іскер әйелдердің бизнес-форумы өтті

17.10.2025
«Өтепберген» шаруа қожалығының есебі бұғатталды: мәселе Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бақылауында

«Өтепберген» шаруа қожалығының есебі бұғатталды: мәселе Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бақылауында

17.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған