• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 8 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Медиация – жанжалдарды соттан тыс шешу

17.09.2024
in Құқық-заң
Медиация – жанжалдарды соттан тыс шешу

2011 жылғы 28 қаңтарда қабылданған «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы сот жүйесінде дауларды шешудің тиімді әдісін ұсынады. Бұл заң медиацияны ұйымдастыруға қатысты қоғамдық қатынастарды реттеудің тәртібін айқындайды.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

03.06.2025
Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

03.06.2025
Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

02.06.2025

Медиация – тараптардың өзара келісімге келуіне бағытталған және медиатордың көмегімен іске асырылатын дауларды реттеудің әдісі. «Медиация туралы» заңның 1-бабында оның қолдану аясы көрсетілген. Бұл әдіс жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа құқықтық қатынастарда, сондай-ақ, ауыр емес және орташа қылмыстық істерде қолданылады. Ол көбінесе тұрғын үй, еңбек, отбасылық және көршілер арасындағы дауларды шешуге пайдаланылады. Аса ауыр емес қылмыстық істер де сотқа жетпей медиатордың қарауына берілуі мүмкін.

Алайда медиация кейбір жағдайларда қолданылмайды, мысалы, егер дауда үшінші тараптың мүддесі қозғалса немесе мемлекеттік органдар тараптардың бірі болса. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзу жағдайларында медиация қолданылмайды.

Медиацияны дамыту үшін республика бойынша соттар беделді медиаторларды дайындауға үлкен көңіл бөлді. Аудандық, қалалық және облыстық соттар медиация кабинеттерін ашты, ал кәсіби медиаторларды дайындау үшін арнайы оқыту және тренингтер ұйымдастырылды.

Расында, медиация туралы заңның артықшылығы өте көп. Оған тәжірибе барысында азаматтардың да біртіндеп көзі жете бастады. Сот пен медиацияны даралайтын ең бірінші артықшылық, сотта істерді қараудың, таразылаудың арнайы мерзімі бар. Бір істі қарап, шешім шығару бірнеше аптаға, кейде тіпті айға созылуы мүмкін. Ал медиация уақытты үнемдеудің мүмкіндігі. Өзара татуласқан тараптар ортақ келісімге келетіндіктен, сот шешімін күткендей көп уақытын жоғалтпайды.

Екіншіден, сотта істі қарау қаржылық жағынан да қалтаға үлкен салмақ салады. Себебі, сотқа келіп, кету, заңгер жалдау, жұмыстан сұранудың қаржылық қиындық тудыратыны сөзсіз. Ал медиацияда заңгерге кететін қаржы қалтада қалады. Сот процесіне келемін деп жұмыстан сұранудың да, келіп-кетуге қаржы шығындаудың да қажеті жоқ. Сонымен бірге, медиативтік келісімге келген азаматтардың мемлекеттік баж салығы да қайтарылатынын ескергеніміз жөн.

Медиация процесі ерікті түрде жүзеге асырылады, яғни тараптар өзара шешім қабылдап, бұл олардың арасындағы сыйластықты сақтауға ықпал етеді. Ал сот процестерінде екі тарап әрдайым шешімге қанағаттанбай, актілердің орындалуы ұзаққа созылып жатады. Ал медиацияда дауға екі тараптың келісімімен нүкте қойылатындықтан, ортақ келісім шарттарының орындалуы да тез әрі сапалы.

Медиация заңы алғаш қабылданғанда тек кәсіби медиаторларға құзырет берілген болатын. Кейіннен Азаматтық процестік кодекске енгізілген өзгерістер арқылы тараптарды татуластыру судьялар мен адвокаттарға да жүктелді. Нәтижесінде, партисипативтік келісімдер саны да артып келеді.

Бұл шаралардың барлығы сот жүйесінде дауларды сотсыз шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, тараптарды татуластырудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

А.РУСТЕМОВА,

Шымкент қаласы

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

07.06.2025
ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

06.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА АКЦИЯ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ»

06.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған