• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 11 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Әкімшілік реформа – сот жүйесі ғана емес, қарапайым азаматтар үшін де тиімді

16.09.2024
in Құқық-заң
Әділдік орнаған жерде дау туындамайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында, дауларды шешудің жаңа тәсілі ретінде әкімшілік әділет жүйесін енгізуді тапсырған болатын. Осыған сәйкес, 2021 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) күшіне енді.
ӘРПК-нің негізгі мақсаты – азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды тиімді шешу. Бұл заң қарапайым азаматтардың басқару процесіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді және олардың құқықтары мен мүдделерінің қорғауын қамтамасыз етеді.
ӘРПК мемлекеттік органдардың ішкі рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді және әкімшілік сот өндірісінің тәртібін реттейді. Заңның қабылдануы азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібін нақтылап, олардың құқықтарын қорғауға ықпал етті.
ӘРПК-нің міндеттері мыналарды қамтиды: жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін толық іске асыру; мемлекеттік басқаруға қатысуды арттыру; цифрлық трансформациялау арқылы тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету; құқықтық қатынастардағы заңдылықты күшейту.
ӘРПК-нің ережелеріне сәйкес, әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет.
Әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру үшін азаматтардың жолданымдары негіз бола алады. Жолданымдарды қабылдау, тіркеу және қарау тәртібі заңнамада нақты көрсетілген. Жолданым талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, азаматқа түзету үшін уақыт беріледі. Ауызша нысанда берілген жолданымды әкімшілік органның жолданымды қабылдаған лауазымды адамы немесе жұмыскері жекелеген хаттамаға енгізеді. Жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілген жолданымда, хаттамада: жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде); жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы; жолданымның мәні; жолданымның берілген күні; арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, арыз иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
ӘРПК-мен белгіленген тәртіппен берілген жолданым міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға жатады. Жолданымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады. Жолданым келіп түскен күні тіркеледі. Егер жолданым жұмыс істемейтін күні келіп түскен болса, онда ол жақын уақыттағы кейінгі жұмыс күнімен тіркеледі.
Жолданым ӘРПК-мен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам арыз иесіне жүгіну қандай талаптарға сай келмейтінін көрсетеді және оны талаптарға сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгілейді. Егер арыз иесі жолданымды әкімшілік орган, лауазымды адам белгілеген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтірмесе, әкімшілік орган, лауазымды адам оны қайтарады. Жолданымды қайтару қайта жүгінуге кедергі келтірмейді.
Арыз иесі әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін жолданымды өзінің жазбаша арызы негізінде кері қайтарып ала алады. Арыз иесінің жолданымды кері қайтарып алуы мерзімдер сақталған кезде, оны қайта жолданым беру құқығынан айырмайды.
Әкімшілік орган, лауазымды адам өз бастамасы бойынша қозғалған әкімшілік рәсімді, егер әкімшілік рәсімді жүзеге асыру оны қозғауға негіз болған мән-жайлардың өзгеруіне байланысты қажет болмай қалса немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа негіздер бойынша тоқтата алады. Әкімшілік рәсім әкімшілік органның, лауазымды адамның шешімімен тоқтатылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әкімшілік рәсімге қатысушыға хабарланады.
Әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімге ӘРПК-мен белгіленген тәртіппен шағым берілуі мүмкін.
Арыз иесі, егер жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар бар болса, ӘРПК-мен белгіленген тәртіппен қаралған мәселе бойынша қайта жолданым беруге құқылы.
Әкімшілік реформа сот жүйесін жақсартып қана қоймай, қарапайым азаматтар үшін де тиімді болып отыр, бұл сотқа деген сенімді арттырары сөзсіз.
А.КАПАРБЕКОВА,
Шымкент қаласының
мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы.

Оқи отырыңыз...

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

06.05.2025
Соттағы бітімгершілік

Соттағы бітімгершілік

29.04.2025
Соттарда мемлекеттік баж салығын төлеу

Соттарда мемлекеттік баж салығын төлеу

29.04.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған