• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 18 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮЙЕҚҰС ӨСІРУШІЛЕР ОНЫҢ САНЫН АРТТЫРМАҚ

16.09.2024
in Басты ақпарат
ТҮЙЕҚҰС ӨСІРУШІЛЕР ОНЫҢ САНЫН АРТТЫРМАҚ

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды, оның ішінде ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда бірнеше мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың жұмыс жасап жатқанын айта келіп, жеке кәсібін ашқысы келетін азаматтарға жан-жақты қолдау білдіруді тапсырған болатын. Түркістан облысында азаматтардың жеке кәсібін ашуға заң аясында тұрақты түрде қолдау жасап отырады. Арнайы курста оқытып, сертификат беріп, бизнес-жоспарын жасауға да жәрдемдесіп, гранттар да береді. Облыс аумағында өздерінің қызығушылығымен белгілі бір кәсіппен айналысуды бастап, оның нәтижесін көру үшін ерінбей еңбек етіп жатқан азаматтар да жеткілікті. Солардың арасында елімізде таңсық саналатын африкалық түйеқұстарды өсірумен шұғылданушылар да бар.
Шардара ауданы Алатау батыр ауылының тұрғыны Сәкен Сыпатай өзінің ауласында түйеқұс өсіріп отыр. С. Кәттәбеков атындағы жалпы орта мектебінде мұғалімдік қызмет атқаратын Сәкен осыдан біраз жыл бұрын түйеқұс өсіріп көрмекке ниет қылады. Осыдан үш жыл алдын сонау Орал қаласынан түйеқұстың жұмыртқасын тауып, интернет арқылы тапсырыс береді. Салмағы 1,5 келі шығатын 7 жұмыртқаны сатып алып, инкубатормен аштырып шығады. 5 жұмыртқадан балапан шығып, оны күтіп-баптайды.
–Түйеқұс деген Африка құрлығында мекендейтін жануар болғанымен бүгінде барлық ел өсіріп отыр. Кәдімгі тауықтың балапанын шығаратын инкубаторды қайта құрылымдап, жұмыртқаларды қойдым. Мерзімі келгенде 5 балапан ашып шықты. Түйеқұстың жұмыртқасының қабығы да қатты болады екен, оны тістеуікпен абайлап кертіп отырып, балапандарды аман-есен шығарып алдым. Әжептәуір үлкейіп қалғанда балапандар ауырды. Тауықтың балапаны сияқты болатын шығар деп денелеріне дәрі еккен едім, екеуі өліп қалды. Сөйтсем оларға дәрі егуге болмайды екен. Қазір үш жыл болды. Ойдағыдай жетіліп, өсіп келеді. Оның біреуі қораз да, екеуі мекиен шықты. Негізі түйеқұстар 3-4 жылда жұмыртқалап бастайды екен. Менің түйеқұстарым келесі жылы жұмыртқалайтын шығар деп жоспарлап отырмын, – дейді Сәкен Сыпатай.
Есігінің алдындағы жерді шарбақпен қоршап, ашық аспан астындағы қорада өсіріп отырған түйеқұстарына иесі шөп турап береді. Көкөніс береді, бидай береді. Олар да жем талғамайтын көрінеді. Зообақтағы түйеқұстарды тамашалағандай адамдар да көп келеді екен. Тіпті, жұмыртқа туса осы бастан тапсырыс беріп, біз де асыраймыз деп отырғандар бар көрінеді. Алайда, Сәкеннің өзі алдымен түйеқұстың басын көбейтіп алсам дейді.
–Ғаламтордан алған мәліметім бойынша бір жылда 50-ге дейін жұмыртқа туатын көрінеді. Аманшылық болса, мынау екі мекиен келесі жылдан бастап жұмыртқа береді. Оларға тиместен, балапанның басын көбейтуді ойлап отырмын. Үш жылдан бері қыр-сырын біраз меңгеріп алдым. Өсіп-өніп, көбейтіп алған соң ауыл сыртынан өз алдына жай салып, түйеқұс шаруашылығын ұлғайтсам деймін. Бір түйеқұс 120 келіге дейін салмақ басады. Оның етіне де, жұмыртқасына да сұраныс өте көп екен. Ыстыққа да, суыққа да төзімді болып шықты. Былтырғы жылдың аязында бастырмаға кірместен ашық далада жатты. 35 градус аязда басын қанатының астына тығып алып, былқ етпей жатқанына таң қалдым, – дейді Сәкен.
Сол сияқты Сайрам ауданы, Манкент ауылында тұратын Санжарбек Болысов та 2 жыл бұрын түйеқұстың екі балапанын сатып алып асыраған. Былтыр мемлекеттің қолдауымен грант алып, құстың санын арттырған. Бүгінде түйеқұстың 1 жасар бес балапанын қорада ұстап, төрт бас аналық пен бір бас аталығын ауыл сыртындағы шағын шаруашылықта асырап отыр.
«Бұл құс суыққа төзімді, жергілікті ауа райына бейім. Балапан кезінде жақсы күтім жасалса, жылдам өседі. Былтыр 28-29 градус аязда, ал биыл 17-18 градус суық болса да төзімділік танытты. Сондай-ақ, түйеқұс ыстыққа да шыдамды. Тропикалық аймақта мекендейтін құсты өз өңірімізде өсірудің өзіндік ерекшелігі де бар» — дейді шаруа.
Оның айтуынша, бойы 2-3 метрге жететін құстың аталығының салмағы 140-150 келіге жетеді. Әрқайсысы 100 келіге дейін ет беретіндіктен, жергілікті мейрамханалар тарапынан келісін 4 мың теңгеден алуға тапсырыс түсуде. Еті — қант диабеті мен қан қысымы дертіне дауа болса, ал терісі — аяқ киім, сөмке тігуге қолданылады. Өмір сүру ұзақтығы 60-70 жылды құрайтын түйеқұс жылына 40-50 рет жұмыртқалайды. Кәсіпкер алдағы уақытта африкалық құстың басын арттырмақ.

Оқи отырыңыз...

Десять лет успеха: в Шымкенте прошел бизнес-форум деловых женщин

17.10.2025
Жетістікке толы 10 жыл: Шымкентте іскер әйелдердің бизнес-форумы өтті

Жетістікке толы 10 жыл: Шымкентте іскер әйелдердің бизнес-форумы өтті

17.10.2025
«Өтепберген» шаруа қожалығының есебі бұғатталды: мәселе Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бақылауында

«Өтепберген» шаруа қожалығының есебі бұғатталды: мәселе Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бақылауында

17.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР ПО ДЕБАТАМ СТАРТОВАЛ В ШЫМКЕНТЕ

18.10.2025
ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

18.10.2025
В Шымкенте поздравили спасателей с профессиональным праздником

ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

18.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған