• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 22 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БАЛАЛАР АРАСЫНДА СУРЕТ САЛУДАН БАЙҚАУ ӨТТІ

11.09.2024
in Басты ақпарат
БАЛАЛАР АРАСЫНДА СУРЕТ САЛУДАН БАЙҚАУ ӨТТІ

Мемлекет басшысының балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен болақағын жарқын ету бойынша тапсырмасы Түркістан облысында жоғары деңгейде орындалуда десек болады. «бар жақсымыз – балаларға» деп облыста балаларды қорғау мен қолдауда көп істер атқарылуда. Таяуда Тіл және Отбасы күндеріне байланысты да облыста балаларды қатыстыра отырып көптеген шаралар іске асырылды.
Түркістан облыстық ішкі істер департаменті мен оның аудандық бөлімшелерінің ұйымдастырумен балалардың сурет салу байқаулары өткізілді.
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты тіл апталығы аясында «Менің парасатты полициям!» тақырыбында полиция қызметкерлерінің балалары арасында сурет салу байқауы өтті.
Мақсат-жас жеткіншектердің арасында сурет салу арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын арттыру және полиция имиджін көтеру, балалардың көзқарасымен тәртіп сақшыларына деген пікірін білу, ел қорғандарына деген сенімдерін одан әрі арттыру.
Кішкентай суретшілер өздері салып, түрлі-түске бояған суреттерінде Отанына, еліне, жеріне, тіліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін көрсетіп, өз ойларындағы полицей азаматтың кейпін ұсынды.
Байқау нәтижесімен жүлделі І-орын Сауран ауданынан келген Тілеуберген Алиханға берілсе, ІІ-орынды сайрамдық Аяжан Бекжанқызы алды. Жүлделі ІІІ-орынға екі бүлдіршін лайық деп танылып, Түркістан қаласынан Жахан Айым мен Жетісай ауданынан келген Аяла Ерғалиқызына бұйырды.
Қатысушыларымыздың барлығы департамент бастығының Грамотасы мен арнайы сыйлығын қанжығалады.
Сайрам аудандық полиция басқармасының ұйымдастыруымен «Отбасы» мерекесіне орай М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің 2 сынып оқушылары арасында «Менің отбасым» тақырыбында асфальтта сурет салу сайысы өтті.
Шараның мақсаты — балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тарихи-мәдени және рухани құндылықтарын бағалау. Олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, елінің нағыз патриоты болуға баулу.
Аталмыш шарада балалар түрлі-түсті бояуларды пайдалана отырып, әртүрлі тақырыпта сурет салып, үйлерді, көңілді балаларды және тағы басқаларды бейнелеп шығармашылықтарын танытты.
Шара соңында сайысқа қатысқан барлық оқушыларға басқарма жеке құрам қызметкерлері атынан сыйлықтар табыс етілді.
Балаларды отансүйгіштікке, салт дәстүрді құрметтейтін ұрпақ етіп тәрбиелеу мақсатында Отбасы күніне орай Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен қызметкерлердің балалары арасында сурет салудан байқау өтті.
«Берекелі отбасы» тақырыбында өткен бұл байқауға 12-жасқа дейінгі балалар қатысты. Жарыста өзінің қабілетімен топ жарған полиция капитаны Болат Бөпібековтің ұлы Намазбай Ернұр І-орынды иеленді. Екінші орын полиция майоры Адилбек Букеновтің қызы Жолдасбек Нурилаға бұйырды. Жүлделі үшінші орынға полиция капитаны Ержан Датқаевтың қызы Абсаттар Кәусар лайық деп танылды.
Шараға қатысқан балаларға ынталандыру сыйлықтары мен Мақтаарал аудандық полиция бөлімі бастығының Алғыс хаты табысталды.
«Бақытты балалар бақытты отбасында өседі» дейді халқымыз. Бала – ата-ананың қолындағы аманат. Олардың жүректері пәк, таза, гауһардай құнды ұрпақты сақтау ата -ананың басты міндеті.
Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасы күніне» орай бастауыш сынып оқушылары арасында асфальтқа сурет салу сайысы өтті.
Шараға қаламыздағы М.Горький мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Шараның мақсаты — балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тарихи-мәдени және рухани құндылықтарын бағалау. Олардың бойында Отбасына деген сүйіспеншілікті арттырып, елінің нағыз патриоты болуға баулу.
Сайысқа белсенді қатысқан және жеңімпаз оқушылар анықталып, полиция бөлімінің ұжымы атынан сыйлықтар табыс етілді.

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді

21.10.2025
В Акорде состоялась официальная церемония встречи Президента Азербайджана, прибывшего в Казахстан с государственным визитом

В Акорде состоялась официальная церемония встречи Президента Азербайджана, прибывшего в Казахстан с государственным визитом

21.10.2025
«Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті

«Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті

21.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

МЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

21.10.2025
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді

21.10.2025
В Акорде состоялась официальная церемония встречи Президента Азербайджана, прибывшего в Казахстан с государственным визитом

В Акорде состоялась официальная церемония встречи Президента Азербайджана, прибывшего в Казахстан с государственным визитом

21.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған