• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 7 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БЕСІК ПЕН ӘЛЕМДІ ҚАТАР ТЕРБЕТКЕН БАТЫР АНА

11.09.2024
in Басты ақпарат
БЕСІК ПЕН ӘЛЕМДІ ҚАТАР ТЕРБЕТКЕН БАТЫР АНА

Мемлекетіміз «Ана мен бала қауіпсіздігі» саясатын ұстанып, аналарға қамқорлық пен қолдау жасау арқылы олардың дүниеге дені сау сәби әкеліп, оны жан-жақты етіп тәрбиелеп өсіруі үшін мүмкіндігінше мемлекет тарапынан қолдау жасап келе жатыр. Аналарға арналған көптеген мемлекеттік жоба, жеңілдіктер мен қолдаулар бар. Сол сияқты бала қуіпсіздігі мен баланы қорғау мен қолдау бойынша да жасалынып жатқан істер аз емес. Осындай мемлекет тарапынан болып жатқан қорғау мен қолдаудың және мемлекеттік Отбасылық саясаттың арқасында елімізде бала тууды шектемей, бір қолымен бесігін тербеп, екінші қолымен қызметік жасап, еңбек етіп келе жатқан аналар, оның ішінде көпбалалы аналар аз емес. Ондай аналар іліміздегі ең демографиялық өсімі жоғары Түркістан облысында барлық салаларда да жеткілікті. Тіпті қарбаласы мен қауіпі көп, жұмыс уақыты шектелмеген сала саналатын Құқық қорғау саласында да түркістандық көпбалалы аналар абыроймен еңбек етіп жүр. Ондай аналарды «Отбасы күні» мерекесіне орай апталық барысында ұжымдары құттықтап, құрмет көрсетуде.
Келес аудандық полиция бөлімінің бірқатар қызметкерлері Отбасы күніне орай Көші қон қызметі тобының инспекторы полиция майоры, көп балалы ана Гүлжан Арапбекқызы Құралбекованың отбасына барып, мерекемен құттықтап, арнайы сый–сияпаттарды табыстады.
Отбасында сегіз баланы тәрбилеп, өсіріп отырған ардақты ана, аяулы жар Гүлжан әпкеміз қызмет пен отбасын қатар алып жүре отырып, өз еңбек жолында жетістіктерге жете білген білікті маман.
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол»,- деген қағиданы ұстанған полицей Гүлжан әпке жолдасы Арманмен бірге балаларына жан-жақты тәрбире беруден жалыққан емес.
Кездесу барысында, полиция майоры Гүлжан әпке отбасы күніне орай құттықтап келген әріптестеріне алғысын білдіріп, осындай жауапты қызметті абыроймен атқаруға және қоғамға қалтықсыз қызмет етуге сөз берді.
Бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемде тербететін аналарымыз аман болсын!
Ордабасы ауданына полицейлер әулетімен танылған отбасылардың бірі — Әбдібековтер отбасы. Ауданымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ел ішінде тәртіпті жіті назарда ұстауда талмай қызмет етіп келе жатқан Жұпар Абибуллақызы жолдасы Серік Берікұлымен ішкі істер саласында қызметтерін ұштастырған аяулы жар, көпбалалы ана. Әбдібековтер отбасы бүгінде 7 ұл-қызды тәрбиелеп, немере сүйген, татулық пен берекеге толы шаңырақ.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, бүгінде Серік Әбдібеков пен Жұпар Әбдібекованың ұлдары Қадыр Беріков Шымкент ҚПД де арнайы жасақтың аға инспекторы полиция аға лейтенанты қызметін атқарса, Мұқасан Серікұлы Шымкент қалалық төтенше жағдайлар депатаменті Аль-Фараби ауданының анықтаушысы, төтенше жағдайлар қызметінің аға лейтенанты қызметін абыроймен атқарып келеді.
Отбасы күні қарсаңында Әбдібековтер әулетін баршаға мақтан тұта отырып, амандық және баянды отбасылық бақыт тілейміз! Берекесі мол күздің алғашқы айымен бірге жеткен Отбасы күні мерекесі әрбір шаңыраққа шаттық пен құт-береке әкелсін!
«Отбасы күні» апталығында көпбалалы, өнегелі отбасыларға құрмет жасаумен бірге жас, болашақ аналар да ұмыт қалған жоқ. Өйткені, олар ертеңгі күні бір-бір отбасының отанасына айналады. Арыс қаласында апталық аясында «Дені сау ұрпақ» тақырыбында болашақ аналарға семинар-тренинг өткізілді. Арыс аудандық полиция бөлімінің полиция майоры Айжан Мырзахметованың ұйымдастыруымен және «Жастар ресурстық орталығы» мамандары мен гинеколог мамандардың арнайы қатысуымен өткізілген бұл шарада жастарға отбасын жоспарлау тақырыптарында мағлұматтар беріліп, түрлі пікірлер ортаға салынды. Аталған шараға болашақ аналар қатысты.
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, отбасы — Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, ана болуға, бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген шара болашақ аналарға ой саларлық ауқымда болды.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

07.04.2026
Алгоритм действий  при обнаружении «закладок» наркотиков  или лиц, осуществляющих их сбыт

Алгоритм действий при обнаружении «закладок» наркотиков или лиц, осуществляющих их сбыт

06.04.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ДАНЬ ГЕРОИЗМУ: 7 АПРЕЛЯ ОТМЕЧЕН ДЕНЬ МУЖЕСТВА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

07.04.2026
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

07.04.2026
Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған