• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 7 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

08.09.2024
in Басты ақпарат
ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Отбасы – еліміздің мызғымас беріктігі мен болашағының қайнар көзі. Себебі тәрбиелі ұрпақтың ел мен жерге адал қызмет жасауы отбасындағы өнегеден бастау алады. Қазақ халқы үшін отбасы ұғымы қашаннан қасиетті болғандықтан «Отан – отбасынан басталады» деген аталы сөз қалған. Сондықтан да мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі — отбасы институтын қолдау және нығайту, отбасылық құндылықтарды, көп балалы отбасыларды, ана мен бала денсаулығын қорғау.
Отбасы құндылықтарын нығайту бағытында Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Күні кеше Сарыағаш ауданы әкімінің міндетін атқарушы Алдияр Қозыбаев «Халықаралық отбасы күні» мерекесіне орай көпбалалы, отандасқандарына 40,50 және 60 жыл толған үлгілі отбасыларды сонымен қатар, жаңадан отау құрған жас отбасыларды арнайы құттықтады.
— Құрметті ағалар мен апалар, жас отбасылар! Баршаңызды отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасында жарасым, сүйіспеншілік, мейірім болса ғана шаңырақ биік құрылып, керегесі кең болып, түтіні түзу ұшады. Сіздер отбасы құндылығын берік ұстап, мәуелі бәйтеректей тамырын кеңге жайған өнегелі отбасысыздар. Өмір жолдарыңызда көптеген маңызды қызметтерді абыроймен атқарып, алдыңғы буын – ағаларымыздың тәлімді тәжірибесін лайықты жалғастырып келесіздер.Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық тілеймін, — деп аудан әкімінің міндетін атқарушы Алдияр Қозыбаев жиналған үлгілі отбасыларға арнайы сыйлықтар, алғыс хаттар мен гүл шоқтарын сыйлады.
Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары мерекеге орай жаңадан отау көтерген жас отбасыларға неке куәлігі мен арнайы сыйлықтар табыстады. Жалпы ауданның 14 үлгілі отбасын құттықтады.
Кездесуге қатысқандар ағалардың атынан Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны, бірнеше ұл-қызды тәрбиелеп өсірген үлгілі, мерейлі отбасының ақсақалы Кендебай Қойлыбаев атамыз сөз алып, өздеріне көрсетілген құрмет үшін аудан әкімдігіне алғыстарын айтып, ауданның өсіп-өркендеуіне жемісті қызмет етуін тіледі.
Сонымен қатар, аудан әкімінің міндетін атқарушы Алдияр Қозыбаев аудандық орталық аурухананың перзентхана бөліміне арнайы барып, ана атанған жас аналарымызды мерекемен құттықтап бағалы сыйлықтар табыстады.
Сол сияқты Халықаралық отбасы күніне орай Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен үлгілі отбасыларды дәріптеу мақсатында «Мерейлі отбасы» байқауының қатысушысы Бекишовтар отбасын марапаттау рәсімі өткізілді.
Іс-шараға Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Абдиев, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев, ҚХА жанындағы Төлеби аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары А.Османов, ҚХА жанындағы Төлеби аудандық неміс этномәдени бірлестігінің төрайымы Л.Климентьевна, аудандық аналар кеңесінің төрайымы А.Рахишова және аналар алқасы мүшелерімен жас отбасылар қатысты.
Іс-шараның мақсаты: “Мерейлі отбасы” байқауының қатысушысы Бекишовар әулетінің ерең еңбектері мен жұмыс жолындағы жемістерін, отбасы құндылықтарын, бала тәрбиесін дәріптеу дұрыс бағыт бағдар беру және білімге баулуды жастарға, жас отбасыларға үлгі ретінде көрсету болды.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

07.04.2026
Алгоритм действий  при обнаружении «закладок» наркотиков  или лиц, осуществляющих их сбыт

Алгоритм действий при обнаружении «закладок» наркотиков или лиц, осуществляющих их сбыт

06.04.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ДАНЬ ГЕРОИЗМУ: 7 АПРЕЛЯ ОТМЕЧЕН ДЕНЬ МУЖЕСТВА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

07.04.2026
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

07.04.2026
Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған