• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 8 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ НАЗАРДА

05.09.2024
in Басты ақпарат
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ НАЗАРДА

Елімізде ана мен баланы қолдауға арналған бағдарламалар жүзеге асырылуда. Сол сияқты балаларды қолдау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар жасалуда. Дегенмен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталатын қазақстандықтарға арналған жаңа Жолдауында жас ұрпақ мәселесіне байланысты тағы да айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, Жолдауда әлеуметтік салаға, соның ішінде балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінген. Президент халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынғанына назар аударып, арқаны кеңге салуға болмайтынын, алдымызда әлі талай ауқымды жұмыс тұрғанын да айтты.
Түркістан облысында жас ұрпақ мәселесі облыс әкімінің бақылауынан тыс қалған емес. Облыс бойынша балаларды қолдау мен олардың қауіпсіздігі бойынша нақты жоспарлы жұмыстар үздіксіз жүзеге асырылып келеді.
Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариевтің төрағалығымен аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Жиынға аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, ауданның білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Аталған жиында комиссия мүшелері жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, құқықтарын жүзеге асыру, сонымен қатар сәтсіз отбасылар және онда тәрбиеленіп жатқан кәмелетке толмағандармен атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады. Баяндама барысында балабақшадағы балалардың тамақтануы және мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша да сөз етілді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша комиссия төрағасы мен мүшелері ұсыныс-пікірлер арқылы тиісті шараларды қабылдап нақты жоспарлар бекітті.
Жиын соңында комиссия төрағасы балалардың рухани мәдениетін, жоғары моральдық және азаматтық сапасын дамыту басты міндеттемелердің бірі екендігін тілге тиек етіп, жасөспірімдер мен оқушылардың қауіпсіздігі, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болу қажеттігін айтты.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

07.04.2026
Алгоритм действий  при обнаружении «закладок» наркотиков  или лиц, осуществляющих их сбыт

Алгоритм действий при обнаружении «закладок» наркотиков или лиц, осуществляющих их сбыт

06.04.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ДАНЬ ГЕРОИЗМУ: 7 АПРЕЛЯ ОТМЕЧЕН ДЕНЬ МУЖЕСТВА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

07.04.2026
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

07.04.2026
Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған