• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 8 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Шымкентте «Бір ауыл – бір өнім» жобасының үздіктері анықталды

03.09.2024
in Басты ақпарат
Шымкентте «Бір ауыл – бір өнім» жобасының үздіктері анықталды

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша бренд-комитеттің отырысы өтті. Палата директоры Сабира Адамбекова төрағалығымен өткен жиынға қалалық әкімдік басқармаларының, қаржы институттары мен «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» өкілдері, «Kazakh Invest» АҚ, қалалық креативті индустрия және іскер әйелдер қауымдастығының жетекшілері қатысты.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

07.04.2026
Алгоритм действий  при обнаружении «закладок» наркотиков  или лиц, осуществляющих их сбыт

Алгоритм действий при обнаружении «закладок» наркотиков или лиц, осуществляющих их сбыт

06.04.2026

Бұған дейін Шымкентте кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жәрмеңкесі өткен болатын. Онда 40-қа жуық кәсіпкердің арасынан 10 қатысушы алғашқы іріктеуден өтті.

Бренд-комитет отырысында 10 үміткер өздерінің өнімдерін таныстырды. Олардың арасында киізден, былғарыдан жасалған бұйымдардан бастап ұлттық нақыштағы киімдер, кәдесыйлар мен керамика, пайдалы азық-түлік өнімдер бар. Комиссия мүшелері олардың арасынан үздік үшеуін таңдап алады.

«Кәсіпкерлерді қолдау жұмыстары ары қарай жалғасады. Яғни, оларға қандай да бір құқықтық, консультативтік және қаржылай көмек қажет болса, құжаттарды рәсімдеу, сүйемелдеу керек болса, Кәсіпкерлер палатасы тарапынан тиісті кеңес беріледі. Жалпы, «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушы үміткерлердің өнімдері бірқатар талапқа сай болуы тиіс. Нақты айтқанда өнім немесе тауар жергілікті шикізаттан жасалып, өндіріс барысында қарапайым құралдар мен механизмдер қолданылуы керек, өнім мүмкіндігінше жергілікті өңірдің ерекшелігін көрсетуі тиіс. Дегенмен, өнім шығаруда негізінен жергілікті шикізат қолданылып, қосымша ретінде басқа жақтан жеткізілген қажет материалдар қолданылуына болады. Мысалы, жергілікті былғарыдан жасалған сөмке, аяқ киім, әмияндарға ілгек, құлып немесе әшекей ретінде басқа материалдар қолданылуына мүмкіндік бар», – деді Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.

Бұдан кейін үміткерлер жеке-жеке кіріп, бренд-комитет мүшелеріне өз өнімдерін таныстырды, өндірісте қажеттілігін айтып,алдағы жоспарларын бөлісті. Комитет мүшелері әр кәсіпкерге қосымша сұрақтар қойып, ой-пікірін айтты, кеңесін берді.

Бренд-комитет отырысының қорытындысы бойынша 3 кәсіпкер үздік деп танылды. Олар: тақиялар мен киімдерді ұлттық нақышта безендіретін «Заманова» жеке кәсіпкерлігі, табиғи былғарыдан әмияндар мен сөмкелерді қолдан тігетін «Алимбаев Н.А» жеке кәсіпкерлігі және тағамдық табиғи пайдалы жылқы мен құс майын әзірлейтін «Сальма» жеке кәсіпкерлігі.

Үздік қатысушыларға «Атамекен» ҰКП салалық департаменттері тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп, өндірісті кеңейтуге, қажет болған жағдайда экспортқа шығу бойынша қолдау көрсетіледі. Жалпы, бренд-комитет мүшелері отырысқа келген барлық үміткерге кәсіптің ауқымын кеңейтіп, өнімдерінің нарықтық әлеуетін арттыру бойынша кеңес берді.

Айта кетейік, «Бір ауыл – бір өнім» жобасы ҚР Үкіметі бекіткен 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасына сай әзірленген «Мен – кәсіпкер» құралы аясында өткізіледі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ДАНЬ ГЕРОИЗМУ: 7 АПРЕЛЯ ОТМЕЧЕН ДЕНЬ МУЖЕСТВА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

07.04.2026
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

07.04.2026
Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған