• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 26 августа, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСКЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

27.08.2024
in Басты ақпарат
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСКЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Мемлекеттің дамуын тежейтін қауіпті індеттің бірі сыбайлас жемқорлық пен парақорлық. Сондықтан да Мемлекет басшысы осы бір қоғамдағы ауыр індетпен күресті белсенді жүрізуді үнемі талап етіп келеді. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін тиісті органдар тарапынан алдын алу жұмыстары мен түсіндіру, халықтың ол дертке қарсы төзбеушілік қасиетін қалыптастыру үнемі жүргізіліп отыруы міндетті.
Түркістан облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» үлгілі базалық бағыттың төртінші блогы іске асырылуда. Сонымен қатар, биылға арналған жобалар картасы бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кеше осы орайда облыс әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» тақырыбында жиналыс өтті.
Аталған жиналысқа ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Әсілбек, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің маманы, басқарма басшылары мен өкілдері, салалық бөлімдердің басшылары қатысты.
– Мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күресу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жұмыстар өз деңгейінде жүргізілмейді. Әсіресе жергілікті әкімдіктер тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы сын көтермейді. Аналитика жоқ деуге болады. Екі апта уақыт ішінде табылмай қалған, табылса да болмауы мүмкін деп қайтарылған, әдейі жасырылған тәуекелдерді анықтаңыздар. Қайта ұсыныңыздар. Қоғамдық сауалнама жүргізіңіздер. Қажет болса, барлық жұмыс күшін жұмылдырамыз. Негізгі мақсатымыз – мемлекеттік қызметтің жұмысын оңтайландыру, – деген аппарат басшысы хаттама әзірлеуді тапсырды.
Жалпы өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бірқатар жұмыстар қолға алынған. Сәбит Әсетұлы өз сөзінде агенттік тарапынан жүргізілген жұмыстарға тоқталды. Нәтижесінде көрсеткіш едәуір төмендеген.
Облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Бахытбек Хасанов баяндама жасап, облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктерінде, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жоспарлы түрде мониторинг жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Ішкі талдау нәтижелері бойынша жалпы 700-ден астам сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталған. Сонымен қатар облыстық мекемелердің тәжірибелі заңгерлеріне түсіндірме және зерделеу іс-шаралары ұйымдастырылған.
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Қасиет Қыдырбай ішкі талдау жұмыстарын жүргізу барысында туындайтын проблемалық мәселелерді атап өтті. Кейбірі анықтаманы кешіктіріп, тиісті құжаттарды мерзімінде ұсынбаған.

Оқи отырыңыз...

СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН МОНИТОРИНГ: КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛАДЫ?   

СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН МОНИТОРИНГ: КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛАДЫ?  

24.08.2026
ВЫБОРЫ В КУРЫЛТАЙ: В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВО ВТОРОЙ ПОЛОВИНЕ ДНЯ АКТИВНОСТЬ ИЗБИРАТЕЛЕЙ ВОЗРОСЛА

ВЫБОРЫ В КУРЫЛТАЙ: В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВО ВТОРОЙ ПОЛОВИНЕ ДНЯ АКТИВНОСТЬ ИЗБИРАТЕЛЕЙ ВОЗРОСЛА

23.08.2026
ҚҰРЫЛТАЙ: В БАЙДИБЕКСКОМ РАЙОНЕ ПРОГОЛОСОВАЛИ ГРАЖДАНЕ В КОСТЮМАХ МЕДВЕДЯ И ТРАНСФОРМЕРА

ҚҰРЫЛТАЙ: В БАЙДИБЕКСКОМ РАЙОНЕ ПРОГОЛОСОВАЛИ ГРАЖДАНЕ В КОСТЮМАХ МЕДВЕДЯ И ТРАНСФОРМЕРА

23.08.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

В Талдыкоргане гвардейцы задержали вооружённого ножом нарушителя

25.08.2026
Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

25.08.2026
Бозарықтан тағы 40 отбасы баспаналы болды

Еще 40 семей получили жилье в микрорайоне Бозарык

25.08.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған