• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 8 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Ата Заңымызға – 29 жыл!

26.08.2024
in Құқық-заң
Ата Заңымызға – 29 жыл!

Биыл Ата заңымыз – Ел Конституциясына 29 жыл толып отыр. Конституция – ең жоғарғы заңдық күшке ие құжат. Мемлекеттегі саяси және экономикалық реформалар, тұрақтылық пен келісім, оның халықаралық жетістіктері Конституцияда бекітілген қағидаттармен тығыз байланысты. Қазақстанның ширек ғасырлық кезеңдегі әлемдік аренадағы бейбітсүйгіш, бітімгерлік, теңгерімді қарым-қатынасы, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену ұмтылысы Конституция баптарындағы құндылықтардың жемісі деп айтуымызға болады.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

03.06.2025
Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

03.06.2025
Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

02.06.2025

Ата Заңның мақсаты – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын Қазақстан Республикасының ең жоғары құндылықтарын қамтамасыз ету және қорғау (ҚР Конституциясының 1-бабының 1-тармағы).

Конституция – Қазақстан халқын біріктіруші үлкен күш. Бүгінгі таңда еліміздің әрбір тұрғыны Конституцияға маңызды және тиімді жұмыс істейтін құқықтық құжат ретінде жүгінеді. Конституцияға сәйкес, адамның құқықтары мен бостандықтары әркімге туғанынан тиесілі, олар абсолютті деп танылады және ажыратылмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын айқындайды.

Мемлекетіміздің негізгі заңы Қазақстан халқының бірлігін нығайтып, тарихи тағдыры тамырлас көптеген ұлт өкілдерін қазақ жерінде ынтымаққа ұйытып отыр. Ата Заңымызға аса ыждаһаттықпен қарау, оны құрметтеу – өз елімізді, төл тарихымызды, барша жетістігімізді қадірлеу.

2022 жылдың 5 маусымдағы референдум нәтижесінде енгізілген өзгерістер бойынша Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті Парламенті бар президенттік формаға көшті. «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі» деп анық жазылды.

Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ. Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіну құқығын алды. Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады. Сенаттағы президенттік квота қысқарды, Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы жойылды. Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді. Тұңғыш Президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алынып тасталды.

Сол өзгерістермен еліміздің барлық аумағында Конституцияның сақталуын қамтамасыз ету үшін Конституциялық сот құрылып жұмыс істей бастады. Енді Конституцияға сай емес деп есептеген нормативтік құқықтық актілерге шағыммен кез-келген адам Конституциялық сотқа жүгіне алады. 2004 жылдан бастап мораторий жарияланып, қолданылмай тұрған өлім жазасы енді Қазақстанда мүлдем қолданылмайтын болды. Бұл да маңызды жаңалық. Себебі, біріншіден, тергеу, сот қателігі дегенді жоққа шығаруға болмайды, өлім жазасына кесілген қаншама адамның кейіннен ақталғанына тарих куә.

Екіншіден, Конституцияда ең жоғары құндылық – адам өмірі мен денсаулығы деп жариялаған мемлекетіміздің ресми түрде кісі өлтіруді қолдауы, өлім жазасына кесуі – өз құндылықтарын өзі жоққа шығарғанмен бірдей болар еді. Қылмыскерлердің барлығы да өзінің жасаған әрекетінің сипатына қарай тиісті жазасын алсын, тіптен өмір бойғыға бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылсын. Бірақ, өлім жазасын қолдану дұрыс емес екенін құқық қорғаушылар көптен айтып келдік.

Сонымен қатар, Ата заң Конституциялық заңдылықты қамтамасыз етеді. Мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Конституциялық заңдылық нормативтік құқықтық актілерді шығару және барлық орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нақты іс-әрекеттер жасауы кезінде Қазақстан Конституциясында тікелей қамтылған немесе одан туындайтын талаптар мен ережелердің қатаң сақталуын білдіреді.

Конституциялық нормалар Конституцияда қабылдау қажеттілігі туралы тікелей көрсетілген конституциялық заңдарда, сондай-ақ конституциялық ережелерді дамытуға қабылданған басқа да заңдарда одан әрі дамиды. Осылайша, конституциялық заңдылық барлық қоғамдық өмірдің жүйелік негізі деп айтуға болады. Өйткені, кез-келген саяси және экономикалық шешімдер барлық мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, олардың шенеуніктері, азаматтары мен ұйымдары орындауы керек Нормативтік құқықтық актінің көмегімен жүзеге асырылады.

Ендігі біздің мақсатымыз – Жаңа Қазақстан орнату жолында аянбай еңбек ету. Қазақстанның қанаттыға қағылып, тұмсықтыға шұқылып кетпеуі үшін ең алдымен ел ішіндегі татулығымызды нығайтуымыз қажет.

Сержан АЙНАБЕКОВ,

Шымкент қаласының

мамандандырылған тергеу сотының төрағасы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

07.06.2025
ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

06.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА АКЦИЯ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ»

06.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған