• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 8 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ҰЛТТЫҚ РУХАНИ РЕҢККЕ ТОЛЫ БОЛДЫ

21.08.2024
in Басты ақпарат
ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ҰЛТТЫҚ РУХАНИ РЕҢККЕ ТОЛЫ БОЛДЫ

Мемлекеттің іргетасының беріктігі, оның азаматтарының рухани деңгейінің биіктігіне де байланысты. Мемлекеттің болашағы жарқын болуы үшін мәдени-өнер, руханият пен отаншылдықты қалыптастыру маңызды. Ал ол өнер мен мәдениет арқылы жүзеге асырылады.
Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры кезекті XXV мерейтойлық маусымға дайындық жұмыстарын бастады. Жазғы демалыстан оралған театр ұжымы іске қызу кірісті.
Маусым шымылдығы театрдың төлқұжатына айналған, режиссер Райымбек Сейтметов сахналаған «Көк түріктер» тарихи драмасы ашады деп жоспарлануда.
Жаңа маусым қарсаңында белгілі режиссер, Ұйғыр театрының көркемдік жетекшісі Фархадбек Канафин арнайы шақырылды. Тың бағыттағы жаңа қойылым сахналауға ұсыныс жасалды. Қазіргі таңда режиссер дайындық жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта театр қоржыны бірқатар премьерамен толықпақ.
Сол сияқты Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Келес ауданының мәдени күндері өтті. Екі күнге жоспарланған бағдарлама ұлттық құндылықтарға толы. Мерекелік шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қоғам қайраткері Әлихан Байменов, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Нұрлан Қоянбаев бастаған өнер адамдары қатысып, тамашалады.
Іс-шара Этноауыл кешенінен бастау алды. Алдымен мұнда келушілерге ұлттық сусындар ұсынылды. Қонақтар Келес ауданының қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. Бұдан бөлек, ұлттық салт-дәстүрлер көріністері сахналады. Қылқалам шеберлері мен кітап көрмесі жасақталды. Ауданда өндірілетін тауарлар көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ұлттық тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар Келес ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы сахналанды. Айтыс, жыр-терме, дәстүрлі әндер шырқалды.
Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Сариевтің айтуынша келестік рухани-мәдени керуен қала қонақтары мен тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды мақсат еткен.
Этноауылда ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылып, «Керуен Сарай» кешенінде Төреғали Төреәлі, Әділет Жауғашар және Сержанәлі сынды өнер жұлдыздарының және Келес ауданының өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтті.
Сөйтіп, Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Келес ауданының мәдениет күндері өз мәресіне жетті. Мерекелік жиында Келес ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дәурен Сариев сөз сөйлеп, фестивальдің маңызына тоқталды. Аудан жетістігіне тоқталып, келген көрерменге алғысын жеткізді.
Шара барысында Сержанәлі Әлібек, Әділет Жауғашар және Серік Ибрагимов пен Әбіджаппар Әлқожа сынды эстрада жұлдыздарының және аудан өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өнер сүйер қауым қосыла ән шырқап, әсем биімен кештің сәнін кіргізді.
Екі күнге жоспарланған бағдарлама ұлттық құндылықтарға толы болды. Ұлттық тағам түрлері таныстырылып, қазақ халық әндері, жыр-терме, дәстүрлі әндер шырқалды. Екінші күні ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, бұған дейін облыс орталығында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалін өткізген арыстықтар да мүмкіндігінше мәдениет күндеріндегі шараларға ұлттық реңк беруге тырысып, фестивальдің екінші күні Этноауыл кешенінде ұлттық спортты ұлықтау мақсатында бірнеше спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырған болатын.
Атап айтқанда, спорт жампоздары қол күрес, арқан тартыс, ләңгі тебу, қошқар көтеру, садақ ату сынды спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырды. Келушілерді өнерімен тәнті еткен арыстық балуан Болат Тұрсынбаев салмағы бір жарым тонна болатын автокөлікті өз үстінен жүргізіп, көпшілікті таңқалдырды. Осылайша арыстық спортшылар да Түркістан төрінде ұлттық спортты ұлықтаған еді.
Айта кетейік, алдағы аптада өнер фестивалінің думанды көшін Түркістан қаласының және Жетісай ауданынының өнерпаздары жалғастырады.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

07.04.2026
Алгоритм действий  при обнаружении «закладок» наркотиков  или лиц, осуществляющих их сбыт

Алгоритм действий при обнаружении «закладок» наркотиков или лиц, осуществляющих их сбыт

06.04.2026

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ДАНЬ ГЕРОИЗМУ: 7 АПРЕЛЯ ОТМЕЧЕН ДЕНЬ МУЖЕСТВА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

07.04.2026
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

07.04.2026
Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған