• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 8 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Онлайн несие алу оңай болғанымен, оның салдары ауыр

20.08.2024
in Құқық-заң
Онлайн несие алу оңай болғанымен, оның салдары ауыр

Сотта ең жиі қаралатын істердің бірі – онлайн займ алып, қиындыққа тап болған адамдарға қатысты. Бүгінгі күні елімізде 7 миллионнан астам онлайн несие рәсімделген екен, бұл әрбір екінші қазақстандықтың қарызға батқанын білдіреді. Шымкент қаласы бойынша азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Айгерім Зұлқайнарқызы ОМАРОВАМЕН сұхбатымыз осы мәселе төңірегінде өрбіді.
– «Тез әрі ыңғайлы!» – кез келген микроқаржы ұйымының басты ұраны. Ақшадан қысылған адам жарты сағаттың ішінде артық құжатсыз, үйден шықпай-ақ қалтасын толтыра алады. Дегенмен, «қарыздың күліп келіп, жылап қайтатынын» есте ұстау қажет. Себебі, әрбір «тез және оңайдың» артында ұзақ әрі күрделі мәселелер туындауы мүмкін,-деп бастады әңгімені Айгерім Зұлқайнарқызы.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

03.06.2025
Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

03.06.2025
Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

02.06.2025

– Айгерім Зұлқайнарқызы, онлайн займның банктен алынатын несиеден айырмашылығы қандай, қарапайым халық неге осы әдісті көп таңдайды? Онлайн несие алудың қандай қауіпті тұстары бар?
– Орынды сұрақ. Ақшадан қысылған адамдар бұл сұрақтардың астарына үңіле бермейді. Осы мәселелерге мамандардың пікіріне сүйене отырып, жауап беріп көрейік.
Біріншіден, онлайн несие алу – беделді банктен офлайн ақша алумен ұқсас. Алайда, банк қажетті құжаттарды, кепіл ретінде кем дегенде бір танысыңызды көрсетуді талап етеді. Мысалы, сіз айлық табысыңызды растауыңыз қажет. Ал онлайн займ берушілер ешқандай кепілсіз, тек бір ғана құжат – жеке куәлікпен аптаның кез келген күні, тәулік бойы несие береді. Бұл несие алушы үшін өте ыңғайлы.
Екіншіден, микроқаржы ұйымдарының займы 100 мың теңгеден басталып, бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге беріледі. Тіпті 140 мың теңгеге дейінгі қарызды бір айға да беретіндер бар. «Миллионға қарызға батпаймын ғой» деп алаңсыз ақша алатындар осы жерде қателеседі. Себебі, онлайн займның мерзімі қысқа болған сайын, үстемақысы жоғары болады. Яғни, сіз 200 мың теңге қарыз алып, оны шартта көрсетілген екі жылдың ішінде уақытылы әрі толық қайтармасаңыз, бастапқы қарызыңызды бірнеше еселеп төлеуге мәжбүр боласыз.
Онлайн несие алу кезінде ескеруге тиіс тағы бір маңызды мәселе – кейбір қаржы ұйымдарының сіздің жеке мәліметтеріңіздің құпия сақталуына кепілдік бермейтіні. Мұндай шағын ұйымдар хакерлік шабуылдардан толық қорғалмағандықтан, қарыз алушының жеке мәліметтері (жеке куәліктің нөмірі, ЖСН, банк карточкасының деректері және т.б.) алаяқтардың қолына түсуі мүмкін.

– Айгерім Зұлқайнарқызы, микроқаржы ұйымдарының қарыз алушыға қоятын талаптары жөнінде айта кетсеңіз.
– Адамдарды өздеріне көбірек тарту мақсатында олар талапты өте-мөте жеңілдеткен. Тек 18 жастан 75 жасқа дейінгі Қазақстан тұрғыны болу, кез келген банкте шот пен байланыс телефонының болуы жеткілікті. Қарыз алушының несие тарихы оларды қызықтырмайды, сондықтан басқа банкте несиесін жаба алмай жүргендер өз қарыздарын көбейте береді. Несие алу шарттарында жиі шағын шрифтпен жазылған бір маңызды ақпарат бар: «Жылдам несиелер үшін жылдық пайыздық мөлшерлеме 0,03%-дан 730%-ға дейін болуы мүмкін». Сонымен қатар, несие сомасы көрсетілген мерзімде төленбесе, кредитор әрбір өткен күн үшін айыппұл талап ете алады. Осы мәліметтерді ескеріп, алған 100 мың теңгелік қарызыңызды қарапайым көбейту әдісімен есептей беруге болады.
Сенатор Андрей Лукин микроқаржы ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелерді көтеріп, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне депутаттық сауал жолдағаны бар. Ол қаржылық сауаты төмен азаматтарды оңай алдап, шығынға ұшыратып жүрген ұйымдарға мемлекеттік бақылаудың жоқтығын атап өтті. Сенатордың айтуынша, кейбір қаржы ұйымдарының әрекеттерінен шамамен 17 мың азамат зардап шегіп, келтірілген шығын көлемі 21 миллиард теңгеден асқан.

– Елімізде онлайн займ берушілер туралы нақты мәліметтер немесе бірыңғай ақпараттық база бар ма, олардың тіркелуі қалай?

– Өкінішке орай займ берушілер туралы арнайы база жоқ. Әсіресе интернетте кең таралған мұндай ұйымдар өз қызметі туралы мемлекеттік органдарға есеп бермейді. Займ берушілер комиссия мөлшерін өз қалауынша өзгерте алады. Микроқаржы ұйымдарының қызметін ешбір құзырлы орган бақыламайтындықтан, оларды реттеу немесе қандай да бір шара қолдану мүмкін емес. Бақылаусыз қалған «қаржы қақпанынан» зардап шеккендер амалсыздан «қарызымды кешірсе» деп сотқа жүгінуге мәжбүр.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елімізде ресми тіркеліп, заңды түрде жұмыс істеп жатқан тек оншақты ғана микроқаржы ұйымы бар. ІІМ Кибер қылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаевтың айтуынша, «көшенің кез келген бұрышы мен интернетті жаулап алған онлайн займдардың барлығын есепке алу мүмкін емес».

– Айгерім Зұлқайнарқызы, онлайн займ рәсімдегенде нені ескеру керек? –Ең алдымен, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру қажет. Қарапайым адамдар несие алу мәдениетін білмейді, бұл мәселеге жеңіл қарайды. Осы себепті елімізде өсімпұлды алып тастау және негізгі соманы өндіруге қатысты сот істері көп. Онлайн несие алу жолы тез әрі ыңғайлы болғанымен, олардың жылдық пайыздық мөлшерлемесі өте жоғары. Мысалы, 25 мың теңге алып, оны уақытында төлемесеңіз, жылдың соңына қарай бұл сома 700-800 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін. Бұған қоса, мерзімі өткен сайын үстеме ақы қосылады. Мұндай ұйымдар қарыз алушылардың төлем қабілетін тексермейді және несиені уақтылы төлемеген жағдайда не болатынын түсіндірмейді. Ұлттық банкке және қаржы нарығын реттейтін органдарға бағынбайтын онлайн займ беретін ұйымдардың зардабын тартқандардың санының артып келе жатқаны көңілге кірбің салады.
Интернет алаяқтар микроқаржы ұйымдарының сайттары арқылы бөтен адамға онлайн займ алу тәсілдерін жақсы меңгерген. Жәбірленушілер өз атына несие рәсімделгенін 2-3 ай өткен соң ғана банктен, жеке қаржы ұйымынан немесе коллекторлардан хабарласқанда бір-ақ біліп жатады. Бұған көбінесе адамдардың өздері кінәлі. Көпшілік жеке құжаттарына салғырт қарап, интернет дүкендер арқылы сауда жасағанда дербес деректерін оңай жариялап, кім көрінгенге мәліметтерін бере салады. Қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың соңы осындай қиындықтарға әкеледі. Сондықтан жеке мәліметтеріңізге мұқият болыңыздар.
Осылайша, онлайн несие алу оңай болғанымен, оның салдары ауыр болатынын ескерген жөн.
– Әңгімеңізге рахмет.
– Сұхбаттасқан Айгүл ДАЛАТАН.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

07.06.2025
ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

06.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА АКЦИЯ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ»

06.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған