• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 8 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 92,2 ПАЙЫЗЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТЫЛҒАН

31.07.2024
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 92,2 ПАЙЫЗЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Бұл туралы брифингте Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

07.04.2026
Алгоритм действий  при обнаружении «закладок» наркотиков  или лиц, осуществляющих их сбыт

Алгоритм действий при обнаружении «закладок» наркотиков или лиц, осуществляющих их сбыт

06.04.2026

«Түркістан облысы аумағындағы 829 ауылдық елді мекеннің 690-ында 4G және 3G мобильді интернет желісі бар. Қалған 139 елді мекеннің 100-і 2G мобильді байланыс желісімен қамтылған. Ал 39 елді мекенде ұялы байланыс мүлдем жоқ. Қазіргі уақытта орталық атқарушы органдармен «Қолжетімді ғаламтор» ұлттық жобасы аясында елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамту жүргізілуде. Сондай-ақ, облыс аумағына тиесілі 650 шақырым республикалық және негізгі облыстық жолдарды толығымен мобильді интернет желісімен қамту мақсатында қосымша 14 базалық станция орнату үшін «Кселл» АҚ-мен келісім-шарт жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, өңірдегі Түркістан қаласы әкімдігі, «Конгресс Холл» сарайы, «Түркістан Арена» стадионы, автовокзал, «Фараб» кітапханасы, «Батыр» жастар сарайы, Керуен сарай, Түркістан қаласының әуежайы және «Rixos» қонақ үйі сияқты маңызды туристік нысандарында 5G мобильді интернеті іске қосылған. Сонымен қатар, Түркістан облысына қарасты 911 мемлекеттік мектептің барлығы интернет желісімен қамтылған»,- деді Марат Айнабеков.

Спикердің сөзінше, облыста қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз ету мақсатында 912 жалпы бейнебақылау камералары бар. Одан бөлек, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 179 нүктеде аппараттық-бағдарламалық кешендер іске қосылған. Биыл қосымша 50 аппараттық-бағдарламалық кешен («Сергек», «Мерген») мен 200 бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, басқарма тарапынан «2GIS» компаниясымен Түркістан қаласының автопаркінің барлық автобустарына GPS трекер орнату бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ДАНЬ ГЕРОИЗМУ: 7 АПРЕЛЯ ОТМЕЧЕН ДЕНЬ МУЖЕСТВА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

07.04.2026
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

07.04.2026
Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған