• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 5 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Тәуелсіз сот – ел тірегі

25.07.2024
in Құқық-заң
Тәуелсіз сот – ел тірегі

2000 жылғы 25 желтоқсанда қабыл­данған «Қазақстан Республикасының соттары мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заң сот жүйесін қалыптастыру мен жетілдірудің өте маңызды тұғыры болды.

Оқи отырыңыз...

Әкімшілік істер бойынша процестік мәжбүрлеу шаралары

30.06.2025
ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

26.06.2025
Кассациялық соттардың ерекшеліктері – цифрландыру және инновация

Кассациялық соттар туралы

25.06.2025

Атап айт­қанда, соттар мен судьялардың мәртебесі конституциялық заңдармен белгіленді, соттар бір жүйеге біріктіріліп, сот құрылысы мен сот ісін жүргізудің оң­тайлы және тиімді негізі қаланды.

Судья­лардың әлеуметтік жағдайы қарастырылып, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілді. Конституциялық заң сот құзыретінің шегін айқындап, судьялар сот төрелігін жүзеге асырған кезде тек заңға ғана емес, әділеттілік, моральдық, құқықтық және саяси ұғымға сүйенетін болды.

«Азаматтарымыздың құқығы бұзылмайды» деген тақырыппен Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында, Реформалардың мәні адамдарды өзгерту емес, Реформалар ең алдымен, жүйені өзгерту немесе жүйенің кемшіліктерін түзетіп, оның қызметіне түбегейлі өзгерістер енгізу деген сөз,- деп нақты айтқан болатын.

Осы жерде айтар болсақ, сот жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер халықтың сотқа қолы жетуін қамтамасыз етіп қана қоймай, кез келген тұлғалардың өз құқықтарын сот арқылы жүзеге асыруына жол ашты, яғни азаматтардың сот билігіне сенімін күшейтті.

Заман ағымына қарай еліміздің сот саласы ақпараттық технологиялардың көмегімен жұмыс жасауға көшті. Осы орайда күнделікті жаңартылып отыратын соттардың ресми сайттары, халыққа қолжетімді «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестелері», «Сотқа шақыру қағазы», «SMS-хабарлама», «Дыбыс-бейнеге жазу» жүйелері халыққа электронды қызметті тиімді көрсетіп отыр. «Сот кабинеті» сервисі арқылы сот құжаттарын және істерді іздеуге, мемлекеттік бажды онлайн түрде төлеуге, істі қарау барысын қадағалауға, «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін ішінара алуға, «Талдау» форумына (сот практикасын қорыту) ауысуға болады.

Одан бөлек, соттардың ашықтығының бірден-бір дәлелі танылатын сот отырыстарын аудио-бейне жазба құралдарымен түсіріп алу жүйесі қызмет көрсетуде.

Соттарда заманауи технологиялар дамудың қарқынды шегіне жетті десек болады. «Төрелік», «Сот кабинеті» секілді электрондық ақпараттық сервистерінде халыққа қызмет көрсету тетіктері ұлғайды. Сонымен бірге, соттарда халыққа ақпараттық кеңес беру мақсатында WhatsApp нөмерлері мен Телеграмм-бот каналдары іске қосылды.

Айта кету керек, «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы аясында сот жүйесіне ауқымды істер жалғасын тапты. Бітістіруші – судья, «Түнгі сот», «Отбасылық сот», соттардағы фронт-офистер, «Отбасылық кеңес» беру сияқты жобалар халыққа тиімділігін дәлелдеді.

Тәуелсіз сот – ел тірегі дей келе, соттардағы реформалар мен жаңашылдықтар соттар үшін емес, ең әуелі азаматтар үшін жүргізіліп жатқанын ескерген жөн деп санаймын.

Сот жүйесінің басты мақсаты – халықтың сотқа деген сенімін арттыру. Сондықтан сот жүйесін одан әрі жетілдірудегі басым бағыттардың бірі-соттың ашықтығы, жариялылығы, сол арқылы халық пен сот арасында екіжақты байла­нысты қалыптастыру болып табылатыны анық деп айтсақ артық болмас еді.

Даулет ҚҰЛЖАНОВ,

Шымкент қаласының

мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің

бас маман сот отырысының хатшысы.

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

05.07.2025
Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

04.07.2025
ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ  ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

04.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған