• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 8 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»  

19.07.2024
in Басты ақпарат

Зейнетақы жинағымның сомасын қалай тексерсем болады?

Оқи отырыңыз...

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

08.04.2026
В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

08.04.2026
Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026

Жинақ сомасын БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетіңізден тексеруге болады. Егер Сіз БЖЗҚ-дағы Жеке кабинетке ешқашан кірмеген болсаңыз, онда БЖЗҚ сайты арқылы ЭЦҚ кілтінің көмегімен авторланып, Жеке кабинетіңіз үшін өзіңізге сәйкес келетін құпиясөз орнатуға кеңес береміз. Ол арқылы болашақта ұялы қосымшаға оңай және жедел кіріп, жарналардың жүйелілігі мен толықтығын, инвестициялық кірістің есептелуін және жинағыңыздың жалпы сомасын қадағалап отыруға болады. Өз шотыңыздан үзінді көшірмені egov.kz электрондық үкімет порталындағы Жеке кабинетте, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде тексеруге болады.

 

  1. Зейнетақы жинақтары сомасының өзгеру себебі неде?

 

Қорға түскен зейнетақы жарналары жеке зейнетақы шоттарында сақталып қана қоймай, сонымен қатар инвестицияланып, салымшыларға табыс әкеледі. Зейнетақы жинақтарын экономиканың түрлі салаларындағы, әртүрлі валюталардағы сан-алуан қаржы құралдарына инвестициялауды Ұлттық Банк және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Алайда, қаржы нарықтарындағы жағдай экономикалық, саяси және басқа факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін. Олар бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау, сыртқы басқарудағы активтер түріндегі кірістерге және т. б. әсер етеді. Сондықтан жекелеген кезеңдерде инвестициялық кіріс оң да, теріс те болуы әбден мүмкін, ал бұл зейнетақы жинақтарының жалпы сомасына әсер етеді. Бұл ретте, кейбір құралдар бойынша кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтары — бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдау қажет.

Бірақ қаржы нарықтарының тұрақсыздығы ұзақ мерзімді болып, төлем құқығын алған кезде нақты кірістілік инфляциядан төмен болса да, мемлекет алушыларға инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген қаражат мөлшерінде ҚР Ұлттық Банкінің басқаруымен міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) сақталуына кепілдік береді. Басқарушы компаниялар жарналардың сақталуына меншікті капиталы есебінен жауап береді және нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа өлшенген кірістілігі негізінде есептелетін табыстылықтың ең төменгі деңгейін қамтамасыз етуге кепілдік береді.

 

  1. ҚР азаматтары басқа елге тұрақты тұруға көшкен жағдайда, олардың зейнетақы жинақтары қайтарыла ма?

БЖЗҚ-да міндетті, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МЗЖ, МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан аумағынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан заңнамасына сай қажетті құжаттарды өткізген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын пайдалана алады.

Құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен жүгінген шетелдікте немесе азаматтығы жоқ адамда Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарының не шетелдіктің Қазақстанда тұруға ықтиярхатының не уәкілетті қазақстандық орган берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуы және олардың жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады.

Егер бұл құжаттар (өтініш білдірген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсатының күшін жоюына не Қазақстан азаматтығынан айырылуына/шығуына байланысты) жарамсыз болса, БЖЗҚ зейнетақы төлемін жүзеге асырады.

БЖЗҚ-ға құжаттарды тапсырудың 3 тәсілі бар:

  1. Сіз БЖЗҚ кеңсесіне шетелдік паспортпен және банктік шот туралы мәліметтермен жеке жүгіне аласыз.
  2. Тұрақты тұруға кететін өкіл (сенім білдірілген тұлға) БЖЗҚ кеңсесіне құжаттар топтамасымен жеке өзі жүгіне алады.
  3. Қажетті құжаттарды БЖЗҚ облыстық (өңірлік) филиалдарының бірінің пошталық мекенжайына жіберуге болады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін жіберілетін құжаттарды Қордың «Төлемдерге құжаттарды алдын ала тексеру» электрондық қызметін пайдалана отырып алдын ала тексеруге болады.

Зейнетақы жинақтарын төлеу тек алушының банктік шотына, оның ішінде зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болған жағдайда ғана жүзеге асырылатындығына назар аударамыз. Зейнетақы жинақтарын заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршысының), сондай-ақ сенім білдірілген тұлғаның банктегі шотына төлеуге жол берілмейді. Осылайша, басқа елде тұрақты тұруға өтініш берген адам өзінің зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына немесе басқа адамдарға бере алмайды.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысының 14-тармағы, 2-параграфы, 2-тарауы), Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-ға белгіленген құжаттар қабылданған немесе түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бір рет біржола жүзеге асырылады.

Мәлімет үшін хабарлаймыз, БЖЗҚ сайтында құжаттарды БЖЗҚ-ға беру тәсіліне қарай қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған.

 

  1. Ең төменгі жеткіліктілік шегі қалай есептелетінін түсіндіріңізші? Ағымдағы жылы олардың мөлшері қандай?

Ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеу ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 521 қаулысымен бекітілген айқындау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

Осы Әдістемеге сәйкес ЕТЖ есептеу кезінде ең төменгі жалақы мөлшері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері, зейнетақының ең төменгі мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер, сондай — ақ бірқатар өзге көрсеткіштер-зейнетақы активтері кірістілігінің жылдық пайыздық мөлшерлемесі, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі, міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі, зейнетақы жарналарын жүзеге асыру жасы және басқалар ескеріледі. Бұл ретте Әдістемеде пайдаланылатын көрсеткіштер шектердің мөлшеріне әртүрлі әсер етеді. Ал кешенді түрде салымшының әр кездегі жасында талап етілетін зейнетақы жинақтарының қажетті сомасын есептеуге мүмкіндік береді.

Осылайша, бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді және зейнетақы жинақтарының жылдық кірістілік мөлшерлемесі бойынша болжамды деректерді ескере отырып жүргізілген есептеулер нәтижесінде 2024 жылға арналған ЕТЖ шегі 2023 жылғы деңгейде сақталды. Әр жасқа арналған ЕТЖ шегі туралы ақпарат enpf.kz сайтында орналастырылған.

 

  1. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша қате есептелген қаражатты қалай қайтаруға болады?

Қате есептелген соманы қайтару үшін салық агенті (жұмыс беруші) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын қайтару туралы өтініш беруі керек. Осы өтінішке салымшының (алушының) қате есептелген сомаларды оның жеке зейнетақы шотынан есептен шығаруға келіскені туралы нотариалды куәландырылған өтініші де қоса беріледі.

 

  

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

08.04.2026
В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

08.04.2026
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ДАНЬ ГЕРОИЗМУ: 7 АПРЕЛЯ ОТМЕЧЕН ДЕНЬ МУЖЕСТВА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

07.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған